Бразилия шаруашылығының даму ерекшеліктері туралы қазақша реферат

     Отарлау    кезінде   аймақта    шаруашылықтың    екі   саласы    ғана    дамыды: асыл  металдар   өндіру   және   плантациялық    тропиктік  өсімдіктер  өсіру. Бұл    салалардың    барлық    өнімін   Испания   мен   Португалия    шығарып    отырды. Отардың    ішкі   экономикасында   табиғи   шаруашылық   басым   болды.

Аймақ  елдерінің   кейінгі   экономикалық   дамуы    шетел    капиталымен, алдымен      ағылшын,  сосын   американдықпен   тығыз   байланысты   болды. Шетел   монополияларының    ықпалымен    сыртқы    нарыққа  тәуелді   біржақты    экономика    қалыптасты. Шетел    компанияларына   ірі  мұнай    орындары , кеніштері  Мексика, Венесуэла, Боливия, Перу ,  Чилиде  қалыптасты. Вест– Индия    аралы   « американдық  қант  еліне »    айналды. Бразилия     мен   Колумбия   « кофе  елдеріне », Орталық   америка  елдері – « банан  елдеріне » , Аргентина, Уругвай, Бразилия   Пампасы, етті  – жүнді  орталыққа  айналды.

І д.ж.с   Еуропамен   экономикалық  байланысты  бұзды. Еуропа  капиталының  бірден   әлсіреуі ,  бір  жағынан   жергілікті    ақша   салымының  жандануына, кіші  және  орта  кәсіпорындарынң    пайда  болуына    әкелсе, екінші    жағынан    америка   капиталының  басымдылығына  әкелді.

1929- 1933  жылы    әлемдік  экономикалық  дағдарыс, кейіннен   2 д.ж.с   импорт   таураларының   жетімсіздігі  мен   жоспарсыз   индустриялардың   жылдам   дамуына   әкелді. 50  жылдардағы    терең   дағдарыстан   кейін  бір  жақты    аграрлы  шикізетты  маманданудан  , өнеркәсіпті  дамытудан  алшақтау    екендігін    көрсетті. Соның  төлемін    дұрыстау  үшін  көптеген  елдер   кеден  салығын  жоғарылатты. Әсіресе   тұтыну   тауарларына   және  импортты   жергілікті    өндіріспен   алмастыру  саясатын    жариялады. Сол  кезде    АҚШ– тың    және  басқа   елдердің   кәсіпорындары   осыған   дейін Латын    Америкасына  дайын   тауарларды    әкелуден   бас  тартып, оның  нарығын    « іштен »   басып   алуға     тырысты. Яғни   мұнда  өздерінң  кәсіпорындарының    филиалын     ашып,   тиімді   және    қарқында  дамып  келе   жатқан   салаларды  – электроника, радиоэлектроника, автомобиль, кеме  жасау, химия,  дәрі – дәрмек  жасау, резина ,  цемент , шыны  жасау  басып   алуға    тырысты.

Шетел   капиталының    енуіне  байланысты    жауап    ретінде  Латын    Америкасы   елдері   мемлекеттік  секторды   дамыта   бастады. Мұнай , металлургия, энергетикалық   кәсіпорындар   шетел   капиталының   қатаң  қарсылығына    қарамастан    жергілікті    патриоттық  ағымдар  мен   кәсіпкерлердің    арқасында   салынды. Латын    Америкасы   елдерінің    экономикалық    дамуы   біркелкі   жүрмеді. Оңтүстік  конус   елдерінде  құрылымдық  дағдарысқа   тап  болды.  Аргентина    өзінің   ғасырлық   көшбасшылығынан   айырылды, Бразилия    мен   Мексикаға  ауысты.  Мұнда  жаңа     технологияға     негізделген     шетел   капиталдарына    ықпалымен  соғыстан   кейінгі  жылдары    индустрия  тез   қарқын    ала  бастады.    90  жылдардың   басында    аймақтың    жалпы  ішкі   өнім   осы  екі  елдің  үлесі  1/3   және    1/5 болса,  Аргентинаның   үлесі     1/10– ден  cәл– ақ   жоғары   болды. Осы  үш   ел   дамушы  елдегі    ең    сыртқы   қарызы   бар  елдер. 1985  жылы   272  млрд. доллар  болса,    1995  жылы      574  млрд.  долларға  жетті.

