Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі туралы қазақша реферат

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп – жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

5410 шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)».

5420 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)».

Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.

Есеп берілетін жылдың соңында 5410 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:

– жыл ішінде алынған табыс сомасына

5610-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

Сонымен қоса, 5410 шоттың кредиті және 5410 шотының. дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және шоттың дебеті – өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық кұнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.

5410 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады:

5310-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5340-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрген зандарға сәйкес кұрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 3031-шы «Жәй акциялар бойынша есеп айырысулар», 3032-ші «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар», 3390 «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.

Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:

—         бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, – 5430 шот кредиттеледі;

—         бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, – 5410 шот кредиттеледі.

Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін -ші шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:

  • «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;
  • «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитіне жазылады.

Мысалы:

  • есеп беретін жылғы шарушылық субъектісінің шеккен қорытынды зиянының сомасына:

Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;

К-т: «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:

Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;

К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе

«Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

  • Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген сомасына:

Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты;

К-т: «Артықшылығы бар акциялар бойынша есер айырысу»;

«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс» және тағы да басқа шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

  • Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:

Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты;

К-т: «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші «кірістер» және сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебиттелініп, «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот дебиттелініп,

«Жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот кредиттелінеді.

Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:

«Жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп,

«Есепті жылдың болінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттелінеді.
Тағы рефераттар