Сатып алу, сату мен айырбасты жүзеге асыратын мелекеттік, кооперативтік, делдалдық (брокерлік) фирмалар, банктер, шетелдік, біріккен және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті деңгейдегі кез келген заңды тұлғалар биржа мүшелері бола алады. Биржадағы мүшелік биржа залында саудалауға құқық береді. Биржа мүшелері комитеттер жұмыстарына қатыса алады және әртүрлі биржалық сайлаулар мен жиналыстарда дауыстарын бере алады.

Осындай комитеттердің әр алуан түрлері бар. Дайындау мен оқу комитеттерінен бастап сауданы реттеу мен сауда залының комитеттеріне дейін. Осыдан басқа биржа мүшелері әрқырлы биржалық ақпарат алып, кітапханалық және ақпараттық орталықты қолдана алады, оқу және қайта дайындау программаларын өтеді. Егер, кез келген ұйымға квалификацияланған қүрылтайшылардын көбісі және биржа мушелігене ие ұйымдар мен кәсіпорындардың үлкен бөлігі дауыс берсе, онда сол ұйым биржа мүшесі бола алады. Сайлау биржа мүшелігене ие ұйымның қаражатының жағдайының деңгейіне байланысты өткізіледі. Биржа мүшелері алғашқы салым өткізуге тиіс, және егер олар биржа мүшелігінен шығатын болса бұл салым оларға қайтарылады. Биржа мүшелігіне жаңа мүше қабылдау құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің ортақ жиналысында жүзеге асды. Биржа мүшелері әр жыл сайын мүшелік салым төлейді, бірақ олар биржалық саудалауға қатысушы ұйымдар мен мекемелер төлейтін ортақ салымдардан босатылады. Биржа мүшелерінің құқықтары:

1. Уставта белгіленген тәртіпке байланысты, биржа басқаруына қатысу.

2. Саудалудың ұйымдастырылуын жақсарту үшін жаңа ұсыныстарды биржаны басқаратын мүшелерге ұсыну.

3. Шешуші дауыс құқығын қолданып, ортақ жиналыстарға қатысу.

4. Ақпарат және басқа биржалық қызметтерді қолдану. Биржаның шаруашылық іс-эрекетіне байланысты, биржа мүшелері өз салымдарының көлеміне қарай мүліктік жауапкершілікке ие. Биржа мүшелері өз жұмыстарын жеңілдету үшін жұмсшыларды жалдауға құқықтары бар. Бұл жұмысшыларға клерктер мен хатшылар түрінде саудаласу залына еркін кіріп, шығуға рұқсат етіледі. Биржа басқарушылары арнайы органдарды құрады. Олар — белгілі бір биржалық өмірдің сферасына байланысты құрылатын, басқарушылар кеңесі мен эртүрлі комитеттер. Биржа бөлімшелеріне төмендегілер кіреді:

• Ревизиялық комиссия — биржаның қаржылық іс-әректінің ревизиясын, құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің ортақ жиналысында айтылатын отчетты дайындау және ұйымдар мен тұлғаларға консультация беру міндеттерін іске асырады.

• Арбитраждық комиссия — келісім боынша серіктестер арасындағы контрактілерді жасау, келісімдердің жасалуының дұрыстығын қадағалау, келісімдерге отыру және жасау процесінде, биржа мүшелерінің арасында және киенттердің арасында пайда болатын даулы сұрақтарды тыңдап, тергеу жасап, шешеді.

• Котировкалық комиссия — басты міндеті биржалық котировкаларды шығарып дайындау мен бағаның айналымын анализдеуге арналған басты орган.

  • Сауда этика комиссиясы — биржада саудалаудың ережелерінің орындалуын бақылайтын орган.
  • Биржа мүшелерін қабылдау комиссиясы – биржаға қабылданатын жаңа мүшелердің өтініштерін және мүшелікке ие ұйымның қаржылық жағдайын анализдейді, қарайды.
  • Биржалық тауарлар бөлімі — биржадағы тауарлар жайылы консультация береді.
  • Экономикалық анализдеу бөлімі — өнім нарығының конъюнктурасына бақылау жүргізеді.
  • Администрациялық-шаруашылық бөлім – бухгалтерияны жүргізу, кадрларды дайындау, қоймалық және таралық шаруашылық жайында мәселелерді шешеді.
  • Ақпараттық орталық.
  • Биржалық саудалауды жақсарту бөлімі.
  • Биржалық келісімдерге байланысты есептеулер бөлімі.
  • Биржалық мұражай.
  • Сауданы ұйымдастыру бөлімі.

Іскерлік операциялар жайындағы комиссия – биржа мүшелерінің жұмыстарының «тазалығын» бақылайды.
Тағы рефераттар