Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) қалай тіркеуге болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін сіздің заңды тұлғаңыз орналасқан орын бойынша әділет органы – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барсаңыз болғаны. Әділет органы статистика басқармасына ЖШС тіркеу туралы хабарлама жібереді. Статистика басқармасы заңды тұлғаға сәйкестендіру және басқа да жүйелік-есептік кодтарды береді және олар туралы Мемлекеттік статистикалық тізілімге енгізеді, статистикалық карточка дайындайды. Статистика басқармасы салық төлеушіні салық органдарына мемлекеттік тіркеу үшін хабарлама береді. Содан кейін салық төлеу куәлігі әділет органына жіберіледі. Сол жерде сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті құжаттардың барлығын аласыз. Толығырақ »

Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде қалай тіркелуге болады?

Сіздің жеке кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келді, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден бастау керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаныңыз үшін сізге әкімшілік айыппұл салынады.

Міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер:

1) тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын; Толығырақ »

Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?

Қоғамдық бірлестік – ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі. Толығырақ »

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

Бүгінгі күні ауылдық аймақтарда кадр  жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Өйткені жастар ауылға барғысы келмейді, ал жасы жеткен кадрлар зейнеткерлікке шығуда. Білікті жас мамандар тұрмыстық жағдай мен жайлылықтың жоқтығынан ауылға тартпайды. Толығырақ »

Әскери келісім-шарт қызметіне қалай орналасуға болады?

Біздің елімізде келісім-шарт қызметіне запастағы офицерлерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын, жоғары білімі бар прапорщиктерді, кіші офицер курсын бітіргендерді алады. Шұғыл әскери қызметті аяқтаған орта кәсіби білімі бар сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар прапорщик немесе мичман қызметіне келісім-шартқа отыра алады. Толығырақ »

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?

Егер Сіз Қазақстан Республикасы азаматы болсаңыз, жасыңыз 18-ден асса,  жоғары біліміңіз бар және кәсіби дайындығыңыз жақсы дәрежеде болса, онда мемлекеттік қызметке тұруға мүмкіндігіңіз бар.

Есте сақтаңыз! Мемлекеттік қызметке тұрсаңыз, сіз салық қызметі органдарына алатын табысыңыз бен сіздің иелігіңіздегі мүлік туралы ақпарат беруге міндеттісіз. Толығырақ »

«Электрондық үкімет» деген не?

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгереді, себебі олардың міндеті халықтың талаптарын қанағаттандыру, басқаша болуы мүмкін емес. Мемлекеттің қарым-қатынасы барлық деңгейде орындалуы қажет: мемлекет – азаматтар, мемлекет – бизнес және мемлекет – мемлекет, ал қызмет көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық порталда – электронды үкімет порталына беріледі. Толығырақ »

Электрондық цифрлық қолтаңба. Мемлекеттік қызмет түрлерін үйде отырып қалай алуға болады?

Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жаңа серпін әкелуде. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады, бірақ ол үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (ЭЦҚ).

ЭЦҚ деген не? ЭЦҚ – электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады. Толығырақ »

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар негізінде меншік құқығын қалай тіркеу керек?

Пәтер, жеке үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік заң негізінде сізге тиесілі болу үшін оларға меншік құқығын тіркеу қажет.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін азамат (немесе оның уәкілетті өкілі) Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп мынадай құжаттарды тапсырады: Толығырақ »

Мекен жай бойынша тіркелу не үшін қажет және оны қалай алуға болады?

Егер Сіз тіркеуге тұрмасаңыз: жұмысқа орналасуға, мемлекеттік жәрдемақы алуға, тұрғын үй алуға кезекке тұруға және т.б қол жеткізе алмайсыз. Тіпті ауырған жағдайда да тіркеуге тұру қажет болады: оны қазір ақылы мекемелрден басқа барлық медициналық мекемелерде талап етеді. Сондай-ақ құқық қорғау органдары да сіздің тұрғылықты жеріңізді тексеріп, сәйкес тіркеуіңіз болмаса, айыппұл сала алады. Толығырақ »