Өзінің қатысу үлесін есепеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын ШЖС «Бірлескен қызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылық есепте көрсету» деп аталатын БЕС басшылыққа ала отырып ұйымдық құқықтық нысанына тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.

Бірлескен қызмет жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.

Бірлескен қызмет бойынша қатысушылар өзініңқаржылық есеп беруінде және консолидалынған есеп беруінде танылуы тиіс:

—         Бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және міндеттемелерін  өз жауапкершіліктеріне алады;

—         Бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтер әрқайсысының үлесі бойынша анықталады;

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналаған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.

Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылық есеп бергенде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:

—         Үлестік қатысушымен байланысты міндететменің жалпы сомасы және осы қызметке  қатысы жоқ міндеттемелер;

—         Бірлескен қызметінің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттма беру және олардың тізімін келтіру керек;

—         Үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың жиынтық  сомасы.
Тағы рефераттар