Эндогенді өсу теориясы туралы қазақша реферат. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.

Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.

Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшелінеді. Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффекттілерге көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі емес.

Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың рөлін күшейте отырып, жаңа теория дәстүрлі теорияға қарсы шығатын бірқатар қорытындылар жасады. Ең алдымен сыртқы экономикалықбайланыстардың болмауынан елдер арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық артта қалуына әкеледі.

Эндогенді өсу моделінің ең қызық аспектісі – кедей елдерден бай елдерге жасанды капитал құйылымын түсіндіру, бұл өз кезегінде 1-ші және 3-әлем елдеріндегі табыстық алшақтықты күшейтеді. Инвестициялардыңпотенциалды жоғары рентабельділігі көбінесе адам капиталына (білім беру жүйесі), инфрақұрылым мен НИОКР-ға комплементарлы инвестициялардың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Кедей елдер осы инвестиция түрлеріненсалыстырмалы тиімділігі аздарын шығарып тастайды. Жеке инвестор өзі үшін жоғарыда аталған сфераларға инвестиция салып, оған аз қолайлық келсе, онда ол инвестиция салудан бас тартады, яғни еркін нарық механизмі комплементарлы инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.

Мұндай қосымша инвестициялар қоғамдық, сондай-ақ жеке пайда әкелетіндіктен, мемлекет ресурстарды бөлуді жақсарта алады, өз есебінен қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетеді және бір уақытта жеке инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан да эндогенді өсу модельдері даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
Тағы рефераттар