‘Бейнелеу өнері және сызу’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстанда өнер ұжымдарының қалыптасуы
Өнер дегеніміз – өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің формасы. «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық даналығы өнерпаз қауымның дәстүрлі ережесіне айналды.
Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі ұзақ халқының бақсылық дәстүрінен ХІХ ғасырға дейін көрініс туып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді. Сөйтіп бір өзі өнердің түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз. Толығырақ »
Ерен өнер иесі
Семей өлкесінде, Абай ауданының Қайнар ауылында жай шаруаның отбасында дүниеге келіп, жастайынан Тойған анасының әнімен, әкесінің домбыра үнімен сусындап өсіп жетіледі. «Әнші бала Әміре», «Қашаубайдың әнші баласы» атанып, ауыл-аймақтағы үлкенді-кіші жиындарда, той-думандарда ән, күй, айтыс, жыр, терме кештерінде орындалған шығармаларды жан-тәнімен тыңдап, бойына қабылдап өседі. Әміре ән, күй, өнер сүйгіш қауым арасына шақырылып, халық әндерін, халық композиторларының әндерін шебер орындайды. «Әнші бала Әміре» атанады. Ауыл-аймақ мәдениет кештерінің көрнекті қонағы, төрден орын алатын дәрежеге жетеді. Толығырақ »
Бейнелеу өнері және оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру
Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып саналады. Олардың кеңістіктік ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасайды.Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Толығырақ »
Өлкетану музейіне экскурсия жасау
Мектеп оқушылары өмірінде эстетикалъіқ тәрбиенің алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда бұл мәселе кең көлемде зерттеліп, баланы әсемдік әсері арқылы тәрбиелеудің әдістерімен толыға түсуде. Бұл орайда оқушылардың өнер шығармаларын қабылдап, түйсінуі мен әсемдік талғамын қалыптастырудың маңызы үлкен. Оның ішінде халық өнерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін оқып үйренудің мәні айырықша зор. Мұндай мақсатты көздеп өлкетану музейіне оқушылармен экскурсия жасау орынды. Толығырақ »
Көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасау әдістері
Оқушылардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, мұратын қалыптастыруда қоршаған ортадағы көрнекті үгіт жұмыстарымен таныстырудың орны ерекше. Қазіргі кезде ауыл болсын, село болсын сәндік көркемдеу жұмыстарын жиі кездестіреміз. Солардың ішінде бала сезіміне ерекше қозғау салатыны сәндік монументальдық өнер туындылары. Бұл өнер шығармалары көлемділігімен де қоршаған ортадағы үйлесімділігімен де кімнің болса назарынан тыс қалмайды. Сондықтан мұндай жұмыстарды тәрбие беру жұмысында орынды пайдаланған жөн. Толығырақ »
Суретшілер шеберханаларында кездесу өткізу
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің керкем өнер білімдерін меңгертудің, білімді өмірмен байланыстыра жүргізудің жолдары мен әдістері жылдан жылға дами түсуде. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді онан әрі жетілдіру мектеп мұғалімдеріне жаңа талаптар қойып отыр. Мұны жүзеге асыруда бейнелеу өнері туралы сыныптан тыс әңгімелесу, өнер туралы кештер өткізу, өнер адамдарымен кездесу, оқушыларды сурет көрмесімен музейлерге апарып, орайы келгенде суретшілер шеберханасында болу аса маңызды. Толығырақ »
Суретшімен кездесу ұйымдастыру
Мұғалімнің бейнелеу өнері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмысының бір түрі – музейлерге оқушыларды экскурсияға апару болып табылады. Қазіргі кезде үлкен қалалардағы өнер музейлеріне ұқсастығы бар шағын галереялар селолық жерлерде де ашылуда. Мұндай галереялары экспонаттар өнер шығармаларының оригиналдарын түп нұсқасы көруге мүмкіндірі аз ауыл мектептері оқушыларын апарып көрсетуге қолайлы. Толығырақ »
Бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбы бойынша тәрбие сағатын өткізу
Бейнелеу өнері шеберлерінің идеялық мазмұны шығғармаларының халыққа әсемдік тәрбие беру мүмкіндіктерімен қатар мектеп оқушыларына да саяси идеялық тәрбие беретін мүмкіндіктері мол. Бейнелеу өнерінің мұндай мүмкіндіктерін тәрбие сағатында пайдаланудың ұтымды жақтары бар. Бейнелеу өнері туралы тәрбие сағатында сынып жетекшісі бейбітшілік туралы оқушыларға жалпы түсініктер берумен қатар жеке шығармалардың идеялық мазмұнына талдаулар жасайды, тәрбие жұмысының мазмұнын бейбітшілік туралы деректі әңгімелермен толықтырып отырады. Толығырақ »
Бейнелеу өнері жайлы лекция және оның мазмұны
Бейнелеу өнері жайлы лекция көбіне жоғары сынып оқушыларына оқылады. Лекцияныц мақсаты–оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктерін тереңдетіп, өнер шеберлерімен, озық ойлы туындылармен таиыстыру. Мектеп оқушыларының әсемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мұғалім лекция өткізу үшін техникалық құралдарды өнер шеберлерінің ұлағатты сөздерін көрнекілік ретінде қолданады. Толығырақ »
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады.Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан жұмыс жүйесі мынандай түрлерге бөлінеді:
1.Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясып қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу. Толығырақ »