‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары туралы қазақша реферат
Республикамыздың экономикасының қазіргі кезеңінде әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгертуде, оны нарықтық қатынастарға ауыстыруда едәуір оң нәтижелер бар. «Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде» Толығырақ »
Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту туралы қазақша реферат
Ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:
Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.
Бәсекелелік индексі:
Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі, Толығырақ »
Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру туралы қазақша реферат
Жер қатынастарын дамыту
Ағымдағы жай-күйі:
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының реформалаудың нәтижесінде, өнімі аз және сортан жерлердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылғымен салыстырғанда 127,5 млн. гектарға немесе 2 еседен астам кеміді, сонымен бірге егістік жер 13,3 млн.гектарға (2,7есе) азайды. Толығырақ »
Мал шаруашылығындағы жағдай
Мал шаруашылығындағы жағдай туралы қазақша реферат
Шаруашылық санатының барлық түріндегі ірі қараның саны 1990 жылғы 9.752,2 мыңнан 2000 жылы 4.106,6 мыңға, яғни 2,4 есеге дейін азайды. Республика бойынша ірі қараның саны 1998 жылға дейін кеми келіп, осы жылдың аяғында 39.57,9 мың ғана болды. Одан кейінгі жылдары малдың бұл түлігінің саны көбейіп келеді. Ірі қараның саны әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында қатты азайып кетті, мұнда 1990 жылғы 1.410,4 мың малдан 2000 жылы 297,5 мың ғана қалды, Павлодар облысында 765,7 мыңнан 242,5 мың ғана, Қостанай облысында 1.447,4 мыңнан 431 мың ғана мал қалды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында малдың бұл түлігі көбірек сақталып қалды деуге болады. 1999 жылы республика бойынша 3.368 мың сиыр болса, 2000 жылы одан 2.014,7 мыңы ғана қалды. Сиырдың саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті. Толығырақ »
Жер шаруашылығының жағдайы
Жер шаруашылығының жағдайы туралы қазақша реферат
Жер шаруашылығының, өсімдік шаруашылық жағдайына көз жіберелік. Өнім алу үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер, егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттім. Егін егілген жердің көлемі ғана емес, сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр. Соның нәтижесінде өсімдік шаруашылығындағы басты өнім – астық өндіру болса, оның тазартылғаннан кейінгі көлемі 1990 жылғы 28,5 миллион тоннадан 2000 жылы 11,6 миллион тоннаға , яғни 2,5 есеге дейін азайды. Толығырақ »
Негізгі өндіргіш күштің жағдайы
Негізгі өндіргіш күштің жағдайы туралы қазақша реферат
Агроөнеркәсіп кешенінде реформаға дейін 2 миллионнан астам, оның ішінде ауыл шаруашылығында 1,5 миллионнан астам адам жұмыс істеді. 2000 жылы ауыл шаруашылығында 232 мың адам жұмыс істеді. Жұмыссыз қалған адамдардың ең көп жері бүгінде ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салалары. Толығырақ »
Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы
Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы туралы қазақша реферат
Енді реформадан кейінгі ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы қандай халде деген сұраққа жауап ретінде біраз дерек келтірейін. Толығырақ »
Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер
Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер туралы қазақша реферат
Республиканың агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық реформаға дейін 2100 кеңшар, 400 ұжымшар, 20-дан астам ірі ет комбинаттары, сүт зауыттары, жүнді бастапқы өндеуден өткізетін үш аса ірі фабрика, басқа да көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. Тек тамақ өнеркәсібінде 3 мыңнан астам кәсіпорын болды. Толығырақ »
Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі туралы қазақша реферат
Жоғарыда айтылғандай Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуның басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды терендету және кеңейту қажеттілігі туып отыр. Толығырақ »
Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері туралы қазақша реферат
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап елде жүргізілген агралық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардабтары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және зандық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие-қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық прцестерге елеулі нұқсан келтірді. Толығырақ »