Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары туралы қазақша реферат

Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен үкіметі қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2009 жылы желтоқсан айының, 3-жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды. Толығырақ »

Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты

 Кәсіпорынның  өзін-өзі  қаржыландырудың  мәні  мен сипаты туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді. Толығырақ »

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау туралы қазақша реферат

Кәсіпорындағы есурстарды қолданудың тиімділігін келесі көрсеткіштер сипаттайды:

-еңбек өнімділігінің жоғарылауы;

-еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнімнің жоғарылауы;

-базистік кезеңнің шарттарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі жүмысшылар еңбегін салыс-тырмалы түрде үнемдеу; Толығырақ »

Кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер

Кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер туралы қазақша реферат

Кәсіпорын  қызметінің  тиімділігі  өндірістің  нәтижесін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген өнімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа йөлуге болады:

1)  қорытындылаушы;

2)  техника-экономикалық. Толығырақ »

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару

 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару туралы қазақша реферат

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған. Толығырақ »

Экономикада кәсіпорынның алатын орны

Экономикада кәсіпорынның алатын орны туралы қазақша реферат

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды. Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ туралы қазақша реферат

Жергілікті (муниципалды) өзін-өзі басқару — мемлекет пен қоғамды басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің бірі мен әлем елдерінің көпшілігінің билік құрылысының маңызды элементі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өмір сүруі, оның эволюциясы мелекеттік билік ретінде таптық қоғамдағы бұқаралық билік мәселелерімен байланысты. Оны жүзеге асыру билікті бөлу принципіне сай жалпыұлттық мемлекеттік органдарға атқарылған. Дегенмен, жергілікті деңгейде бұқаралық билік мемлекеттік органдармен атқарылмай, жергілікті халықпен және олармен құ-рылатын органдармен жүзеге асырылады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдары туралы қазақша реферат

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

1). Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;

2)  Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары. Толығырақ »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және занды мшдеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар. Толығырақ »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны

Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат — алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Толығырақ »