«Болашақ»  халықаралық стипендиясы табысты карьералық өсудің және оның бітірушілерінің кәсіби қалыптасуының  өзіндік кепілі.  Мұның дәлелі ретінде ретінде бағдарламаның көптеген бітірушілері мемлекеттік қызметтерде, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарады. Мемлекеттік және халықаралық жобалардың бірнеше түрімен жұмыс жасайды, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша сіз АҚШ, Англия,Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Қытай, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Жапония және т.б. елдерде білім ала аласыз.

Егер Сіз Қазақстанның азаматы болсаңыз, жасыңыз 18-35 жас аралығында болса, білім алу құжатыңыздағы орташа балыңыз 4,5 балдан төмен болмаса, сондай-ақ шетел тілін жақсы меңгерген болсаңыз, онда сіз Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуге мүмкіндігіңіз бар.  Ол үшін не істеу керек?

1. Үміткерлерді таңдау ережелерімен мұқият танысыңыз!

2. Барлық талаптарға сай болған жағдайда конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды дайындауды бастаңыз. Ол үшін келесі материалдарды басшылыққа алыңыз:

— басымдық берілген мамандықтардың тізімі;

— жақын мамандықтардың тізімі;

— оқу тілін меңгерудің минималды деңгейіне қойылатын талап;

— үміткерлер толтыратын қағаз және электронды формалар.

3. Конкурсқа қатысу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сіз ұсынған құжаттардың барлығы файлды папкаларға нөмірленген реті бойынша салынуы керек, беттер нөмірі құжаттар тізімдемесіне ендірілуі қажет (Қосымша А-1, А-2).

4. Жеке құжаттарыңызды Орталыққа өзіңіз әкелуге, сенімді адамдардан арқылы, сондай-ақ поштамен жібере аласыз.

5. Орталықтың қызметкерлері барлық құжаттардың толықтығын, сауалнаманың дұрыс толтырылғанын, құжаттар мен ақпараттардың талаптарға сай келуін, берілген ақпараттардың сенімділігін, электронды және құжаттардағы ақпараттың бірегейлігін тексереді.

6. Ереже талаптарына сай болған жағдайда, Сіздің құжаттарыңыз өндіріске қабылданатын болады.

7. ЖОО-да алған сіздің мамандығыңыз ҚР жоғарғы кәсіби білім алу мамандықтарының жіктемесінде жоқ болса, құжаттарыңызды сіздің мамандығыңызға жақын мамандықтар бойынша конкурсқа жіберуді  ҚР Білім және ғылым министрлігі дербес түрде шешеді.

8. Егер сіздің құжаттарыңыз бекітілген ережедегі   талаптарға сай келмесе, онда Сіздің конкурсқа қатысу құжаттарыңыз қабылданбайды. Құжаттарыңызды пошта арқылы жіберсеңіз, Сізге құжаттарыңыздың қабылданбағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Сіздің жеке іс-қағаздарыңыз Орталықтың мұрағатына беріледі, оны ол жерден қолхат көрсетіп алып кетуіңізге болады.

9. Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысушы үміткерлерге қойылатын барлық талаптарға сай болған жағдайда, Сіз конкурстың іріктеу бөліміне жіберілесіз.

Конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:

1 кезең – тілдік және пәндік емтихан; психологиялық тестілеу; тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мүшелерімен дербес әңгімелесу (1 тур үміткерлердің қатысуымен өтеді). Конкурстық іріктеу турынан өту жиналған құжаттардың мөлшері бойынша жүзеге асырылады.

2 кезең – шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық комиссияның отырысы.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы;

2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.edu-cip.kz – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайты;

2) www.uchi.kz — «Қазақстанның білім қоғамдастығы» сайты.

         Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «Болашая стипендиясы», «Болашақ бағдарламасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Тағы рефераттар