Даму    мақсатында   барлық   Латын    Америкасы   өзінің  күшін  біріктіріп   әлемде  бірінші  рет    экономикалық   интеграцияға  ден   қойды. Қазір   бұл   үрдіс  бағынышты   аумақтарда   да   жүріп  жатыр. 1960 жылы  Латын    Америкасы     еркін    сауда   ассоциациясы   ( ЛАТС)   (  1980 жылы  Латын    Америкасы    интеграция    ассоциациясы  ( ЛАИ )  болып    қайта  құрылды  )   және   Орталық   Американың    ортақ  нарық   ( ИАОР )  ( бес   мемлекет   мүше).   1968   жылы     еркін    сауда   ассоциациясы, кейіннен   Кариб   ортақ    нарығы    бассейнінің    12   мемлекеті   мен  тәуелді  жерлерін  біріктіреді.

1969  жылы   ЛАТС    аясында  Анд    және   Латын    Америкасы  – Ла   – Плата   топтары    1978  жылы    Амазонка    бассейнінде   орналасқан  сегіз ел  Амазония    тобын   құрды.   1986  жылы    Ла – Плата   тобының  орнына   Бразилия    мен    Аргентинаның    арасындағы    интеграцияға  келісім  жасалды. Бұдан   кейін  Уругвай    мен    Парагвай    қосылып, қазіргі   ең    үлкен   және    белсенді    топ     Меркосур   құрылды. 1996    жылдың   қазан   айынан    Меркосурға    Чили   қосылды.

Интеграция    саласындағы   соңғы    ірі    оқиға    1995   жылы  қаңтарда   Солтүстік    Американың    еркін    сауда     ассоциациясы    (НАФТА)   құрылуы. АҚШ    өз  нарығына   Канада  мен   Мексиканы  қосып  қойды. Жаңа    ассоциацияның    шекарасы    солтүстікке    қарай  жылжып  Колумбия  мен   Венесуэла   және  КАРИКОМ   тобының   барлық  елдерін   қосу  жоспарлануда.

Латын    Америкасы   елдерінің    шаруашылық  ерекшеліктері:

1. Шаруашылықтың    әртүрлілігі. Көптеген   елдерде  латифундиялар  мен капитализмге     дейінгі    шаруашылықтың    түрлері   әлі  де  басым.  Дегенмен, кейбір   елдерде    кооперативтер   мен  мемлекеттік   шаруа   қожалықтары    құрылған.

2. Шаруашылықтың    мамандану  аясы  тар. Жерге    және  басқа   да  ресурстарға   монополияның    отарлау    кезінен   бергі   жоғары  кластың  қолында   болуы    ішкі  нарық   аясының  тар   және   өнеркәсіптің   әлсіз   дамуы   шаруашылықтың  дамыған   елдердің   нарығына  байланысты   болуына  себепші. Тек  өңдеуші    өнеркәсіптің    соңғы    жылдардағы    дамуы  сәл    көңілге    демеу  болды. Осыдан  экспорт  салалары   мен   ішкі   нарық  бағытындағы   салалардың    арасында   үлкен  айырмашылық  бар.

3. Шетел   капиталына   тәуелділігі . Латын    Америкасының  үлесіне  дамыған   елдердің  дамушы  елдердегі     инвестициясының    жартысына  жуығы  тиеді, соның  ішінде   2/3 – өңдеу  өнеркәсібіне. АҚШ   капиталының  басым   алайда   оны   Жапония    табандылықпен      басып  озуда.

4. Экономикалық   мемлекеттік   сектордың   дамуы. Оның   рөлі   мен  сипаты   әр  елде    әртүрлі   және  ішкі  саяси   күштердің    ара  қатынасына  тәуелді. Көптеген    елдерде    мемлекет   инфрақұрылымды    басқарып  отырады, кей   елдерде    ірі      мемлекеттік    мұнай , металлургия , химия   кәсіпорындары  бар.

.

Тағы рефераттар