Бихевиоризм туралы қазақша реферат
Ғылым тарихы, XX ғасырдың басында, жоғарыда айтылған барлық себептер салдарынан өз объектісі ретінде сананы емес, адамның мінез-құлқын қарастыратын бағыттың пайда болғанын көрсетеді. Мінез-құлық психологиясы АҚШ ерекше дамыды. Л.И. Анцыферова былай деп жазды: дәл осы жерде «интроспективтік әдіске негізделген психология, капитализмнің қарқынды дамуы тудырған, мұндай дағдылық міндеттемелер алдында мүлдем жәрдемсіз болып қалды, адамның дағдылық әрекетін қажетті жаққа қарай өзгерту және қадағалаудың нақтылы мәселесін шешуге көмектесетін психология керек болды».
Осының негізінде психологиядағы бихевиоризм бағытына сай келетін, белгілі бір философиялық жүйе (прагматизм) жасалады.
Американдық психолог Дж.Уотсон (1873-1958) 1913 жылы психологияны, сана психологиясының ұғымдары орын алмайтын, мінез-құлық туралы ғылым түрінде көрсетті. Ол психологиядағы зерттеулердің тақырыбы мен әдісі бұған дейін жаңсақ түсінілді деп айтып, психология ілімінің тақырыбы ретінде ─ сананы емес, мінез-құлықты, ал субъективтік әдістің (интроспекцияның) орнына ─ объективтік әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Батыс психологтары мұны «бихевиористік революцияның» басталуы деп бағалады. Бихевиоризм ─ бұл прагматикалық бағыт және ол тез дамушы капиталистік экономикалық сұраныстарының салдарынан пайда болды. Бихевиористер мақсаты ─ психологияны «мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын » ғылым саласына айналдыру.
Дж.Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі ─ сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді. Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция» формуласымен анықтады. Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.
Дж.Уотсонның 1925 жылы шыққан «Бихевиоризм» кітабының мағынасы мынандай еді: сыртқы тітіркендіргіштерге әсер ете отырып, кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» болады. Адамның өзіндік және туа біткен сенімдері ғана емес, оның қатынастары мен көзқарастары да теріске шығарылды. Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы адамның ешқандай ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.
Алайда, 30-шы жылдары бихевиоризм идеялары шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық дағдарыс басталды, жұмыссыздық, қайыршылық пайда болды. Әлеуметтік ортаны және оған адамның қатынасын ескеру керек болды: оның сыртқы реакциясын ғана емес, оның мотивтерін, көңіл-күйін, көзқарастарын. Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс (1869-1962) былай деп жазды: «Біз көп жағдайда адамның аяқтарын, қолдарын және вокальдық мүшелерін ─ олардың тілектерін басқару арқылы ғана басқара аламыз». Ол мотивация туралы ілімді жасай отырып, бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция» схемасын ығыстырып, оған аралық бөлімді ─ ағза және оның бағыттарын енгізді. Осылайша «қатаң» бихевиоризм шайқалып, мінез-құлық психологиясын қайта құру басталды. Оны Эдвард Толмен және Кларк Халл басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деген атауға ие болды. Олар психологиядан дәстүрлі ұғымдарды ─ бейне, мотив және т.б. шығарып тастауға болмайды деп санап, олар реакция мен ынтаныңарасында болады деп болжады. Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл ұғым ретінде, тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында болатын, танымдық және себептік факторлар жиынтығы деп түсінілді. Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
Сонымен бихевиоризм психологияны ағзаның міне-құлқы туралы табиғи ғылымға айналдырғысы келді. Бірақ ағза оның схемаларынан ешқандай орын алмады. Бихевиоризм мен необихевиоризмнің барлық нұсқаларының басты қателігі ─ олардың әдістемелік негізі ─ «өмір лабиринтіндегі» адам мінез-құлқының детерминаторына теңестіретін, адамның механистикалық философиясы және позитивизм. Бұл екі әдістемелік көзқарастардың тұрақсыз болғанын осы нәтижелер көрсетіп отыр.
Тағы рефераттар
- Қазақстан территориясындағы хандықтар
- Қостанай облысының топонимикасы дипломдық жұмыс
- Айтыс туралы
- НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
- Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы курстық жұмыс