Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Қаржылық есеп инвестициялары

Жоспар:

І. Кіріспе 2-4бет

ІІ. Негізгі бөлім
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
3. Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет

ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.  Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде

экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың  жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.

Курстық жұмыс / 30 бет

Шетел тұлғаларына салық салу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі…….. 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі ….. 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні………. 18

ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау
2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23

ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар, оны шешу жолдары 29

ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ

        Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

        Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.

Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.

Бұл курстық жұмыс жеке табыс салығының  мазмұнын ашып көрсету,оның қалыптасуы мен дамуы туралы мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер жеке табыс салығы бойынша жалпы мағлұмат береді.

 Курстық жұмыс / 40 бет

Банктердің инвестициялық қызметі, оның ұйымдастырылуы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3

1.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ…..5
1.1. Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні….5
1.2.Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі….7

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ….11
2.1. «Қазақстан халық банкі» АҚ-на экономикалық сипаттама…11
2.2. «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері және табыстылығы…13

3. БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ….16
3.1. Шетел банктерінің инвестициялық қызмет ерекшелігі…16
3.2. Қазақстан банктерінің инвестициялық қызметі мәселелері және оны жетілдіру жолдары..18

ҚОРЫТЫНДЫ….20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..22
ҚОСЫМШАЛАР….23

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі, оның ұйымдастырылу ерекшеліктері және даму перспективалары.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі ретіндегі инвестициялардың, оның ішінде инвестициялық субъект ретінде банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылу реттілігін айқындауында.

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді[1].

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін, оның ұйымдастырылу тәртібін анықтау және нақты жағдайдағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелілігін талдап, оның даму жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, курстық жұмыстың келесідей міндеттері қойылады:

— коммерциялық банктердің қызметін анықтау, оның ішінде инвестициялық қызметінің алатын орынына ерекше көңіл бөлу;

— банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық роліне тоқталу;

— банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін және сипатты белгілеріне байланысты жіктелуін қарастыру;

— Қазақстан Республикасындағы банктердің инвестициялық қызметіне нақты банк негізінде талдау жасау;

— оның ішінде, банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қарастыру және салыстыру;

— аталмыш банктің инвестициялық қызметінің табыстылығына дәйекті баға беру;

— банктердің инвестициялық қызметінің дамуын болжауда шетел банктерінің инвестициялық қызмет тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық банктердің инвестициялық қызметінің мәселелерін және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлемақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

   Курстық жұмыс / 24 бет

Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ….3

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ….5

1.1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі ….5
1.2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі …..11

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ …..17

2.1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы …17
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облысо бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ..22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕГІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ …30

ҚОРЫТЫНДЫ …….38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……40

КІРІСПЕ

    Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н Назарбаев.

Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап  көрсетті Н Назарбаев.

Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік  қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Осы жұмысты орындаудағы мақсат қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну, бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау, мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын, олардың жіктелуін талдау және осылардың негізінде 2007-2010 жылдарды мысалға ала отырып бюджеттің кірістері мен шығыстарын салыстыра талдау болып табылады.

Осы жұмысты орындаудағы міндеттерге:

  • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
  • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
  • Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
  • Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
  • Бүгінгі салық жүйесінің экономикада атқарып отырған салық-бюджет саясатының 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы тоқталып өту;
  • Салықты жетілдіру негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің қалыптасу көздерін табу және олардың нысандары мен жетілдіру әдістерін жазу болып табылады.

10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.

 Курстық жұмыс / 40 бет

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ақша мен қаржы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 АҚША МЕН ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақшаның экономикалық мәні, мазмұны 5
1.2 Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі 7
1.3 Шет мемлекеттердегі ақша және қаржы жүйесінің даму тәжірибесі 9

2 ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ АҚША МЕН ҚАРЖЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Экономикалық жүйедегі ақша мен қаржының өзара байланысы, атқаратын қызметтеріне талдау 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму жағдайына талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы құрылымын басқару, құқықтық реттеу бағыттары 23

3 ҚОҒАМДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы кездесетін мәселелер және қаржылық дағдарыс 28
3.2 Ақша мен қаржының қызмет етуін жетілдірудегі мемлекеттің саясаты 30

ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ҚОСЫМША 35

Кіріспе

Қоғамдағы тауардың ұласқан айналымына қызмет көрсетуді және шаруашылықта есеп айырысуды қамтамасыз етеді, тауар және ақша жиынының қозғалысындағы сәйкестікпен, ақшаның объективті түрде қалыптасқан тауар айналысы қатынастарынан туындайтын жылдамдықпен жұмыс істеуімен, айналымдағы ақша жиынының ақша айналысы заңының талаптарына сай келетін деңгейде болуымен сипатталады. Өндірісті атап айтқанда мемлекеттік, жеке меншіктік өндірісті өркендету ең алдымен, ақша-тауар қатынастарына тікелей қатысты екені айқын. Сөйтіп, қолдағы материалдық, қаржы қорларын ұтымды пайдалану — әлеуметтік – экономикалық  міндеттерді түбегейлі шешудің, халықтың өскелең тұтыну талаптарын толық қанағаттандырудың кепілі.

