‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
Эндогенді өсу теориясы
Эндогенді өсу теориясы туралы қазақша реферат. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады. Толығырақ »
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты туралы қазақша реферат. Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ — нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес. Толығырақ »
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі туралы қазақша реферат. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Толығырақ »
Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау
Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау туралы қазақша реферат. Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсатын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын-алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономиканың экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Толығырақ »
Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары
Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары туралы қазақша реферат
Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады.Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты. Толығырақ »
Банк қызметін дамыту проблемаларының шешу жолдары
Банк қызметін дамыту проблемаларының шешу жолдары туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының экономикасының қазіргі жағдайындағы қызмет атқарып отырған қаржы -несие саясатын одан әрі жетілдіруде негізді бөлікті банктер алатын болғандықтан, бірінші кезекте ,банк жүйесі ақша қаражаттарының негізгі шоғырландырушы және ақша айналымын реттеу негізгі органы ретінде олардың қызметтерін жетілдіру жолдарына тоқталамыз.
Активтердің өсім қарқыныңың жоғары болуына байланысты, банк қызметінің тәуекелінің арттуы және капиталдану деңгейінің төмендеуі мынадай шараларды қолдануды талап етеді: Толығырақ »
Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы банк қызметінің өзекті мәселелері
Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы банк қызметінің өзекті мәселелері туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде тұтас банк саласының капиталдануы дәрежесі капиталадың жеткіліктілік номативіне сәйкес келеді. Соған қарамастан, капиталдың төменгі өсіміне активтер өсімінің қарқынды өсуі банк сласы үшін тәуекел деңгейін арттыруда.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда, яғни кейдір банктер капиталдың жеткіліктілік нормасын сақтау үшін несиелендіру операцияларын қысқартуы кезінде капиталды арттыру проблемасы өзекті проблемаға айналып отыр. Таза табыс жеткіліксіз болғандықтан, субардинацияланған қарыздарды тарту мүмкіндігінің болмауынан (бірінші деңгейлі капиталдан 25% шектеулігінен), акционерлік капиталды (жарғалық капиталады) арттыру қажет, ал бұл өз кезегінде біршама қиындықтармен ерекшеленеді. Толығырақ »
Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары
Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салларларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.
Бірінші топтың себептері — қазақстандық тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Осы топта шетел тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, жеті көрсеткішті анықтадық. Толығырақ »
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы туралы қазақша реферат
«Алматы кілем» АҚ дағдарысқа қарсы басқару механизмініңстратегиясын жасау үшін біз экстрополяция, бюджеттеу әдістерін пайдаландық. «Алматы кілем» кәсіпорынында дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін дамудың келесі вариантын ұсынамыз: импортты алмастыру бағдарламасы бойынша кілемдер өндірісін модернизациялау үшін несие алу ұсынылады. Жобаның мақсаттық бағыты тарау, тоқу құрал-жабдығын алу және орнату. Несие көлемі 1 млн. АҚШ доллары көлемінде, несиелеу мерзімі 7 жылға бекітіледі. Пайыздық ставка мөлшері 11%. Несиені игеру транштар бойынша алдыңғы 6 айда өтеді, жеңілдік кезеңі алғашқы 15 ай, негізгі қарызды қайтару әр алты жүргізіледі. Несиені уақытынан бұрын қайтаруға болады. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау туралы қазақша реферат
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етілу деңгейін макро, микро деңгейлерде талдаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі біздің елімізде мұнай, газ, басқа да өндіруші салаларға қарағанда төмен бәсекелі блокқа жататыны белгілі. Бірақ та, бұл саланың ерекшелігі айналым қаражаттарының тез айналмалылығында болып қалып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ішкі нарықты толығымен қанағаттандыратын өндірістік қуаттылықтар орналасқан. Саланың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-өндірістік потенциал жеткілікті деңгейде сақталған, болашақты тиімдірек қолдануға болатын сенімді шикізат базасы сақталған. Тұрғылықты халықтың жұмысбастылық қабілетін толығымен қамтамасыз ете алатын саланың қабілеті бар. Толығырақ »