Болжамның категориялары туралы қазақша реферат

Болжау негіздері.

Негізгі ұғымдар.

Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.

1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.

2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.

3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.

4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.

5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.

6) Болжаудың амалы (тәсілі) – болжам жасау процесінде нақты нәтиже алуға бағытталған бір немесе бірнеше матеметикалық, логикалық және басқа операциялар мысалы: а) Сарапшылардың баға беруінің орташа өлшенген мәнін есептеу: б) Сарапшының біліктілігін анықтау в) Қозғалыс ретін теңестіру және т.б.

7) Болжамдық үлгі – болжау объектісінің үлгісі оны зерттеу болашақта және оларды іске асыру мерзімдері мен жолдарында объектінің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кесте түріндегі болжамдық үлгі «болжау объектісінің кесте — үлгісі» немесе «кесте үлгі» деп аталады.

8) Болжамдық қабат, астар (фон) – болжам тапсырмасын шешу үшін маңызды болжау объетісіне қатысты сыртқы жағдайлар (факторлар) жиынтығы.

9) Болжау жүйесі – болжау әдістерінің және оларды жүзеге асыру жолдарының жүйесі, ол болжаудың негізгі принциптерімен сәйкес қызмет етуші.

10)Іске асыру құралдары – Сарапшы топтары, ұйымдастыру іс-шаралары техникалық құралдар және т.б. табылады. Болжау жүйелері автоматталған және автоматталмаған болуы және басқарудың түрлі деңгейлерде өңделуі мүмкін.

11)Болжау субъектілері – осы болжамды жасаушы ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.

12)Болжау кезеңі — өзінің міндеттері әдістері мен нәтижелерін сипаттайтын болжамдарды жасау процесінің бөлігі. Кезеңдерге бөлу, болжау субъектілерін жүйелі сипатының құрылу ерекшелігімен болжам фонының деректерін жинау, іздеу және нормативті үлгілерін құру, болжам верификациясымен байланысты. Болжауға қатысты операциялардың алдында болжамдық бағдар ерекше орын алады.

Болжау принциптері.

Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.

2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің, болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік – болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.

Болжамдардың түрлері және мақсаты.

Болжам түрлерін түрлі жіктеу белгілері бойынша топтастыру 1-ші кестеде берілген.                                                                  1-ші кесте.

Болжамдар түрлері.

Жіктеу белгісі Болжам түрі Түсіндірме (болжам мақсаты, оның мазмұны)
1 2 3 4
1 Болжамның мазмұны Іздеулік Болжамның мазмұны мынаны анықтау болып табылады:

-болашақта болжау объектілерінің жағдайлары.

Нормативті -мүмкін жағдайлардың жолдары мен мерзімдері (берілгеннің қабылдануы ретінде)
Кешенді Іздеулік және нормативті болжамдардың элементтерінен тұратын, болжам.
2 Бейнеленуші қасиеттердің сипаты Сандық Мыналарға негізделген болжам:

-Сандық көрсеткіштерге;

Сапалы -Сапалық көрсеткіштерге;
Жүйелі -болжау объектілерін жүйелі көрсету;
3 Нәтиже көрінісінің дискреттілігі Интервалды Нәтижесі мынадай түрде көрсетілген болжам:

-болжамды іске асыру үшін берілген берілген болжау объектілерінің сипатының сенімдік интервал түрінде.

Нүктелік Сенімдік интервал көрсетпей болжау объектісін сипаттаудың жалғыз мәні түрінде;
4 Бекіту кезеңі Оперативті(қауырт) Болжау объектілері үшін бекіту кезеңі бар, прогноз:

— 1 айға дейін.

Қысқа мерзімді — 1 айдан 1 жылға дейін.
Орта мерзімді — 1жылдан 5 жылға дейін.
Ұзақ мерзімді — 5 жылдан 15 жылға дейін.
Алыс, ұзақ мерзімді — 15 жылдан ары қарай.
5 Болжанушылардың сипатының саны Бір өлшемді Болжам мыналардан тұрады:

-болжау объектісінің бір сапалы немесе сандық сипаты.

Көп өлшемді -болжау объектісінің бірнеше сапалы немесе сандық сипаты.
6 Мемлекет ареалы, аймағы (мемлекеттердің) Локалды Мыналарға қатысты болжам:

-осы берілген мемлекеттің аймағының бөлігіне.

Аймақтық Осы мемлекеттің аймағына.
Аймақаралық — осы мемлекеттің бірнеше аймақтарына.
Жалпы мемлекеттік -жалпы мемлекетке
Мемлекетаралық Бірнеше мемлкеттерге
Ғаламдық Жалпы жерге және адамзатқа
7 Халық шаруашылығының құрылымы. Салалық Мыналарға қатысты болжам:

-қандайда бір салаға

Салааралық — бірнеше салаларға
Территориалды-өндірістік -территориалды- өндірістік құрылымдарға.

 

Болжамдардың өлшемдері.

Болжамдардың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады.

1) Болжамның сенімділігі – берілген сенімділік интервал үшін болжам жасау мүмкіндігін бағалау. 2) Болжам қателігінің қайнар көзі – болжам қателігінің болуына себепші, фактор. 3) Болжамның негізділігі, дәлелдігі — әдістер мен бастапқы ақпараттың объектке, мақсаттарға және болжам міндеттеріне сәйкес болу деңгейі. 4) Болжам қателігі – апостериорлы (латын тілінде а posteriory «кейінгі, жолын қуушы», a priory «алдыңғыға» қарағанда) болжамның объекттің шын жағдайынан немесе оны іске асыру жолдары мен мерзімдерінен ауытқу көлемі. 5) Болжамды негіздеу кезеңі – уақыт аралығы, оның негізінде ретроспекция құрылады. 6) Бекіту кезеңі – осы шақтан болашаққа  жасалатын болжамның уақыт аралығы.7) Болжамдық көкжиек – болжамды бекітудің максималды ықтимал кезеңі.8) Болжамның дәлдігі – Болжамның сенімдік интервалын оны іске асырудың берілген ықтималдылығы үшін бағалау.

Болжау кезеңдері.

Болжау процесі жалпы түрде 8 кезеңнен тұрады.

1)            Болжамның алдындағы бағдар – болжамға және оған кіретіндерге деген тапсырманы орындаудан алдыңғы, шаруалар жиынтығы: а) объектті анықтау; б) болжаудың мақсаттары мен міндеттері; в) негіздеу кезеңі және г) болжамды бекіту кезеңі. 2) Болжамға деген тапсырманы, яғни болжамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын және оны өңдеудің тәртібін белгілейтін құжатты жасау.3) Болжамдық ретроспекция – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фон) даму тарихын олардың жүйелі сипатын алу мақсатында зерттеу. 4) Болжамдық диагноз – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фонның) жүйелі сипатын олардың даму тенденцияларын білу, көрсету мақсатында зерттеу.5) Болжамдық проспекция – болжамды диагноз нәтижелері бойынша болжамды жасау. 6) Болжам верификациясы – болжамның сенімділігін және дәлдігін бағалау немесе оның негізділігін тексеру. 7) Болжамды түзету – болжамды, оның верификациясы және қосымша деректер негізінде нақтылау, айқындау. 8) Болжамдар синтезі – жүйелі болжамды жасау, өңдеу.
Тағы рефераттар