Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның операциялары

Кіріспе
І тарау. Банктегі негізгі құралдар операцияларының есебін ұйымдастыру
1.1.    Негізгі құралдар, оларды  жіктеу және бағалау
1.2. Негізгі құралдардың есебі
1.3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымды жөндеу есебі

ІІ Негізгі құралдардың қалыптасу жолдары АҚ « Цесна банк » тәжірибесі бойынша
2.1. АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдарының алғашқы бағалануының есебі
2.2.АҚ « Цеснабанктегі » негізгі құралдар мен материалдық емес    активтерінің ауыстыру мен ақысыз алу есебі
2.3.АҚ «Цеснабанктегі» негізгі құралдарының  шығындары және есептен шығарылуы

ІІІ тарау. Негізгі құралдар есеп жүйесін жетілдіру бағдары
3.1 Негізгі құралдарды автоматтандыру
3.2 Негізгі құралдар есебіне қосымша бақылау енгізу

Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

            Курстық жұмысымның негізгі мақсаты –бұл банктің негізгі құралдарының қалыптасуын, қозғалысын зерттеу олардың банкке қандай пайда әкелетінін көрсету. Негізгі құралдар есепке алынуының ретін , оның бағалануымен есептен шығуын АҚ « Цеснабанк » тәржірибесі бойынша қарастырдым. Бұл негізгі операция келесі құқықтық –нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін орындайды :

1)     « Қазақстан  Республикасының  Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Заң» 28.02.07. ж. №234-III

2)     Бухгалтерлік есеп туралы Халықаралық стандарты.

3)     Банктің басқада ішкі құжаттары.

Негізгі құралдарының  бухгалтерлік есебі орталықтандырылып,Бас Банктің Бэк – офисінде жүргізіледі.

Бас Банк ғана бүкіл филиалдардың шоттарына кіріп , мәліметтерді ала алады. Фронт офис өткізген негізгі құралдар уақытылы көрініс табуын және негізгі функциялардың құжаттарын тексерісін Бэк- офис Бас Банк пен Филиалдың бөлімі бақылайды.

Негіз құралдар — бұл бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар , құрылыстар , есептегіш  техникалар , компьютерлер , көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар обьектісін актив деп мойындау бір мезгілде екі шарттың орындалуын қарастырады :

  • банк активке байланысты экономикалық пайда алатындығына жоғары сенімділіктің болуы ;
  • банк үшін активтің өзіндік құнын бағалаудың сенімділігі .

Негізгі құралдарды өткізу арнайы қабылданған заң бойынша сату-сатып алу келісімінің қорытындысымен және екі жақтың  да басшыларының қолы  қойылып расталған мөрімен жүзеге асырылады. Жалпы негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет ететін материалдық емес активтерді айтамыз.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады.

Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнмен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Зерттеу жұмысымның міндеттері . Жұмыс мақсаттарына байланысты банктің негізгі құралдарының есебін қарастыру , яғни :

— негізгі құралдарының тәртібі ;

— негізгі құралдарды реттеу ;

— негізгі құралдардың түрлерін және олардың есебін жан-жақты зерттеу:

— негізгі құралдар есебінің жетілдіру жолдары.

Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеден , үш бөлімнен , қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 курстық жұмыс / 39 бет

Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

Мазмұны:
І КІРІСПЕ……..3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА МСАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын орны……4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі……8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары……9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу……. 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау……..18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі……19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері…..22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі …24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ……….30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……….32
Пайдаланылған әдебиеттер……….33

І КІРІСПЕ

Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:

Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты  бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.

Акциздер латын тілінен аударғанда «accidere» кесу деген сөзіне шыққан. Ол тұтынуға арналған тауарлардың бір бөлігін кесіп алу  деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ жанама салықтарға сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдерді де жатқызуға болады. Және де кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден  кірістері мен, ішкі рынокта салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасын жатқызамыз.

