Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы туралы қазақша реферат
Меншік иелерінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржылық есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алу тиіс.
Колледж меншігіндегі мүліктері, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуде. Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министрлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін 22 маусым 2007 жылғы № 221 бұйрығымен бекітті.
Колледжде бухгалтерлік есебі мен есебінің жүйесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекелерге арналған, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы құқықтық номативтік актілері бойынша реттеліп, бекітіледі.Колледжде ұйымның басшысы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға жауап береді. Есеп жүргізудің ұйымдастыру жұмысын анықтау мен қаржылық есепті қалыптастыру бірінші басшының міндеті. Осыған орай ұйым басшысы есеп жұмысының көлеміне қарай төмендегі істерді атқарады;
- Бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше есебінде бухгалтерлік есеп қызметін құрады;
- Штат кестесінбе бас бухгалтердің лауазымын енгізеді;
- Оған келісім шарт негізінде, бухгалтерлік есеп пен қаржылық қортындыны есепті жүргізуді, болмаса оның аудиторлық мекемеге, немесе кәсіби бухгалтерге тапсырады;
- Бухгалтерлік жұмысты жеке өзі жүргізе алады.
Кәсіпорынның есеп саясаты.
- Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап құралған деп саналады және заңды тұлға құқығына ие болады
- Кәсіпорын атауы: «Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі»
- Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 0500350 Алматы қаласы, Әкезов ауданы, 10 ықшам ауданы, 7 «б» үй.
- Кәсіпорын құрылтайшылары: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы «Т.Рысқұлов Қазақ экономикалық университеті акцонерлік қоғамы болып табылады, қайта тіркеу туралы куәлігі №40951-1910-АҚ 19.01.2004 ж берілген, Мекен – жайы: Алматы ұ., Жандосов көшесі, 55үй, СТТН 6002000215112. ИКК 7146675882 АО «АТФБанк»
- Негізгі қызмет түрлері: білім беру.
Колледж келесі оқу жұмысының түрлері белгіленеді: сабақ, лекция, семенар, практикалық жұмыс, лаборатормялық жұмыс, курстық жұмыс және жобалау.
Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Экономикалық колледжі мекемесінде бухгалтерлік есеп мына нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
-ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заң
— Қаржылық есепті дайындауға және беруге негіз болатын концептуалды құжаттар.
— ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есепті құрауға және кәсіпорынға керекті бухгалтерлік үлгілі жоспарын дайындауға арналған нұсқаулар
— Халықаралық қаржылық есеп стандарттары (өзгертулері мен толықтыруларымен қоса)
— Қаржылық есеп стандарттарына сай методикалық ұсыныстар
— ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептің үлгілік жоспары
— ХҚЕС бойынша бухгалтерлік үлгілік жоспарды қолдануға арналған ұсыныстар
— Кәсіпорынның есеп саясаты
— Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті методикалық ұсынастар және басқа да нормативтік актілер.
( №124 қосымша)
Тағы рефераттар
- Логика алгебрасының функциялары
- Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
- Орта ғасырдағы Тараз қаласы, кейбір тарихи мәселелері
- Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
- Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты