Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Кәсіпорын экономикасы, қаржылық менеджмент’ бөлімінің мұрағаты

Туризм саласында сервистік қызмет көрсетудің орны мен ерекшеліктері

Қазіргі әлемдік шаруашылыққа қоғамдық және жеке қажеттіліктердің өсуімен, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты тауар айналымының үнемі кеңею үрдісі тән. Рынокта сатылатын тауарлар көлемі адами қызметтің көптеген әртүрлі нәтижелерін, атап айтатын болсақ, тек материалды-заттай түрдегі өнімдер ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық, интеллектуалдық, әлеуметтік қызметтер мен коммерциялық істердің жемісі, сатып алу-сатудың объектісі ретінде көрінетін бірқатар қызмет түрлерін қамтиды. Толығырақ »

Сервистік қызмет көрсету сапасы

Кез келген мемлекетте сервистік қызмет көрсету жағдайын бағалаған кезде  өнім мен қызмет көрсетудің  сапасы мәселесі ең негізгі болып есептеледі. Қызмет көрсету сапасы дегеніміз —  сервис өнімінің пайдалы қасиеттерінің кешені ұлтына және әлемдік  стандарттарға сәйкес қойылған талаптар деңгейінде жеке және қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру. Толығырақ »

Сервистік қызмет адам қажеттілігін қанағаттандырудың формасы ретінде

Іс-әрекет – бұл адамның ішкі және сыртқы белсенділігі. Сыртқы жағынан іс-әрекет өндіріс, технологиялық тәртіп, жетекшілер нұсқауымен және т.б. талаптарымен реттеледі. Іс-әрекетті ішкі реттеушілер психикалық процестер, қасиеттер, жағдай, қажеттіліктері, мүдделері және т.б. болып табылады. Толығырақ »

Сервистік қызметтің табиғаты мен сипаты

Сервис-бұл халыққа қызмет көрсету немесе оларға қызмет ұсыну. Сервисті жүзеге асыру қызмет көрсету сферасы арқылы оның неғұрлым дамыған компонентті-қызмет көрсету сферасы арқылы жүзеге асырылады.

Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық  әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады. Толығырақ »

ҚР шағын бизнесті қаржылық басқаруды жетілдіру

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ  

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  жеделдетілген  шараларды іске асыру күн өткен сайын өзінің өзектілігін сақтап отыр. Өйткені, шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  барынша  кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық  жағдайларды  жетілдіру еліміздің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға айрықша үлес қосады. Шағын  кәсіпорындардың  дамуы  нарықты  тауарлармен  және  қызметтермен толықтырады, экспорттың әлеуетін арттырады және  жергілікті  шикізат  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  жасайды.  Толығырақ »

Қазақстандағы құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық қажеттіліктері

Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал бағасының арзандауына ықпалын тигізеді.  Экономиканың әртүрлі салаларында және ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін.

Құрылыс — өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады.

Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі тетігі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады. Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу үрдісі.

Тендерлер келісім–шартқа сәйкес алған міндеттемелерін орындауға материалдық тұрғыдан кепілдік беретін жұмысты орындаушыларды конкурстық негізде іріктеудің негізгі әдісі болып табылады. Тапсырыс берушілер баға, сапа, мерзім көрсеткіштері арқылы келісім-шарттардың немесе мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарына қол жеткізеді. Тендерлік әдісті пайдаланудың негізгі артықшылығы – бәсекелестік жағдайын туғызу. Сол арқылы, бірнеше жеткізушілер мен мердігерлерді тарту кезінде құрылыс қызметтері нарығындағы монополиялық жағдайды жоюға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда құрылыс жұмыстарының бағасын арзандатуға, ғимараттар мен құрылғыларды жобалау мен құрылысын жүргізуге кететін уақытты қысқартуға, атқаратын жұмыстардың сапасын арттыруға болады.  Сонда да көптеген инвесторлар тапсырыстарды өздерінің тікелей қатынастардағы, жергілікті мердігерлік ұйымдарына беруде, себебі инвесторлар бөгде ұйымдарға, сырттан келген мердігерлерге толық сенбейді немесе  мердігерлердің біліктілік деңгейі белгісіз, тапсырыс берушінің тендерлерді ұйымдастырудағы тәжірибесі аз, үміткерлерді алдын-ала жіктеу тәжірибесінің қолданылмауы, «сыбайластық» және басқа жағдайлар әсерін тигізеді.  Сондықтан,  мердігерлік  құрылыс  ұйымдарының  өздері тендерлер мен конкурстарға қатысуда толық тәжірибе жинақтамаған, олар өздерінің конкурсқа ұсынып отырған шарттарын тиімді түрде, анық жеткізе алмайды.

