Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда,шаруашылық әрекерттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады.Ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне,барлық бөлімшелері мен қызметтерінің , кәсіпорын қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне,есеп ұсыну үшін барлық құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамасыз етуде жағдай жасауы керек.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жюалпы құқықтық және әдістемелік басқару бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелігі бойынша Департамент өкілетті болып саналатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қызмет атқаратын ҚР Үкіметімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бойынша бухгалтерлік есептің реформалануы жүргізілді.
Бірінші деңгей- Қазақстан Республикасы Заңдары:
- ҚР-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің біртекті құқықтық әдістемелік негіздерін бекітетін «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы »;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
Екінші деңгей – ҚР Қаржы министрлігінің өкілетті органымен ( 1998 жылға дейін бухгалтерлік есептің Ұлттық комиссиясы, ал қазір бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаменті) дайындалған және бекітілген ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары, ал 2006 жылдан бастап халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары.
Үшінші деңгей – бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, шоттардың үлгі, жұмыс жоспарын қолдану бойынша нұсқаулықтар, бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулықтар және т.б. Нормативті құжаттардың осы деңгейі ҚР Қаржы
министрлігімен дайындалып бекітіледі.
Төртінші деңгей: субьектінің есеп саясаты, осы субьектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары, белгілі бір обьектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субьектінің өзімен дайындалып бекітіледі.
Нормативті құжаттардың есеп жүйесінің төрт деңгейлі әдісі шартты және кему немесе арту жағына өзгертілуі мүмкін.
Тағы рефераттар
- Фосфордың алынуы мен қолданылуы
- Педагогикалық зерттеу жұмыс типтерінің ерекшеліктері
- Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- Банктік ресурстардың құрылуларының қайнар көздері курстық жұмыс
- Ынталандыру басқару функциясы ретінде