Cалық жүйесіндегі салықтардың атқаратын функциялары және салық салу қағидаттары туралы қазақша реферат

Салықтар – бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде алынатын қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін  олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Қазіргі кездегі әдебиеттерде салықтардың төмендегідей (2-сурет) функцияларын қарастырады:

Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар  мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауар-ақщалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.

Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Ол ұлттық табысты мемлекеттік ету деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы – 16,6%-дан 2008 дылы 22,0%-ға дейін болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда – 26,4%).

Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Бұл шараның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Мемлекет салық жинау арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және тағы басқа қызметтерді жүзеге асырады.  Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары.

Салықтардың үшінші функциясы – реттеушілік. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Реттеушілік функциясы салық механизмі арқылы іске асырылады. Осы функциясымен реттеуші тұтқалар арқылы ел экономикасына ықпал жасалады. Реттеуші тұтқаларға мыналар жатады:

—      салық түрлері;

—      салық преференциялары;

—      салық санкциясы;

—      салық мөлшерлемесі;

—      салық салу әдістері.

Салықтың реттеуші тетіктері тек қана өндіріс сферасына ықпал жасап қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясатына, шетелдік инвесторларды ынталандыруға, шағын және орта бизнеске ықпал жасайды. Әрине салықтық реттеу  тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың  басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз  байланыста болуы керек.

Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық  мөлшерлемесін шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған салық мөлшерлемесі салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық  ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.

Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы да бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:

—     егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;

—     егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі.

—     егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Соңғы жылдары Қазақстан үшін салықтық және оларға теңестірілген төлемдердің төмен үлес салмағы сипатты болып отыр, бұл олардың жеткіліксіз жиналымдығымен – салық салудан жалтарынумен түсіндіріледі.

Жалпы қаржыларға сияқты салықтарға да бақылау функциясы тән. Салықтардың бақылау функциясы арқылы  салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет  саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық  бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі. Бұл функцияның көмегімен салық алу процесінде салық төлеушілер қызметі, яғни заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық-шаруашылық қызметі бақыланады.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше функциялары атап көрсетілген. Солардың бірі – ынталандырушы функциясы.Ынталандыру функциясы белгілі бір мекемелер мен тұлғаларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы жүзеге асырылады. Салықтардың ынталандырушы функциясының көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық мөлшерлемелерін енгізеді. Бұл функция экономикалық даму, техникалық жаңару бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта-жігер туғызады. Мысалы, корпоративтік табыс салығы бойынша кірістің негізгі табыс көзі жер болып табылатын кәсіпорындар үшін 10% мөлшерлеме белгіленген, ал басқа кәсіпорындар бұл салықты 30% мөлшерлеме бойынша төлейді, осылайша ауыл шаруашылығын дамыту ынталандырылады. Акциздер бойын­ша әкелінетін тауарларға салынатын салық мөлшерлемелеріотандық өнімдерге қарағанда жоғары, осылайша Қазақстандық акциздік тауар өндірушілер ынталандырылады.

Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық мөлшерлемелерімен және нөл пайыздық салық мөлшерлемелері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып, еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды [3].

Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.

Салықтарда ежелден са­лық­ жүк­те­ме­сін ­(салық ауыртпалығын) бө­лу­дің­ екі­ қа­ғи­да­ты­қалыптасқан:

1) пайда (алынған игіліктер) кағидаты;

2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Бі­рін­ші­ жағ­дайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды қолдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.

Сонымен бірге бүл тұжырымдаманы жалпылама колдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде кандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.

Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қа-жетті шығыстардан төленетін салық пен ең кажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бүл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.

Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.

Сонымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі кезінде (50%-дан жоғары) жалпы фирмалар мен халықтың іскерлік белсенділігі шұғыл төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор А.Лаффер бас болып америка экономистері теория жүзінде дәлелдеуге тырысып бақты. А.Лаффер бюджетке түсетін салықтар сомасының табыс салығының мөлшерлемелеріне тәуелділігін анықтады («Лаффер нәтижесі» деп аталады).

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың кағидаттарын пайдалану салык мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге қажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) қағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар:

1) салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкесалынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);

3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнемділік қағидаты).

Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық төлеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектінің қос салык салудан қорғанышы болуы тиіс.

Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарынудың ықтимал сызба жолдарын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық Кеңес құруға құқылы. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Салықты уақытысында төлеу міндет болып саналады. Себебі уақытысында төленген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады.  Сонымен қатар уақытылы және толық төленген салық арқылы өз уақытысында зейнетақының, әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, студенттердің жәрдемақыларын алатынын ескеруіміз қажет.

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зом-былықты жоқ етті, бұл үдеріске регламенттеуді енгізді және А.Смитке «…салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың ны-шаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды:

1. Салық салудағы әділ­дік­ қа­ғи­да­ты ­екі аспектіде қарастырылады:

а) «дең­гей­лес­ тең­дік­ке» жету салық төлеушілердің табыс-тарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді;

ә) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді колдана отырып жүргізілуі тиіс.

2.­Қа­ра­пай­ым­ды­лық қа­ғи­да­ты.­­­Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.

3.­Са­лық­тар­дың ­анық­ты­ғы­– ­алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

4.­Же­ңіл­дік­тер­дің ­ең­ аз ­са­ны.­Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, қызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашқақтау қажет. Әлеуметтік саясатты, денсаулық пен мәдениетті дамытуды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды салықтардың мөлшерлемелерімен айла-шарғы жасау жолымен алуға болмайды. Салық төлеушілердің жекелеген топтары тарапынан қысымға саяси билік берілмеуі тиіс. Бұл қағидат сондай-ақ рыноктық экономика тұрғысынан да маңызды. Нағыз бағаларсыз рынок болмайды. Беталды салықтық жеңілдіктер бағалар жүйесінде көрінеді және әрбір өнімнің нақтылы бағасы туралы анық түсінік бермейді.

5.­Са­лық­ са­лу­дың­ эко­но­ми­ка­лық­ қо­лай­лы­лы­ғы.­Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.

6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша са­лық­ мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің ­­са­лыс­тыр­ма­лы­ғы.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады. Салық заңнамасының ережелері осы ҚР-ның Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

Са­лық­ са­лу­ мін­дет­ті­лі­гі­салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетті толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындау міндеттілігін айқындайды. Еліміздегі салық салу жал­пы­ға ­бір­дей­ жә­не ­мін­детті­болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың ай­қын­ды­лығы­салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін салық заңнамасында белгілеуді  білдіреді.

Салық салудың әділдігі принципі:

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бі­рың­ғай­болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер­ресми басылымдарда міндетті түрде жа­рияла­ну­ға­жатады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін ие­сіз ­пай­да­ла­ны­луы­болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, арнаулы қорларға төленетін жарналар мен аударымдар, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнынан, пайдадан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелетін бюджеттен тыс қорлар жатады.

Салық жүйесінің біртұтастығы принципі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі еліміздің бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады

.

Тағы рефераттар