Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түп негізі, нысаны, актісі жоғарғы юридикалық күші бар номативті-құқықтық актісі болып Ата-заң (Конститутция) саналады. Конститутция — Қазақстан Республикасында ең басты мемлекеттік заң. Ол еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесінің юейнесін ашатын және қоғамның тұтастығы мен құндылық құрылымын анықтайтын, оның дамуына әсер ететін жалпы негізгі заң- Мемлекеттік басқарудың құқықтық түп негізі. Толығырақ »

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні туралы қазақша реферат

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу бұл-мемлекеттік органдарды ұйымдастыруда және олардың қызмет ету ережелерін бекітудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Оның пәні ерекше, себебі басқару процесіндегі мемлекеттік биліктің құралы, әдісі және процедурасы юридикалық анықтамасымен байланысты. Мемлекеттік органдардың басқару іс-әрекеттері мен ұйымдық құрылымын, қызметін, мақсатын реттеумен айқындалады. Толығырақ »

Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі

 Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі туралы қазақша реферат

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады. Толығырақ »

Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заңның құрылымы туралы қазақша реферат

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.

Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Толығырақ »

Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні

Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні туралы қазақша реферат

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.

Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Толығырақ »

Қылмыстық заңды түсіндіру

 Қылмыстық заңды түсіндіру туралы қазақша реферат

Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.

Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Толығырақ »

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші

 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші туралы қазақша реферат

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.

ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.

Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады. Толығырақ »

Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы қазақша реферат

Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін. Толығырақ »

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші туралы қазақша реферат

Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады. Толығырақ »

Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заңның құрылымы туралы қазақша реферат

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.

Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Толығырақ »