Бұйымның номенклатурасы туралы қазақша реферат

Керамикалық тастар сыртқы және ішкі қабырғаларды қалау үшін және қабырғалық панельдер мен блоктар дайындау үшін қолданылады. Керамикалық тастарда тік немесе көлденең кеуектер – кеңістіктер бар. Құрылыста қолданылып жүрген керамикалқ тастарда көбіне тік кеңістіктер кездеседі, бірақ қабырғаны осындай тастардан тұрғызу кезінде ерітіндінің шығыны ұлғаяды. Тік қуыстары бар тастардың мынадай маркалары өндіріледі: 150, 120, 100, 75. Олардың тығыздығы 1,4 г/см3 көп емес, ал су жұтуы 6,5%-дан аз емес.

Керамикалық тастан қаланған қабырға қалыңдығы , кәдімгі кірпіштерден салынған қабырға қалыңдығымен салыстырғанда 20-25% көп. Керамикалық тастан қаланған қабырғаның 1 м3 массасы кәдімгі кірпіштен салынған қабырғаның массасынан шамамен 2 есе аз.

Құрылыста бәрінен көп қолданылатын жеті және он қуысты тастар. Сондай-ақ қаптағыш профильді қабырғалық тастардың басқа да түрлері қолданылады. Тиімді қабырғалық тастарға қажет балшық құрамына диатомит пен трепел сияқты қоспалары бар топырақтар енеді. Тиімді кірпіштің жетістігі сол, оны қолдану кезінде қабырға қалңыдығын 40%-ға кемітуге болады, соның нәтижесінде шикізат пен көлікке жұмсалатын қаражат шығыны үнемделеді. Ең басты жетістігі ғимарат массасының азаюы салдарынан оның зілзала әсеріне шыдамдылығы артады.

Шет елдерде қолданылатын қабырғалық керамикалық материалдар өлшемдерімен, пішінімен және қасиеттерімен ерекшеленеді. Оларда маркасы М125-тен – М600 дейін шектегі тастар өндіріледі. Мысалы, Германияда қарапайым қабырғалық және тиімді керамикалық тастардың өлшемдері бойынша 14 түрі болады. Олар (240×115×52 – 490×300×238 мм), маркалары М140-тан М280 дейін кездеседі. Ішкі қабырғаларды қалауда кеуекті тастар, кірпіштер және өлшемдері 330×170×40 – 945×320×115 мм плиталар қолданылады.

Керамикалық тастар шет елдерде бұрынан кеңінен пайдаланылады. Өз елімізде керамикалық тастарды өндіру соңғы кездері жақсы дамуда және кеңінен қолданылады. Керамикалық тастар – бұл тығыздығы 790 кг/м3 және габариттік өлшемдері 51×29×22 см болатын керамикадан жасалған қуысденелі кірпіш. Керамикалық тастардың көлемінің жартысын қуыстар құрағандықтан, жылуөткізгіштігі төмен болады да, ал жылуға қарсылығы жоғары болады. Керамикалық тастарда қуыстылығының көлемі 13% болады. Қуыстың формасы мен өлшемдері әр түрлі болады. Көбінесе қуыстары вертикальді түрде орналасады. Керамикалық тастардың өлшемдері әр түрлі болады. Олар дара қабырғалық бұйымдар 250×120×138 мм және мықты қатты тасты бұйымдар 510×260×219 мм болады. Керамикалық тастар қуыстарына байланысты вертикальді және горизонтальді орналасқан қуысты керамикалық тастар болып бөлінеді. Тастар тегіс және рифленді бетті, қуысты немесе жабық болуы мүмкін. Керамикалық тастарда вертикальді орналасқан қуыстарының ені 12 мм-ден аспауы керек. Ал, тастарда горизонтальді орналасқан кладкадағы қуыстардың өлшемі нормаланбайды. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 15 мм-ден кем болмауы керек. Тастардың су сіңірімділігі 6%-дан кем болмауы тиіс. Керамикалық тастардың беріктігі және аязға төзімділігі бойынша маркасы кәдімгі керамикалық кірпіштердің маркасымен бірдей. Керамикалық тастардың беріктігі бойынша маркалары: М75-300. Аязға төзімділігі бойынша маркалары: Г15, Г25, Г35, Г50, Г75. Керамикалық тастарды бетон қалау үшін, подвал, цоколь және ғимараттың басқа да су өткізетін бөліктеріне қолдануға болмайды. Өйткені олар сумен әрекеттесуі мүмкін және керамикалық тастардың қуыстарында қалып қойған су қатып, ғимараттың бірден бұзылуына әкеліп соқтырады.

Кәдімгі керамикалық кірпіштің екі кемшілігі бар. Олар: 1) өте жоғарғы тығыздық; 2) габариттік өлшемдерінің кіші болуы. Жоғарғы тығыздықтан қабырғалар қалың болады және салмағы ауыр болады. Бұл проблеманың шешудің бірден-бір жолы ірікөлемді, қуысденелі керамикалық бұйымдарды қалыптау арқылы дайындау болып табылады. Қуыстардың болуы тек қана массаны азайтып қана қоймай, сонымен қатар тығыздығын да азайтады және кептіру, күйдіру процестерін жылдамдатады. Қуысденелі кірпіштерді, яғни керамикалық тастарды кептіру кезінде қуыстары арқылы тез кебеді және күйдіру процесі кезінде сыртқы және ішкі беттері бірқалыпты күйеді. Керамикалық тастардың қуыстылығы 45%-ды құрағанына қарамастан, толықденелі кірпіштер сияқты дефектілері аз болады да, беріктігі жоғары болады. Керамикалық тастардың осындай қасиеттеріне байланысты оларды «эффективті керамика» деп атап кеткен.
Тағы рефераттар