Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы’ бөлімінің мұрағаты

Банктің кассалық операциялары

Банктің кассалық операциялары туралы қазақша реферат

Сонымен қатар практиканы өту кезінде  “есеп айырысу операциялар” бөлімінде болдым. Бұл бөлімде негізгі кассалық есеп айырысу құжаты чек кітапшасы болып табылады. Чек кітапшасын алу үшін клиент өтініш жазып, өзінің құжаттарын көрсету керек(жеке куәлік немесе паспорт). Чекке клиенттің аты-жөнін, шоттың нөмірін, СТТН, банктің атауын, ал екінші жағына сомманы түсінікті етіп жасу керек.  Клиент міндетті түрде қол қою керек. American Express чектерын  АҚ “Банк Центр Кредиттің” филиалдарында алуға болады. American Express чектерын сатып алғанда банкте шот ашуға міндетті емес. Толығырақ »

Ішкі несиелік саясат туралы ережелер

Ішкі несиелік саясат туралы ережелер туралы қазақша реферат

АҚ “Банк Центр Кредит” ҚР банктік жүйесінде акционерлік қоғам формасында қызмет көрсететін коммерциялық банк болып табылады. Ішкі несиелік саясаттың мақсаты тәуекелді төмендету. Міндеттері:

  • Перспективті  жобаларды қаржыландыру және шаруашылық жүргізуші субъектілерді несиелеу арқылы сапалы ссудалық портфель құру;
  • Ссудалық портфельдің мөлшерін және құрылымын қамтамасыз ету, баланстан тыс міндеттемелер;
  • Банк активтерін орналастырудың табыстылығының және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Толығырақ »

Шағын және орта бизнесті несиелеу

Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы қазақша реферат

АҚ “Банк Центр Кредит” Европалық Даму  және Қайта құру Банкісінің шағын бизнесті несиелеу программаларына, «CROSSROADS» Азиаттық Несиелік Компанияның программаларына  қатысады.  Сондықтан да, АҚ “Банк Центр Кредитте” шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімі құрылды. Несиелеу Европалық Даму  және Қайта құру Банкісі жасаған регламент бойынша жүзеге асырылады.

Шағын бизнесті несиелеу программасының негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлерін және шағын кәсіпорындарын қаржыландырудың тұрақты көзін құру. Толығырақ »

Тұтыну несиені ұйымдастыру

Тұтыну несиені ұйымдастыру туралы қазақша реферат

         Тұтыну мақсаттарына жеке тұлғаларға несиені беру АҚ “Банк Центр Кредиттің” тұтынушылық несиелеу бөлімі жүзеге асырады. Қазіргі уақытта несиелеу Банк Басқармасымен бекітілген келесі программалар бойынша жүзеге асырады:

  • Тұрғын-үйді сатып алуға;
  • Автомашинаны сатып алуға;
  • Жалақы жобасы. Толығырақ »

Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есеп жүргізу

Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есеп жүргізу туралы қазақша реферат

Несиелік басқаруда мен банктің несиелік саясатымен таныстым. Банкте несиелік операциялар бойынша құжаттарды дұрыс жүргізу және есептеу туралы ішкі ережелер бар.

Несиелік комитет туралы нұсқама бойынша клиентке несие беру несиелік комитеттің барлық мүшелерімен бірігіп шешіледі. Олардың құрамын Банктің Басқармасы  тағайындайды. Толығырақ »

Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері

Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Айналымдағы ақша массасын  реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады.Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық  банктердің тұрғысынан алғанда есептік мөлшерлеме дегеніміз-артық резервтің шығыны болып табылады. Сол себепті оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің қарыз алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсталуын арттырады. Толығырақ »

Пайыздық мөлшерлемесі және резервтік талаптар

Пайыздық мөлшерлемесі және резервтік талаптар туралы қазақша реферат

Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап түру мүдделігін ескереді.
Толығырақ »

Міндетті резервтер нормасы

Міндетті резервтер нормасы туралы қазақша реферат

Акшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы колма-кол акшаның мултипликациялан байтындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадагы айналыс жылдамдыгына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса акша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады.

Міндетті резервтер нормасы — коммерциялық банктің жалпы міндеттемелеріне (немесе банктің тартқан ақшалай қаражат сомасына) катысты белгіленетін, коммерциялық банктің Орталық банкте міндетті түрде сактауға тиісті міндетті ақшалай резервтер сомасы. Міндетті резерв нормасы бұл коммерциялық банктердің клиенттер алдындағы міндеттемесін тұрақты орындауын қамтамасыз ететін кепіл қорының шамасын белгілейді. Мұндай норма Орталық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралы ретінде пайдаланылады

Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл — айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағы-мен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
ҚР Ұлттык банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді акша-несие саясатынның аспаптарын пайдаланады.

Халыкаралык тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жогарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстагы ақша массасы кемиді.

Қазакстанда 1993 жылдыц каңтарынан 1994 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20%-дарга белгіленді, 1994 жылдың мамырынан бастап ол тецгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтеріледі. Міндетгі резерв нормаларыныц арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуіне себепші болды.

Банк резервтерінің (Ұлттык банктің корреспонденттік шоттарындагы қаражат) артыгымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы тәртібіне көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ -экономикалық нормативтерді орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте резервтік талаптардан кем ұстамауга тиісті болатын. Ал, резервтік талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ға дейін кемісе, 1996 жылдан бастап 15%-ға дейін төмен түеіп кетті.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта каржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

Мультипликатор түсінігі және оның түрлері

Мультипликатор түсінігі және оның түрлері туралы қазақша реферат

Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.

Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді. Толығырақ »

Ақша массасының негізгі компоненттері

Ақша массасының негізгі компоненттері туралы қазақша реферат

Ақша массасының негізгі компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол келесі формуламен анықталады:

                           МВ = СІС + RR + DCB

Мұндағы:

CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттарындағы қаражаттары; Толығырақ »