курстық жұмыс / 33 бет

Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары

Жоспары:

Кіріспе………….3

I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі………..4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметі………….5
1.3 Коммерциялық банктердің операциялары …………9

II. Коммерциялық банктер
2.1 Коммерциялық банктердің операциялары……..14
2.2 Банктердің пассивтік операциялары………..14
2.3 Банктердің активтік операциялары……..20

III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары
3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру……..25
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу…..26
3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі……..29

Қорытынды……..31
Пайдаланған әдебиеттер……..32

Кіріспе

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

курстық жұмыс / 32 бет

Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтағы орны мен ролі

Мазмұны
Кіріспе……..3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары…..5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі……19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы……21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер…..24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты……26
Қорытынды……..28
Пайдаланылған әдебиеттер……30

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы  экономикалық жүйенің  басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың  біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты –  әлемдегі  жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық  әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның  негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде  анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақыры-бының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

— Қазақстанның Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңдегі экономикасын қарастыру;

— Қазақстанның  Кеңес дәуіріндегі 1918-1940 жылдардағы экономи-касына тоқталу;

-Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгі (1991) Қазақстанның экономикасын қарастыру;

— Қазақстанның халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруіне тоқталу;

— Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

кеңістіктің дамуын қарастыру;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелерге тоқталу;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясатын қарастыру.

курстық жұмыс / 30 бет

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ
Кіріспе …….3

I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің  даму тарихы ……….5
1.2 Банк жүйесінің  құрылымы ………….9

II Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің  дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның  қызметтері талдау……….12
2.2 Коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау …..17

III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары……..25

Қорытынды ………28
Пайдаланылған әдебиеттер ………..30

К І Р І С П Е

Кез келген мемлекеттің  экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің  дамуының  негізі – банк жүйесінің  қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың  өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің  мазмұны мен атқарылымы оның  экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің  маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

— өндірістің  үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

— ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

Банк -өзінің  жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

Банктердің  ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның  үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің  процессін жеделдетеді.

Банк ісінің  ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің  ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері  банктің  ісінің  техологиясы айтарлықтай өзгерген.

Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің  барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің  1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің  Ұлттық банкі, ал басқа бактердің  барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.

Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың  даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің  орталығы барлық эконмиканың  негізгі түйіні болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының  экономикалық ахуалының  дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің  белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның  әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының  төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.

Курстық жұмыстың  мақсаты- банк ісінің  және банк жүйесінің  дамуына, шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның  банк жйесінің  дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Жұмыстың  міндеттері болып:

— Қазақстанның  банк жүйесі мен банк жүйесінің  даму тарихына тоқталу;

— Орталық банктің  дамуы мен қызметтерін қарастыру;

— коммерциялық банктердің  дамуы мен қызметтерін қарастыру.

Курстық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің  теориялық негізі онда:банк жүйесінің  даму тарихы мен банк жүйесінің  құрылымы мен қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің  дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның  қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

курстық жұмыс / 30 бет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ………3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………. 5
1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары…….5
1.2 Салық жүйесінің міндет — талаптары және салық салу әдістері……..12

II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА  ТАЛДАУ ……14
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері……14
2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары…….24

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..27
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…….27

ҚОРЫТЫНДЫ……..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….31

КІРІСПЕ

Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты — салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.

Жұмыстың негізгі мақсаты — қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды  тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.

Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең — бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) — бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу  квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

Үшінші кезең — қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.

Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті — осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.

Салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады.

курстық жұмыс / 31 бет

Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану

Жоспар
Кіріспе. 2

1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 3
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері 3
1.2   Мемлекеттік несиенің  нысандары.. 7
1.3 Халықаралық мемлекеттік несие. 9

2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану. 12
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару. 12
2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану. 15
2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы. 20

Қорытынды.. 23
Қолданылған әдебиеттер. 25

Кіріспе

Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің  экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының  мәнін , атқаратын қызметтерін жетік білу.

Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.

Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.

Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.

Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастар  екі жақты сипатқа ие және бірдей деңгейде шаруашылық субъектілері үшін де, сонымен қатар несиелік мекемелердің жүйесі үшінде қажет.

Ақшаны несие мекемелерінде сақтау ресурстардың  құрылуын  білдірсе, ал оларды экономиканың және тұтынушы қажеттілігіне үлестіріп беру несиелі ұсынуды көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

— мемлекеттік несиенің мәні және оның түрлерін сипаттау;

— мемлекеттік несиенің нысандарына тоқталу;

— Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқаруды  қарастыру;

— Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызын айқындау.

Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының заң күші бар жарлықтары, заңдары, сонымен қатар отандық және басқада шетел экономистерінің еңбектері және баспасөз беттеріндегі мақалалар қолданылды.

курстық жұмыс / 25 бет

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесі

Кіріспе

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.1 Мемлекеттің қаржы жүйесі
1.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

ІІ. Ресейдің қаржы жүйесі
2.1 Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары
2.2 Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
2.3 Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады.

Қаржы мемлекеттің өркендеп, дамуының материалдық негізі және тірегі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық дамуына белсенді әрі пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Енді осы қаржы жөнінде ғалымдардың зерттеулеріне жүгініп көрейік. Қаржылық құқық саласының қазақстандық көрнекті ғалымы Худяков А.И. «қаржы» термині латынның «финис», яғни істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Он сегізінші ғасырда француздар «finance», яғни «финанс» деп мемлекеттің кірісін және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде «финанс» — «қаржы» терминінің мағынасы ақшамен тығыз байланысты. Cондықтан көптеген жағдайда азаматтар қаржыны қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақша деп түсінеді.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі он жыл ішінде өте қарқынды дамыды.

Ресей Федерациясының қаржысы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары тығыз байланыста және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады.

Курстық жұмысымның тақырыбы – «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері».

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесі, олардың қаржы жүйесінің ерекшеліктері туралы қарастырылған.

Ал курстық жұмыстың міндеті – екі елдің қаржы жүйесінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелеріқұрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттік бюджет жүйесі, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, жергілікті қаржы.

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

— мемлекеттік бюджет;

— сақтандыру қорлары;

— қор нарығы;

— мемлекеттік несие;

— шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржылары;

— бюджеттен тыс қорлар.

курстық жұмыс / 28 бет

Көлік құралына салынатын салықтар

Жоспар

Кіріспе…. 2

І Тарау. Салық жүйесі негіздері

1.1. Салықтың маңызы…..4

1.2. Салықтың даму тарихы……….7

1.3. Салықтың мәні, принциптері және атқаратын қызметтері…..8

1.4 Салық түрлері……….10

1.5 Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу бөлімін толтыру ерекшеліктері………11

ІІ Тарау.  Көлік салығының нарықтық экономикадағы маңызы

2.1. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу тәртібі……..13

2.2. Салық төлеу мерзімдері, салық деклорациясы…….17

2.3  Автокөлікті жалдау :әр түрлі  жағдайларда есепке алу ерекшеліктері….. 18

Қорытынды……..23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….24

        Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі  ауыртпалығын салықтың  өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет.

Салық практикасы мен экономикалық конъюнктура акцизделуге жататын бірқатар тауарларға салық салу жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр.

Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен  акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті.

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.

Бұдан кейінгі мәселе – қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.

Мұның өзі сонымен қатар отандық тауар өндірушілер. Ал, осы айқындамалар тізімі өзге де шаралармен қатар, тек сөз жүзінде ғана айтыла салмайтын декларациялар қабылдауды қажет етеді.

Ол декларацияда ТМД елдерінің келісілген салық және кеден саясатына сәйкес болуы тиіс. Мұны өзі әсіресе, қосымша өндірілген құннан алынатын салықтың механизіміне тікелей қатысты. «Тауардың барып жеткізілетін жеріне» байланысты принцип бойынша «тауар шығарушы елді» анықтау саласындағы тәртіп бұзушылыққа жол бермейді.

Олай болса, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жеңілдіктерді қолдануға жағдай туады, сыртқы түсімдер есебінен бюджетке берілетін қаржыны арттыруға мүмкіндік болады.

Бұл курстық жұмыс көлік салығын қарастырады.

курстық жұмыс / 20 бет

КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ…..5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі……5

1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері……..9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ..13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі…..13

2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары….17

ҚОРЫТЫНДЫ………26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………27

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.

Инвестициялық портфель қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға,сол сияқты айналмалы капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.

Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын,шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Курстық жұмыс мынандай құрылымдардан тұрады:

Бірінші бөлімінде, жалпы компанияның инвестициялық портфелінің нарықтық экономикада алатын орны мен негізгі қызметтері және принциптері толығымен ашылады.

Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың даму ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары қарастырылған.

курстық жұмыс / 27 бет