Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар – орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.

Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген – шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.

Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.

Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.

І фаза – амортизациямен еркін сырғанау (2.1 сурет, а — в). Итерілістен кейін, мәселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы және екі таяқ ауада орналасады және қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сәттер табылады: басы – оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі және соңы – оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.

ІІ фаза – тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау (2.1 сурет, в — д). Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сәт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат – тірек аяғын тік қоюмен аталады.

ІІІ фаза – жартылай отырып сырғанау (2.1 сурет, д — е). Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сәтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.

ІV фаза – жартылай отырып алға қарай ұмтылу (2.1 сурет, е — ж). Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нәтижелі итеріліс қамтамасз етеді.

V фаза – аяқты жазу арқылы итеріліс (2.1 сурет, ж — и). Бұл фаза жартылай отырыстың соңынан сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сәттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.

Сырғу адымының кезеңдері

Фазалар

Фазалардың шекаралары

Сырғу

І – амортизациямен еркін сырғу Қозғалыс тудыратын аяқтың қардан үзілуі

Таяқтарды қарға қою

ІІ – тік аяқтармен сырғу Тік қоюдан кейін тірек аяқты тізеде бүгуді бастау
ІІІ – жартылай отырып сырғу (топпен)

 

 

Қозғалыс тудыратын аяқтағы бәтеңке өкшесінің шаңғыдан ажырауы

Итерілу

ІV – тізе буынында қимыл тудыратын аяқты бүге отырып алға ұмтылу Тізе буынында қимыл тудыратын аяқты тік қою

 

V – қимыл тудыратын аяқты тік қоя отырып итерілу Қимыл тудыратын шаңғының қаржын ажырауы

Тағы рефераттар