Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері

Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері туралы қазақша реферат

         Қылмысты саралау негізгі өзінің бастауын, түп тамырын философия ғылымынан алады, қылмыстық құқықта өз бетінше қалыптасқан саралау ұғымы жоқ. Демек, қылмысты саралау өзінің тұратын орнына, заңдылық тұжырымына, құқықтық теориясында өңделгеніне негізделеді. Бұл жағдай өз кезегінде белгілі әдістемелік шартынан басталмайды. Жалпы философия ғылымы тереңдетілген ғылыми негізде заңдылық норманы дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Толығырақ »

Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы

Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы туралы қазақша реферат

         Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы үлкен рөл атқарады. Қылмыстық заңның 19- бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін оның жасағн іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылатынын айқандайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында көрсетілген. Толығырақ »

Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері

Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат

         Қылмысты сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен  сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Толығырақ »

Қылмысқа қатысу

Қылмысқа қатысу туралы қазақша реферат

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.

Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыруы үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін білдіреді.

Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты – ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру.Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді.Сол сияқты қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болмайды.

Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеуге көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады. Бұл жерде қылмысқа көмектесуші субьективтік жағынан орындаушының істейтін қылмысының мәні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын болжаумен бірге қылмысты орындаушының істейтін іс-әрекетіне өзінің себепті байланысының болғандығын толық сезеді және соны тілейді.Заң бойынша күні бұрын қылмыс істегенге дейін немесе қылмысты істеу барысында уәде беріп қылмысты жасырушылық қылмысқа көмектесудің бір түрі болып табылады. Егер қылмыс аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмысқа көмектесушілік емес, бұл іс-әрекет қылмыстық  заңда көрсетілген жағдайда, қылмысты жасырушылық ретінде сараланады.

Қылмысты  ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бірнеше қылмыс істегендерге жаза әр қылмысы үшін бөлек тағайындалады, жазаларды түгелдей немесе ішінара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай, жазаны қорытып бірақ тағайындайды. Бұл осындай ауыр қылмыс түрін істегендерге лайықты жаза тағайындаудың кепілі болып табылады. Яғни, осыған орай жаза тағайындағанда қылмысқа бірге қатысушының әрқайсысының атқарған рөлін, кінәсінің деңгейін, істеген қылмысының мәні мен сипатын, қылмыскердің тұлғасының ерекшелігін қатысушылардың жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай толық есепке алынуы керек.

Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстық жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді.

Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындауға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Апенов С.М. Қылмысқа қатысушылық. Əдiстемелiк құрал. Алматы.: ҚазМЗА, 2000 ж.

2. Ағыбаев А.Н.  Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 1999 ж.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2008 ж.

Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968

4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қаулысы

5.Е.Т.Әблезов, С.М.Рахметов, Е.О.Алауханов. ҚР Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 2001 ж.

6. «Заң» журналы.

7. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Оқулық. Алматы 2006 ж.

8. Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы. Алма-Ата, 1982

9. Буланова А.Г. Уголовное право. Общая часть: Конспект лекций. Учебное пособие, 2005.

10.  Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968.

Қылмысқа жанасушылық

Қылмысқа жанасушылық туралы қазақша реферат

Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстық жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді.

Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындауға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді. Толығырақ »

Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы

Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы туралы қазақша реферат

Қылмыс істеуден бас тартудың ережелері қылмысқа бірге қатысушыларға да қолданылады. Орындаушының қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы деп – оның алдын ала келісілген қылмысты әрекеттерді мүлдем істемеуі немесе оны орындаудан дайындық сатысында бас тартуы болып табылады.Орындаушының дайындық сатысында істеген іс-әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы бар болса, сол үшін ғана жауапты болады. Мысалы, кісі өлтіруге дайындық немесе оқталғандық үшін жауаптылық, ұрлыққа  оқталғандық, т.б. әрекеттер Толығырақ »

Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері

Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері туралы қазақша реферат

Қылмысқа бірге келісіп қатысушылықтың  жауаптылығының арнаулы мәселелерін шешудің теориялық және практикалық маңызы зор.

Ол біріншіден, қылмысқа қатысушының эксцесі (шектен шығушылығы) туралы мәселе. Қылмысқа қатысушының эксцесі деп – адамның басқа қатысушылардың ниетімен қамтылмаған қылмысты жасауы.Қылмысқа қатысушылардың біреуі алдын ала істеуге деп келісілген келісімнің шегінен шығып өз бетінше басқа бір қылмысты қосымша істеуі мүмкін.Мұндай жағдайда қылмысқа қатысушының шегінен шығушылығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бірі ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші немесе орындаушы басқа қылмысқа қатысушылармен бірге алдын ала ойластырылған, келісілген қылмыс істеудің орнына мүлдем басқа қылмысты немесе бірнеше қылмысты істейді. Мысалы: келісім бойынша тонауды жүзеге асырудың орнына, орындаушы қарақшылық жасайды немесе келісілген тонауды да, оның үстіне басқа қатысушылармен келісілмеген қосымша тоналған әйелді зорлауды жүзеге асырады. Толығырақ »

Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары

Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары туралы қазақша реферат

         Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субьективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара обьективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген. Қымыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен. Толығырақ »

Қылмысқа қатысудың түсінігі және белгiлерi

Қылмысқа қатысудың түсінігі және  белгiлерi туралы қазақша реферат

Қылмыс — бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам  істеген кылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін. Толығырақ »

Қылмысқа қатысу, түрлері

Қылмысқа қатысу, түрлері туралы қазақша реферат

Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысуларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор. Қылмысқа қатысудың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында көрсетілген.

Қатысудың  түрлері объективтік критерии бойынша, яғни әркімнің қосқан әрекет үлесіне қарай ажыратылады. Толығырақ »