Зейнетақы қорларының әрі қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комисия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды.Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді. Ал өз кезінде кастодиан-банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықарлық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады. Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік берді.
Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражаттарын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструменттерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арсынан, қазіргі кездегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:
— әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру;
— мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру;
— өзіндік резервтік қорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру.
Қазіргі таңда нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау жөнінде және басқа да қыруар жұмастар атқарылып жатыр. Оларды қабылдаудың қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңынын жүзеге асыру үшін қажет. Мысалға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылдың 12 қарашасындағы №227 үкіміне сәйкес таяу айларда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізімі», «Қордың жетекші қызметкерлері үшін кваликациялық талаптар», «Қордан әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш түрі» және тағы басқа бірнеше нормативтік-құқықтық кесімдерді дайындап бекіту қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мемлекеттік сақтандыру қоры жүйесін автоматтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйені құрудың мақсаты әлеуметтік есептеулер мен төлемдер есебі процесін автоматтандыру болып табылады. Осы жүйе қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесіне кірігіп және Қазақстандық банкаралық есептер орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуін қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүргізу жөніндегі шаралар жоспары жасалды. Оның ішінде, негізінен, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының іс-қимылын халықпен, іскерлермен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен кездесу өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдыру көзделген. Егер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлға қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасындағы мүшелеріне беріледі.
Тағы рефераттар
- Отансүйгіштік және рухани – адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі балабақшадағы ашық сабақ
- Тұрақты тоқ кезіндегі биологиялық ұлпалардың және сұйықтықтардың электр өткізгіштігі
- АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ курстық жұмыс
- Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдер
- Кіші жүздің ру – тайпалары