Ақша – тауардың  жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша, тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық  тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару.  Ақша –  әр   мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны. Ақша – айырбастың  ұзақ даму нәтижесінің объективті шарттасқан тауар өндірісінің тарихи санаты.

Ақша – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нақты құнын ескерусіз қалдыратын ақша эмиссиясы елде олардың артығымен пайда болуына және түпкі есебінде ақша бірліктерінің құнсыздануына әкеп соқтырады.  Елдегі ақша бірліктерінің тұрақты болуының басты шарты – шаруашылықтың  ақшаға деген қажеттілігінің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мөлшеріне сәйкесуі болып табылады.

Қаржы – нарықтық  қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қаржы жүйесі  шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін қажет ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін еддің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-әркетімен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып – алынған қаражаттарды  мемлекет  пен  онын кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысьна қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты. Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикальқ саясатының негізгі бөлігі болып табылады.

Қаржы жүйесі өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан  қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Қаржы жүйесі – мемлекет  пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру   және   пайдалану   процесіндегі   қаржы   қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың мазмұнын ашуда төмендегідей мақсаттар мен міндеттер алға қойылып отыр :

—       ақша мен қаржының экономикалық  мазмұнын аша отырып, қажеттілігін көрсету;

—       ақша мен қаржы жүйесінің құрылымы, қызметін сараптау;

—       ақша мен шет елдердің қаржы жүйесінің даму ерекшеліктерін қарастырыу;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің құрылымын зерттеу;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің қалыптасуы, даму жағдайына талдау жасау;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы саясатының маңызы, міндеттерін анықтау;

—       Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы мәселелер мен жетілдіру жолдарымен танысу.

 Курстық жұмыс / 37 бет

Коммерциялық банктер-нарықтық экономиканың дербес кәсіпорыны ретінде

Мазмұны

Кіріспе…..3

I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы…….4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау…..5

II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау……11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері………..20

III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары…….23

Қорытынды………25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….27

Кіріспе

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекмесі (Мысалы, Жапония банктері).

Курстық жұмыстың тақырыбы — «Коммерциялық банктер-нарықтық экономиканың дербес кәсіпорыны ретінде».

Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің функционалдық құрылымы, екінші бөлімде коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары,үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық қызметінің дамуын,жетілдіру жолдары қаралды.

Коммерциялық банктердің  қызметінің дамуы үшін банктің ұйымдастырушылық –құрылымдық қызметі маңызды болып табылады.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметіне банк төрағысы, акционерлер, басшылар, бөлім қызметкерлері, қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімі және тағы сол сияқтылар кіреді.

Ал, банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметін және оның даму ерекшеліктерін талдап зерттеу.

Курстық жұмыстың әдістемелік базасы: арнайы әдебиеттер, нормативті-құқықтық заңдар, актілер, ережелер тағы басқалар, сонымен қоса отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері тұрғысынан қаралды.

 Курстық жұмыс / 28 бет

Коммерциялық Банктің депозиттік операциялар есебі

Мазмұны
Кіріспе
І. Коммерциялық банктермен жүргізілетін депозиттік операциялар есебі
1.1 Салымдарды тарту және қайтару есебі….. 4
1.2 Пайыздарды есептеу есебі…… 5

ІІ. АҚ « Халық банк » депозиттік операциялар есебін талдау бойынша тәжірибелік жұмыс
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттер есебі……. ..8
2.2 Депозиттік операциялар есебін талдау механизмдері….. 13

ІІІ. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттік операциялар есебін дамыту жолдары
3.1 Депозиттік саясат ……. 16
3.2 Депозиттік операциялар есебін дамыту жолдары …. 19

Қорытынды…….. 23
Қолданылған әдебиеттер…… 24

Кіріспе

         Қазақстан Республикасының банктері заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыратын, құқығы бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктердің қызметтері ҚР Конститутциясымен және заңдармен, ҚР жасасқан халықаралық шарттармен, келісімдермен, сондай-ақ өз құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР заң құжаттарын ҚР Президентінің заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын Ұлттық Банктің құқықтық құжаттармен қадағаланады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметі ҚР Конститутциясымен және » Ұлттық банк туралы «  (30.03.1995 ж №2155) заңмен және өзге де актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банк қызметі туралы» (31.08.1995 ж №2444) заң күші бар жарлығымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жалпы қаржы жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған алдыңғы ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған.

         Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – депозитті тарту, қайтару және пайыздарды есептеумен қатар АҚ “Халық Банкінің” жеке және заңды тұлғаларының депозиттер есебі мен депозиттік  операциялар есебін  дамыту  жолдары.

         Зерттеудің мақсаты: 1. Коммерциялық  банктердегі салымдарды тарту қайтару, пайыздарды есептеу есебі мен пайыздарды есептеу формуласымен және олардың қандай шоттармен жүргізілетінің қарастыру.

2. АҚ « Халық банк » операцияларын талдау бойынша тәжірибелік    жұмысКоммерциялық банктердегі депозитті ұйымдастыру жолдарымен, депозиттер түрлерімен, депозиттік шоттармен, сонымен қатар шоттың жүргізілу тәртібімен танысу.

3.Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар саясатының жүргізілу тәртібін, сонымен қатар депозиттік операциялар есебін  дамыту  жолдарын қарастыру.

Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі — банктің басқа қаржылық ұстанымдармен салыстырғанда беделді және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ депозиттердің бір түрі — арнайы депозиттер аумағында банктің қызмет спектірін ұлғайту, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін қанағаттандыруда жоғары икемділікке ие.

 Курстық жұмыс / 24 бет

КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….3

1. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА….4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама….. . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау…… 7

2. Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру…..9
2.1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі…….9
2.2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі……..13
2.3. Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі…… 15
2.4. Меншікті капитал есебі ………17
2.5. Дебиторлық қарыздар есебі……..19
2.6. Міндеттемелер есебі…….24

3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру….27

ҚОРЫТЫНДЫ……..31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….32

КІРІСПЕ

Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы    бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда  басты орын алады.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің  экономиканы дамытуда  алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Банктің   ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлің есеп және есеп  беру жүйесін  халықаралық  стандарттар  мен  нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің  экономикасының  тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы жылдардағы банк   саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс  қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен  байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін  тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.

Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Ұлттық  Банкттің  нормативтік  актілерне сәйкес  жүргізілуін,   банктердің  қызметтері  мен  өнімдерін    тұтынушылардың  құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығы  мен сенімділігін   және  қаржы нарқтарында  адал бәсекелестік  жүргізуін  қамтамасыз  етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:

— Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;

— Банктегі  бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

— Банктегі  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;

— Банктегі  бухгалтерлік есепке  талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;

— Банктегі  басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;

— Каспий банк АҚ-ғы  салық есебінің ұйымдастырылуы.

  Курстық жұмыс / 32 бет

Банктік қызметтер

Жоспар
Кіріспе 3
I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні 5
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі 9

II. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 15
2.2.Альянс Банктің кызмет қазіргі жағдайын талдау 23

III. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
З.І.Банктік қызметтердің даму перспективалары 28
3.2.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы 34

Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Вестник Альянс Банка на 2008 год . 41

КІРІСПЕ

Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.

Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал

нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.

Бірақ та бүл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бүдан басқа, банктер қаржы ресурстарыньщ өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге үмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.

 Курстық жұмыс / 41 бет

НЕГІЗГІ ҚОРЛАР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3-бет

1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ……5-бет
1. 1 Отау құрылыс ЖШС-ның ұйымдық құрылымы
1. 2Отау құрылыс ЖШС-ның экономикалық шаруашылық іс-әрекетін талдау

2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ….15-бет
2.1 Негізгі қолардың экономикалық мәні
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдардың қозғалысын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ…….20-бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….22-бет

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі — өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық эко­номиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңі­регіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі – қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша шаралар жүйесі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

—   тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;

—   технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;

—   инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;

— ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.

Тақырыптың зерттеу дәрежесі.Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Жаңа құрылысқа көп күрделі қаржы жұмсау, өндіріске қосымша еңбек ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын ұлғайту – осының әр қайсысының өзіндік шегі бар. Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды азайтудың және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге болады. өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші болады.

Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда. Негізі қорды қайта құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта құрылу сұрақтары негізгі мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.

Зерттеудің міндеттері:

— негізгі қордың теориялық сұрақтарын қарастыру;

— амортизацияны экономикалық категория ретінде зерттеу;

— “Отау құрылыс” ЖШС-нің негізгі қорларын, шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының кәсіпорындарға, олардың негізгі қорларын ұйымдастыру шараларына негізделген нормативтік-құқықтық базасы, “Отау құрылыс” ЖШС-нің есеп беру жүйесі.

Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.

 Курстық жұмыс / 22 бет