Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Бейнелеу өнері және сызу’ бөлімінің мұрағаты

Өнер шығармаларымен таныстыру әдістері

Мектеп оқушыларын қазақ халқының ерлік жолдарын бейнелейтін өнер шығармаларымен, ондағы көркем бейнелермен таныстыруда сыныптан тыс уақытта олармен әңгіме өткізудің  айтарлықтай  маңызы бар. Біз  бейнелеу өнер туралы әңгіме сабақтар өткізу барысында мына шарттарды  ескердік: Толығырақ »

Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру

Мектеп оқушыларына  көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің бір жолы оларды туған өлкедегі өнер және сәулет өнері туындыларымен таныстыру. Республика көлемінде танымдық, тәрбиелік маңызы бар сәулет өнерінің ертеден сақталған тарихи халықтық мұралары аз емес. Толығырақ »

Қазақстан суретшілерінің шығармаларының түрлерімен және жанрларымен оқушыларды таныстыру әдістері

Көркемдік білім беру саласында қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын қолдану барысында оларды  бірнеше тақырыптарға бөлуге болады. Соның ішінде қазақ бейнелеу өнеріндегі революция тақырыбына мына картиналар кіреді: Қ.Телжанов «Ұшқын», «Толқын», «Ән бастаушы», «Бастау», «Октябрь», М.Қалымов «Үкімет билігі советтерге», М.Шаяхметов «Интернационалды шырқаушылар», М.Кенбаев «Ә.Жангелдин отряды», Н.Нұрмұхамбетов «Даладағы өрт», «Фурманов Верный қаласында», Т. Тоғысбаев «Дала туралы баллада». Бұл картиналарда қазақ жеріндегі революция көріністері бейнеленген. Толығырақ »

Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармаларымен оқушыларды таныстыру әдістері

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын тану орынды.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Толығырақ »

Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктерін тану бағыттары

Қазақ  бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы олардың  шығармаларынан  құралады. Қазақ суретшілері  график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады. Толығырақ »

Бейнелеу өнері мұғалімінің өнертанушылық педагогтық қызметі

Адамның жеке тұлғасы күрделі де көпқырлы құбылыс. Әрбір жеке адам жеке қайталанбас тұлға. Өнертанушы педагог  жеке тұлға. Сондықтан өнертанушы педагогтың қоршаған орта адамдарына, табиғат пен қоғам құбылыстарына, өнерге деген өзіндік көзқарасы болады. Толығырақ »

Өнер шығармаларын талдаудың өнертанымдық негіздері

Өнертану — өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнертану тұтас алғанда қоғам тудыратын бүкіл көркем мәдениеттің  бірін зерттейді және өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастырады, олардың ерекшелігі мен болмысқа қатынасын тексереді. Өнердің пайда болуын, өркендеу қалыптасу сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениеттің және де басқа құбылыстардың арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың мазмұн мен түр мәселелерін анықтайды. Толығырақ »

Өнертану туралы түсінік

Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерін, адам бейнелерін, тарихи оқиғаларды бейнелейтін жүздеген картиналар, графикалық және мүсін туындылары көптеп саналады. Бұлардың танымдық тәрбиелік мүмкіндіктерін мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында пайдаланудың әдістерін анықтау әлі де болса жеткіліксіз болып келе жатыр.  Өнер туындыларын бейнелеу өнері сабағында оқу материалдары ретінде пайдалану үшін мұғалімге белгілі дәрежеде өнертану дайындығының болуы шарт. Өнер арқылы оқушылардың тәрбие жұмысына дайындау болашақ мұғалімдердің өнертану білімдері мен өнертану дағдысын қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысты. Толығырақ »

Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Толығырақ »

Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы

Оқушылардың оқу-тәрбие міндеттерін толығымен шешу сабақтарды іскерлікпен ұйымдастыру мен өткізуге байланысты. Бейнелеу өнерінің әрбір сабағы аяқталған, мақсаты бар оқу пәнінің  жалпы мақсаттары мен міндеттеріне байланысты  сабақтар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Толығырақ »