МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

Білім әлеуметтік институт ретінде 

Адам қоғамы, әсіресе, қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді. Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштеп қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуына зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және белсенділігін әлқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 29 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100% (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан да төмен. Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.

Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз. Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.

Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды. (бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация), технологияны жаңарту, т.б.); Ал, жапондықтар капиталды «адамға жұмсау» жолын таңдады.(Бұл адм тұлғасының шығармашылық және кәсіби қабілетін дамытып жетілдіру ) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығын көрсетті. Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.

Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы –ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобыгың өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым — әрбір қоғамның мақтынышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.

Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.

Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа, апатқа, жиі ұшырап отырғанын тарихтан білеміз. 1971-ші жылы Қазан революциясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар, инженерлер, әдебиетшілер, т.б. өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік реприссияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындалықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін, әдісін, тәсілін (стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымынқажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажеттіалғышарты және өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.

Сондықтан жаңа 21 ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болуы керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған. Үздіксіз білім алуды мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен өлшеу деп жансақ түсінуге болмайды. Әрбір мектептің алдындағы міндет-ол әрбір адамды әр түрлі зұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігімен білім алуға үйрету.

Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқартын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның асты міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру.

Қоғаның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл –ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т.с.с. жүргізілді.) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу, білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес, Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын ала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелетін еңбек іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамдағы оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік және субъективтік себептері бар. Объективтік басты себептерге оқу, білм жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына –оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көнректі құралдарды жасап, компьютерлердің кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту, т.с.с.

Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол-өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылыап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы- білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектульды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зерттейді.
Тағы рефераттар