‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты
Америго Веспуччи
Америго Веспуччи туралы қазақша реферат
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды. Толығырақ »
Васко да Гама
Васко да Гама туралы қазақша реферат
Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.
Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады. Толығырақ »
Христофор Колумб
Христофор Колумб туралы қазақша реферат
1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының Губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материялды толық зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп санайды. Толығырақ »
Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары
Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары туралы қазақша реферат
Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды. Толығырақ »
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстанның қазба байлықтары туралы қазақша реферат
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Толығырақ »
Су ресурстарының экологиялық мәселелері
Су ресурстарының экологиялық мәселелері туралы қазақша реферат
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған.Ең ірі су көздеріне Ертіс, Есіл,Іле,Сырдария,Жайық,Шу,Талас,Асса өзендері жатады.Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалыр отыр.Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзені қалып отыр.Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған.Негізгі ластаушы заттар мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі. Толығырақ »
Жер ресурстарының пайдалану мәселесі
Жер ресурстарының пайдалану мәселесі туралы қазақша реферат
Адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд.га құнарлы жерлерден айрылған.Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда.Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады.1950 жылы дүние жүзінде 1адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0,15 га –ға дейін кеміген.
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор.Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи тарихи дене деп қарастырады. Толығырақ »
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы туралы қазақша реферат
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Толығырақ »
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі туралы қазақша реферат
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты Толығырақ »
Канаданың шаруашылығы мен сыртқы байланыстары
Канаданың шаруашылығы мен сыртқы байланыстары туралы қазақша реферат
Канада — жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Шаруашылық құрылымында «Үлкен жетілікке» енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес сала басым. Елде алуан түрлі тауарлар: жемістер консервілеуден бастап автокөлік өндіруге дейін дамыған.
Өнеркәсібі. Канада әлемдік нарыққа ағаш өнімдері және қағаз шығаратын аса ірі ел болып табылады. Елдің әсіресе өндіруші өнеркәсібі күшті дамыған: Канада никель, күміс, алтын, қорғасын, мыс, табиғи газ өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады [9,16]. Толығырақ »