Елбасының «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының елімізде құрылыс саласын дамытуда бәсекелік қабілеттілігін арттыру маңыздылығы уақыт өткен сайын айқын аңғарылады.  Құрылыс  жобаларын жүзеге  асыру  өңірлердегі индустриялық-инновациялық дамуға жаңа серпін берумен бірге, экспорттық мүмкіндікті арттырса, халықтың энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мен индустриялық аймақ құруға қатысты мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз қалап отыр. Демек, инновациялық  бағыт арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға қеңінен жол ашылып, халықтың  дағдарыс   салқынын сезінбеуіне   керісінше   әлеуметтік жағдайдың оң шешілуіне мүмкіндік туатынын көреміз.

Қазіргі  таңда құрылыс қызметтері саласындағы бәсекелестік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық құбылысқа айналды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қауымдастық аясына интеграциялануы, экономиканың қарқынды дамуы Астана, Алматы және басқа қалалардағы ірі құрылыс нысандарын жобалауға және салуға көптеген шетелдік құрылыс компанияларын, инженерлер мен мамандар тартылды. Инжинирингтік қызметтер мен құрылыс жүргізуге байланысты тапсырыстардың ауқымды көлемі шағын зауыттар, фабрикалар, қоймалар, дүкендер, кеңселер және тұрғын үйлер салуға қатысты қарапайым міндеттердің үлесіне берілді [1].

Бәсекеге қабілеттілік=сапа+баға+қызмет көрсету. Бәсекеге қабілеттілікті басқару, яғни төменде айтылғандардың тиімді қатынасын қамтамасыздандыру: сапаны жоғарылату, өндіріс шығындарын кеміту, үнемдеу мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жеделдету [2].

Құрылыс саласындағы жобалардың сапасын көтеруге ең алдымен елімізде қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы» ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, отандық құрылыс компаниялары шетелдік алдыңғы қатарлы құрылыс ұйымдарымен қарым–қатынас жасауы тиіс, олардың осы салада жинақталған озық тәжірибелері мен білімдерін, жаңа технологиялары мен менеджментін үйренуі қажет. Прогрессивті технологияларды игеру арқылы отандық құрылыс кәсіпорындары отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі, ол өз кезегінде құрылыс өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне жол ашады. Сол арқылы салынатын тұрғын үй бағасы тұрақталып, тұрғындардың көп бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады [3].

Құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік тетіктерін дамыту  – бұл көрсетілетін қызметтердің нарық шарттарына сәйкестігін, өзінің техникалық, сапалық және экономикалық қасиеттері арқылы ғана емес, өнімді  өткізудің  коммерциялық  және  басқа  қасиеттері  (мысалы,  тарифтер деңгейі, жеткізу мерзімі, сатудан кейін қызмет көрсету, жарнама да клиенттердің нақтылы талаптарына жауап беретіндігін көрсететін көпқырлы түсінік). Белгілі бір сала немесе кәсіпорын деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілікті мына көрсеткіштердің  негізінде бағалауға болады: еңбек өнімділігі; еңбек ақы төлеу мөлшері; капитал сыйымдылығы; саланың даму деңгейінің ұлттық шаруашылықтың жалпы даму деңгейіне сәйкестілік дәрежесі; өнімнің бағасының серпіні; өнімнің техникалық дәрежесі мен ғылыми сыйымдылығы; өнімді өз бетінше игеру мен оның ұлғаймалы өндірісіне қажетті білімдер мен ғылыми жетістіктердің жиынтығы; ғылыми және жобалау – конструкторлық қызметтерін жүзеге асыруға қажетті технологиялық жетістіктердің көлемі; саланың экспортқа бағытталуы немесе импорттық тәуелділігінің дәрежесінің болуы.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу нарығында беделі биік, белгілі құрылыс компаниялары санаулы. Олардың арасында «ABS Group», «Азбука жилья», «Әлем құрылыс», «Базис-А», «СМР Павлодар», «Геостройсервис» және т.б.  компаниялары құрылыс жұмыстарының көлемі, сапасы және бағалары негізінде көшбасшылар қатарында.

Бүгінгі таңда Қазақстандық құрылыс компанияларының арасындағы неғұрлым танымал құрылыс компаниялары өздерінің бұрыннан қалыптасқан беделдерін барынша пайдалана отырып, тендерлерді ұтуға өз күш-жігерін салуда.

