Іскерлік циклдердің әсері әр жерде , экономиканың әр түкпірінде сезіледі.Экономика элементтерінің байланысы ешкімге депрессиядан немесе инфляциядан қашу мүмкіншілігін қалдырмайды. Іскерлік цикл  жеке адамдардың және жеке экономиканың секторларына әр түрлі деңгейіне әсер етеді.

Өндіріс пен жұмысбастылыққа келетін болсақ, мұнда құлдыраудың әсері қызмет көрсету аумағы мен қысқа мерзімді кезеңде тауарлар өндіретін өнеркәсіп салаларына тимейді. Ал кейбір фирмалар үшін, банкроттықпен шұғылданатын сауда компаниялары мен заңгерлік фирмалар үшін экономикалық өте тиімді. Инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндіретін өнеркәсіп салалары мен фирмалары осы экономикалық құлдыраудан ең көп зардап шегетіндер,осылар болып табылады. Әсіресе құрылыс өнеркәсібі зиян шегеді. Қиын уақытта тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар құрылысымен , ауыр машина жасаумен,  ауыл шаруашылық құралдар, автомобильдер, тоңазытқыштар және т.б. өндірісімен байланысты салалар мен қызметкерлер  күрделі жағдайға ұшырайды. Керісінше, көтерілу фазасында  бұл салалар дамып отырады.

Келесі екі үлгі аталған салалар циклдік тербелістерге неге соншалықты тәуелді екенін түсіндіреді.

Кейінге қалдыру мүмкіншілігі.

Арнайы шарттар орындалғанда ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік және тұтыну тауарларының сатып алынуын белгілі бір уақытқа кейінге қалдыруға болады.Экономика қиын кезеңге кіргенде өндірушілер жаңа зауыттар құрылысын тоқтады.Іскерлік климат бұл уақыт аралығындағы инвестициялық тауарлар қорын үлкейтуге бейімделеді.Кәіпкерлік сектордағы ғимараттар мен қуат қолдануға жеткілікті.Жағымды кезеңде фирмалар  өндірістік құралдардың толық тозуын күтпей жаңасын сатып алады.Бірақ құлдырау кезеңінде фирмалар ескі құрал жабдықтарын ауыстыруға ұмтылмайды. Мұндай жағдайда олардың таза инвестициялары теріс мәнді болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді кезеңде тұтыну тауарлары да дәл осындай жағдайда болады. Құлдырау кезеңінде отбасылық бюджетті қысқарту қажеттігі туындайды да, автомобиль немесе тұрмыстық техника сияқты ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды сатып алу жоспары бұзылады .Адамдар ұзақ пайдаланатынжаңа тауарлар сатып алудың орнына ескілерін жөндейді. Бірақ қысқа мерзімді кезеңдегі тауарлар жағдайы мүлде басқа. Күнделікті киім мен тамақ қажет. Мұндай заттарды сатып алуды  кейінге қалдыру мүмкін емес. Әрине тауар тұтыну деңгейі мен сапасы төмендеуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді кезеңдегі тауарлар деңгейі сияқты емес.

Монополиялар билігі.

Нарықта үлкен фирмалар аз болған жағдайда, инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын өндіретін салалардың көпшілігі жоғары шоғырланумен ерекшеленеді. Мұндай фирмаларда жеткілікті монополиялық билік бар,сондықтан сұраныс азайғанда, бағаның төмендеуін тежеу үшін өнім көлемін азайтады. Осыдан сұраныстың төмендеуі негізінен жұмысбастылық пен өндіріс деңгейіне әсер етеді. Қысқа мерзімді қолданыстағы тауарларды өндіретін салаларда біз кері жағдайды көре аламыз. Бұл салалар өзара бәсекелесті және шоғырлануы төмендігімен сипатталады. Мұндай фирмалар бағаның төмендеуін тежей алмайды. Ал сұраныстың төмендеуіне әкеледі.
Тағы рефераттар