Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Физика, Астрономия’ бөлімінің мұрағаты

Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері

Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр. Толығырақ »

Қазақстанның ғарышкерлері

Ғарышкер, астронавт , космонавт — ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.

Толығырақ »

Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2004 жылдың желтоқсанында қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан қоғау бөлімінде жұмыс іздеген 1220 адам тіркелген, оның 392 – на жұмыссыздыр мәртебесі берілді.138 адам жұмысқа орналастырылып, 34 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Толығырақ »

Ғарыш саласының еліміздің экономикасына қосар үлесі қандай?

Байқоңыр ғарыш кешенінің республикалық бюджеттің кірісі арқылы экономикаға үлесі бар екенін Қазақстан халқы жақсы біледі.
Біріншіден, барлық ғарыштық технологиялар озық, жоғары технологияларға жатады. Ендеше, бұл тұрғыдан алғанда ендігі жерде Қазақ елі технологиялық жағынан дамыған елдердің қатарына нық сеніммен қосыла алады. Екіншіден, Қазақ елі өзінің ғарыш саласымен бірге ғылыми-техникалық потенциалын дамытады. Өйткені ғарыш саласындағы жетістіктерін басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланып, оларды алға тартады. Әсіресе, байланыс және теледидар жүйелері, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, машина жасау мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық зерттеулер ілесе тез аяқ алады.
Толығырақ »

Қазақстанның ғарыш алаңы

Ғарыш алаңы, космодром — ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады. Толығырақ »

Қазіргі астрономияның бөлімдері

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсілдеріне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан объектілерінің орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Толығырақ »

Астрономияның даму жолы

Астрономия (грек. astron — жұлдыз және nomos — заң) — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Адам баласының өмірлік қажеттіліктерінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында б.з.б. 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Толығырақ »

Күн мен Жұлдыз

Ғаламдағы негізгі жарық көздері- жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн –кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен және басқа барлық планеталарды бірге алғандағы массадан 750 есе асап түседі. Толығырақ »

Күннің және Айдың тұтылуы

Сарос-ұзақтығы 18 жыл 11,1/3 тәулікке тең Күн мен Айдың бірдей тұтылып тұратын уақыттарының арасындағы кезең. Бір саростың ішінде Күн орта есеппен 41рет , Ай 27-29 рет тұтылады. Бұл кезең тіпті Ертедегі Греция мен Египетте белгілі болып, Күн мен Айдың тұтылуларын алдын ала болжап айтуға мүмкіндік берген.

Толығырақ »

Хаббл эффектісі

Галактикалардың негізгі сипаттамалары. В. Гершель XVIII ғасырда аспандағы бақыланатын мыңдаған тұман тәрізді дақтарды (тұмандықтарды) ашып, оларды каталогқа тіркеді. Кейініректе олардың көбінесе спиральды тұрпаты бар екені аңғарылды.

Американ астрономы Э.Хаббл (1889-1953) Андромеда шоқжұлдызы ішіндегі тұмандықтың фотосуретін түсірді. Толығырақ »