Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары туралы қазақша реферат

     Қазақстан – 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр) алады.

Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өңдіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар. Толығырақ »

Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар

Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар туралы қазақша реферат

     Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген ерекшеліктерімен байланыстырылып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді. Толығырақ »

Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары

Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы қазақша реферат

     Отандық агроөнеркәсіп кешенін табыспен реформалау үшін жоғарыда айтылған мемлекеттік реттеу әдістерінің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Оларды пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда олар нарықтық экономика дамыған және агроөнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы тұрақтылығы жағдайындағы өндірістік-экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталғанын естен шығармау керек. Толығырақ »

Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері

Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері туралы қазақша реферат

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тарған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибес көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады. Толығырақ »

Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы туралы қазақша реферат

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалықбағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық — әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. Толығырақ »

Экспортты реттеудегі мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттері

Экспортты реттеудегі мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттері туралы қазақша реферат

Еліміздің «Қазақстан 2030» стратегиясында қарастырылған ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы алдын-ала және үш он жылдық кезеңдерді қамтиды.[5] Оның алғашқы кезенің жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылы 28-қаңтардағы №3834 Жарлығымен  1998-2000 жылдары арналған  дамудың стратегиялық жоспары мен осы жылдарға арналған Үкіметтің іс-қимылының бағдарламасы бекітіліп, табысты жүзеге асырылды. Толығырақ »

Экспорттық бақылау

Экспорттық бақылау туралы қазақша реферат

Экспорттық бақылау – бұл экспорты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда мемлекетке белгілі бір зиян келтіретін, мемлекеттің стратегиялық және саяси мүдделеріне қайшы келетін өнімдердің экспортын бақылауға, тыйым салуға, шектеуге байланысты ұйымдастыру – құқықтық және экономикалық іс-шаралардың жүйесі. Толығырақ »

Тарифтік және бейтарифтік реттеу

Тарифтік және бейтарифтік реттеу туралы қазақша реферат

Еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты реттеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40% құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44% құраған.[12]

Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарларға мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы шикізатын жатқызамыз. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80% тиеді. Бұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігінің  төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге  болады. Толығырақ »

Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары

Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары туралы қазақша реферат

Дамыған нарықтық экономикалы елдердің сыртқы сауданы реттеу жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық экспорттаушыларды ынталандыру тәсілдері алады. Бұл тәсілдер әр түрлі болып келеді.

Экспортты көтермелеудің негізгі құралы болып: субсидиялау, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мен несиелеу; салық жеңілдіктері, сонымен қатар капиталдарды әкету мен  әкелуді ынталандыру, тауарларды өндіру мен өткізуге мемлекеттің белсенді қатысуы, экспорттық өндіріске ұзақ мерзімді капиталдар салу. Толығырақ »

Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту

Қазақстанның  экспорттық  өндірісін  дамыту туралы қазақша реферат

Мемлекеттің экономикалық стратегиясында маңызды орынды алыс және таяу шетелдермен сыртқы экономикалық қатынасты реттеуге және дамытуға, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуына бағытталған, экспортқа бағытталған саясат алады. Экспортқа бағытталған стратегияның негізгі  мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық салаларды табу, экономикалық өсімнің жоғарғы қарқыны мен үнемі сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Тек қана экспорттық потенциалды дамыту ұлттық валютаның айналуы мен нығаюының экономикалық қиындықтарын түпкілікті шешеді және отандық экономика мен халықтың әл-ауқатының артуын қаржыландырудың сыртқы көздерін құрады. Толығырақ »