Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы туралы қазақша реферат

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да  жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері  бойынша  жіктеледі:

•    шыгу  тегі  бойынша:

табиғи  және  жасанды  (антропогенді);

•    пайда  болу   көзіне  байланысты:

а) өндірістік,   ауыл   шаруашылық,   транспорттық және  т.б.;

б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсін орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар  мен  мемлекеттерден  енетін);

• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

• қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және   оның   әр   түрлі   құрам   бөліктері   (әлемдік   мұхит,   тұщы   су, жер  асты  сулары,  өзен  сулары  және  т.б.);

•   әсер   ететін   жеріне   байланысты:   қала   ортасы, ауыл   шаруашылық   ортасы,   өнеркәсіп   орындарының  ішінде,  пәтер  ішінде  және  т.б.;

•   әсер  ету   сипатына   байланысты:   химиялық   (химиялық    заттар    мен    элементтер),    физикалық (радиоактивті,      радиациялық      жылулық,      шу, электромагниттік),  физико-химиялық   (аэрозолдер), биологиялық  (микробиологиялық  және  т.б.);

•   әсер   етудің   периодтылығына байланысты: бірінші ретті     (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты  құбылыстардың  өнімдері); тұрақтылық  дәрежесі   бойынша:  өте  тұрақты   — жүз   және   мың  жыл  тұратын   (азот,  оттегі,  аргон  және  басқа  инертті  газдар), тұрақты  —  5—25 жыл  (көмірқышқыл   газы,  метан,  фреондар),  тұрақсыз  (су   буы,  көміртегі  тотығы,  күкіртті   газ, күкіртсутек,   азоттың   қостотығы,   озон   қабатындағы  фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалуға болады: қоршаған ортаға, түсетін көлеміне,  тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы:    көмірқышқыл    газының    қолайсыз    эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлемше және үш сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы  қамтамасыз  етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2—3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар  (бос  жыныс,  шлактар  және  т.б.).

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын  олардың  саны  бірнеше  мыңға  артып  отырады.

Жер бетіндегі адам мекен ететін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхит бетінің 15—25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қаупін төндіріп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның  жиналуымен  байланысты.

Биосфераның жылу балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20—30% — ға жейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1—30С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе   жылулық   дағдарыс   жағдайына   өтуіне  соқтыруы  мүмкін.


Тағы рефераттар