Құрылыс компаниялары үшін бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді құралдарының бірі – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) қабылданған халықаралық стандарттары негізінде құрылған сапа менеджменті жүйесі екені белгілі.

Құрылыс компаниясының бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету үшін стратегиямен қатар тактикалық мәселелер шешілу қажет. Әртүрлі қызметпен айналысатын фирмалардың бәсекеге қабілетін басқаруға қажетті тактикалық және стратегиялық көрсеткіштердің құрамы бір-біріне ұқсас болмайды. Сондықтан, құрылыс компаниясының бәсекеге қабілетін қолдауға қажетті бәсекелік артықшылықтарды қалыптастыруға байланысты тактикалық мәселелердің мазмұнын құрайтын әлеует факторларын басқарудың ерекшеліктерін қарастырамыз.

Кәсіпорындардың құрылыс саласында бәсекелік қабілеттілігін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі келесі қағидалардан тұрады:

— бағалау көрсеткіштерінің объективтілігі, олар тендерлердің нәтижелері бойынша алынған нақты статистикалық мәліметтердің негізінде қалыптасуы керек;

— бағалаудың сан тұрғысынан айқындылығы, оның экономикалық мәні құрылыс компаниясын басқару жүйесіндегі қолданылуға түсініктілігі және жеткіліктілігіне негізделген;

— бағалау тәртібінің бір-біріне  қарама-қарсы  болмауы,  ол үшін құрылыс қызметтері нарығының өзгешеліктерін ескере отырып, жоғары технологиялық салаларда қызмет атқаратын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың теориясы мен әдістемесін қолдану қажет;

— кез-келген құрылыс компанияларында қолдануға болатын бағалау аппаратының әмбебап болуы;

— көрсеткіштердің динамикалылығы, біртіндеп жинақталатын ақпараттардың негізінде оларды қайта қарау мүмкіндігін беруі;

— мәліметтерді жинақтаудың қарапайымдылығы, арнайы зерттеулерге жүгінбей, қолда бар ақпараттардың негізінде есептеудің қарапайым, оңтайлы болуы.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған шараларды ұзақ мерзім аралығында іске асыруға қарамастан компанияның көрсеткіштері төмендеп бара жатқаны байқалса, онда қабылданған стратегияны қайтадан қарастырған жөн. Егер компанияның жағдайы төмендеп, келешегіне қауіп төнсе, бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жаңадан құру керек. Ал, керісінше, жалпылама көрсеткіштер көтерілген байқалған жағдайда  іріктеп алынған стратегияның дұрыстығы дәлелденеді және осы бағыттың құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін басқарудағы тиімділігін дәлелдейді.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілетін басқарудың басты мақсаты – тендерлерде жеңіске жету арқылы құрылыс жұмыстарын мердігерлік жолмен жүргізуге тапсырыс алу. Сондықтан, құрылыс компаниясының әлеуетінің факторларын іріктеп алудың негізгі белгісі ретінде құрылыс нарығының жекелеген сегменттеріндегі тендерлік комитеттердің қоятын нақты талаптары алынуы тиіс. Әлеует факторлары құрылыс ұйымы қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын жекелеген құрамдас бөліктері арқылы топтастырылады: өндірістік, басқару, қаржылық және инновациялық факторлар.

Ең маңызды факторларға құрылыс компанияларының қызметінің қаржылық жағдайын көрсететін факторлар кірді. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін компаниялар көбінде сырттан тартылған несие ресурстарын пайдаланады. Ал, несие алу кезінде қарыз алушы кәсіпорынның несиелік тарихына мән берілмейді: бұрын несие алған жағдайлары, оларды уақытында қайтаруы сияқты мәселелер. Маңыздылығы жөнінен екінші орында компания мүлкілерінің құрылымы тұр және олардың қалыптасу көздеріне мән берілуі керек.

Құрылыс компаниясын басқарудың жалпы жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті басқарудың жүйе бөліктерінің тұтастығы мен өзара қарым-қатынасы басқару объектісінің ортақтығы — әлеует факторларымен қамтамасыз етіледі. Әлеует факторлары компания қызметінің қаржылық, өндірістік, инновациялық және басқарушылық бағыттарынан тұрады. Мұнда компания тиімді басқаруды қамтамасыз етуге қажетті өнімді өткізу қызметіне байланысты әлеует факторларын зерттеу әзірше компанияны басқару жүйесіндегі өз орнын тапқан жоқ. Бәсекеге қабілеттілікті басқару жүйесінің бөліктері құрылыс объектісін мерзімінде және сапалы іске қосу критериіне негізделген өндірістік қызметті басқару, неғұрлым мол пайда табуға негізделген қаражаттарды басқару, еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануға негізделген қызметкерлер мен жұмыскерлерді басқару сияқты маңызды бағыттарға тең келеді [4].

Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайының көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің стратегиялық жоспарларын жасау барысында негізгі көрсеткіштер ретінде қолданылуы қажет. Себебі кәсіпорын өз тауарлары мен қызметтерін нарықта өткізе алған жағдайда ғана басқа бағыттардың, өндірістік, қаржылық, техникалық бөлімдер мен басқару аппаратының жоспарлы жұмыс атқаруына жағдай жасалынады.

Бәсекелік қабілеттілікті басқару жүйесі құрылыс компаниясын басқару жүйесіндегі басты, стратегиялық бағыттаушы жүйеге айналуы тиіс, себебі нарықтағы бәсекелестік қабілет деңгейі күшеюде. Сондай-ақ, басқарудың басқа функционалдық жүйелерімен өзара тиімді қатынас жасауға қажетті ішкі ұйымдық-экономикалық шарттар мен жағдайлар бар деуге болады.

Құрылыс компаниясының басқарудағы арнайы маманданған бөлімшесі ретінде маркетингтік бөлімге ұйымдық тұрғыдан кіретін бәсекеге қабілеттілікті басқару тобы талданады. Бәсекеге қабілеттілікті басқару тобына керекті бәсекеге қабілеттілікті бағалау және оның серпінін талдауға арналған ақпараттар, сыртқы ортадан компанияның қатысқан тендерлерінің нәтижелері негізінде келіп түседі. Құрылыс компаниясының анықталған бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері жеке сегменттегі жай-күйін көрсетеді

Қорытындылай келе, құрылыс нарығының негізгі ойыншысы болып табылатын құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін объективті бағалау, оның нарықтағы позициясын дәл айқындау, кәсіпорын басшылығының бәсекеге қабілеттілікті оңтайлы басқаруды ұйымдастыру және құрылыс ұйымының бәсекеге қабілеттілігін тиімді басқару әдістемесін жасау арқылы бәсекеге қабілеттілікті басқаруды жетілдіру қажеттілігі  маңызды. Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы интеграциялық үрдістерде терең және жан-жақты ықпалдасуы жағдайында отандық құрылыс компанияларының өркениетті де аса қатаң бәсекелестік күреске дайын болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені анық.

ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері.–Алматы: Экономика, 2007.
  2. Каренов Р.С. Менеджмент негіздері-Қарағанды: Қар МУ баспасы, 1999.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайты. \www.ontustik.gov.kz\
  4. Сәбден О. Бәсекелестік экономика.-Алматы: Экономика институты, 2007.

Қазақстан Республикасындағы көлік қызметтері нарығы

Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз кезегінде  қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Толығырақ »

Кәсіпорындардың инвестициялық құрылыс қызметі

Қазіргі уақытта басқару жүйесінің әдістері мен үлгілері басқарудың барлық деңгейлерінде өзгеріске ұшырап жатыр. Осы жағдайларға байланысты, құрылыстағы инвестициялық есепті басқаруда кешенді, дәлірек айтқанда, жүйелі басқарудың қажеттілігі туындады. Құрылыстағы инвестициялық есепті басқарудың өзгеруіне жүйелі түрде қарау – құрылыс кешеніндегі ресурстарды инвестициялық қамтамасыз ету факторын ескере отырып, функционалды-технологиялық ерекшеліктердің негізінде құрылыстағы мәселелерді шешудің ең үйлесімді нұсқасын таңдау мүмкіндігі. Толығырақ »

Кәсіпорын есеп саясатының тиімділігін бағалаудағы аудиттің ролі

Есеп саясатын орындау аудитінің негізгі мақсаты – оның Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдылықтары талаптарына сәйкестігін және аудиттелетін тұлғаның қызмет ерекшеліктерін анықтау. Тек осының негізінде ғана аудитор бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің дұрыстығы туралы өз пікірін білдіре алады. Толығырақ »

Кәсіпкерліктегі инновацияның ролі мен функциялары

Еліміздегі нарықтық экономика заңдарына байланысты қалыптасып келе жатқан кәсіпорындардың және фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді қажет етеді. Осы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу қажеттілігін талап етеді. Толығырақ »