‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы
Негізігі ұғымдар: экономика тарихының деректемесі, экономика тарихының тарихнамасы
1)Қазақстанның экономика тарихының деректемесі.
2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы. Толығырақ »
Қазақстан экономикасының тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері
Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.
Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Толығырақ »
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен — жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен — халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Толығырақ »
Экономикалық өсу және ҚР экономикалық өсу мәліметтері
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған. Толығырақ »
Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері
Казіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық рөлінің өсуімен туындаған.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі ,циклдің келесі өзгерістерін туғызды:
Біріншіден, дағдарыс табиғаты өзгереді, ол барған сайын құрылымды, қоғам ресурстарының шектеушісіне (шикізатты дағдарыс, қаржы дағдарысы, энергетикалық дағдарыс, мұнай дағдарысы) айналды; Толығырақ »
Экономикалық дамудың қалыптасуы
Экономикалық дамудың циклдік себептері:
1.Тауарлы өндіріс экономиканың алдын ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;
2.Экономикалық субъектілер мүдделер көптігі , сондықтан да нарықтық экономиканы алдын ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе теңсіздігі; Толығырақ »
Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары
Казіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диструкциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстың арасындағы негізі пропорцияны бұзады. Толығырақ »
Ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндірісіне циклдердің әсер етуі
Іскерлік циклдердің әсері әр жерде , экономиканың әр түкпірінде сезіледі.Экономика элементтерінің байланысы ешкімге депрессиядан немесе инфляциядан қашу мүмкіншілігін қалдырмайды. Іскерлік цикл жеке адамдардың және жеке экономиканың секторларына әр түрлі деңгейіне әсер етеді. Толығырақ »
Экономикалық цикл: циклдың кейнстік немесе неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары
Жалпы айтқанда, экономикалық цикл деп бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейінің бірінен кейін бірі келіп тұратын, өсулер мен құлдыраының өзгеруін айтамыз.
Нарық жағдайында өндіріс козғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда калыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар.
Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұракты капиталдын оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен карастырған. Толығырақ »
Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасыкелесідей:
- Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
- Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
- Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
- Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Толығырақ »