1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732 « Бухгалтерлік есеп туралы » заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы күшіне енді, ал ол қазір 2004 жылдың 24 маусымынан бастап « Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы деп аталды. 2007 жылдың наурыз айынан бастап « Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы » жаңа заңы күшіне енді. ҚР Президентінің № 234-111 Жарлығымен 22.02.2007 жылы бекітілген. Заң Қазақстан территориясында тіркелген, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық барлық шаруашылық заңды субьектілер мен жеке тұлғалар үшін есеп пен есеп берудің біркелкі құқықтық әдістемелік негіздерін бекітеді. Бұл дегеніміз қызмет ету бағытынан (түрінен ) тәуелсіз әрбір субьект өзінің қызметін бастағаннан кейін мемлекет шегінде оның қызметін реттейтін сәйкес заңдарды, мемлекет алдындағы жауапкершілігі мен өздерінің арасындағы құқықтары мен заңды жаупкершіліктерін сақтауға міндетті. Осы заң бухгалтерлік есеп пен есеп берудің барлық сауалдары бойынша кәсіпорын басшылары, бухгалтерлері мен баска да лауазымды тұлғалары басшылыққа алуға міндетті нормаларды анықтайды.
« Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы 5 бөлімнен және 26 баптан тұрады.
1-бөлім.Жалпы ережелер. Бөлімде: заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттк реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есепшоттарының үлгі жоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.
2-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастырудың негізгі талаптары қарастырылған.
3-бөлім. Қаржылық есептілік. Бұл бөлімде қаржылық есеп берудің элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған. Қаржылық есеп беру мен құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезң туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері.
4-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу. Бұл бөлімде бухгалтерлік есеп беру жүйесін реттейтін мемлекеттік және мемлееттік емес уәкілетті органдары қаралған, кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау жағдайлары және ішкі бақылау талаптары қарастырылған.
5-бөлім. Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде « Бухгалтерлік есепке алу жәнеқаржылық есеп беру туралы » Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.
Тағы рефераттар
- БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КУРСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Оғыз мемлекеті
- Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері
- Қарахан мемлекеті