‘Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі реформаларға талдау
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі реформаларға талдау туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Толығырақ »
Қазақстан Республикасының салық жүйесін қалыптастырудағы шетел тәжірибесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесін қалыптастырудағы шетел тәжірибесі туралы қазақша реферат
Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан шетел мемлекеттерінің салық жүйесімен қысқаша болса да түсініктеме беру арқылы танысу өте орынды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған шетел мемлекеттерінің салық ісіндегі тәжірибесімен танысу болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді. Толығырақ »
Cалық жүйесіндегі салықтардың атқаратын функциялары және салық салу қағидаттары
Cалық жүйесіндегі салықтардың атқаратын функциялары және салық салу қағидаттары туралы қазақша реферат
Салықтар – бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде алынатын қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі ретінде қарастыруға болады. Толығырақ »
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің экономикалық мәні, дамуы мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің экономикалық мәні, дамуы мен қалыптасуы туралы қазақша реферат
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгін баршаға аян. Бұл орайда халықаралық өркениетті стандарттар мен нарық талаптарына сай келетін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қол жеткізуге жол ашатын әлеуметтік-экономикалық жанама ықпал етудің елеулі құралы салық жүйесі. Толығырақ »
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы, бөлісуі және пайдаланылуы бойынша іс-әрекет нормативті-құқықтық актілерге негізделеді және олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды және қажетті құралы болып мемлекеттік бақылау және оның құрылымдық бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылаудың маңызы мен қажет болуы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы, бөлісуі мен пайдаланылуына байланысты экономикалық қатынастарды әлпеттейтін және экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау функциясымен дәйектеледі. Толығырақ »
Қаржы валюта нарығы
Қаржы валюта нарығы туралы қазақша реферат
Жоспар
Кіріспе
І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта нарығы.
1.2 Құнды қағаз түрлері.
ІІ. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы.
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер.
2.2 Қор биржасы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер. Толығырақ »
Ипотекалық несиелеудің ұйымдастыру-құқықтық негіздері
Ипотекалық несиелеудің ұйымдастыру-құқықтық негіздері туралы қазақша реферат
Жылжымайтын мүліктермен операцияларды жүзеге асыру үшін ипотекалық несиелеу жүйесінің барлық звеноларының қызметтерін реттейтін заңды нормалардың қажет екендігі белгілі.
Кепілдік құқықтың негізгі көзі, яғни соған байланысты ипотекалық несиелеуді жүзеге асыру кезіндегі негізгі құқықтық норма Қазакстан Республикасының Азаматтық Кодексі болып табылады. Толығырақ »
Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні
Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні туралы қазақша реферат
Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиенің түрі болып табылады. Қамтамасыз етілген несиелер, банктік несиелермен салыстырғанда банктер үшін қауіпсіз, яғни несиенің қайтарылмай қалған жағдайында банк кепілге алған мүліктерін сата отырып, өз қаражаттарын қайтарып алады.
Классикалық түсінікте, ипотека — бұл тек несие беру ғана емес, сондай-ақ салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар шығару мен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары туралы қазақша реферат
2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға несие беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды. Толығырақ »
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан. Толығырақ »