‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы туралы қазақша реферат
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1511—1520 жж.) дәуірінде қабылданған «Қасым ханның қасқа жолын» жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың басында «Есімханның ескі жолы»деп аталатын заңдар жинағын 1548— 1628жж. билік құрған Есімхан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсында (1680—1718 жж.) атақты «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауып, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттык қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін камтиды. Толығырақ »
Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері туралы қазақша реферат
Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс карауға істі әзірлейді.
Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:
1) істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиіст заңды анықтау; Толығырақ »
Бұйрықты немесе өкімді орындау
Бұйрықты немесе өкімді орындау туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекстің 37-бабында «өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мүндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады» делінген.
Құқылық табиғатына сәйкес міндетті бұйрықты орындау қылмысты әрекетке жатпайды. Өйткені мұндай әрекет бастық пен бағыныштының қызметтік қатынастарына, тәртіп талаптарына негізделген. Мұндай бапты Қылмыстық кодексіне енгізу басшылардың, олардың бұрықтары мен өкімдерінің беделін арттырады, сонымен бірге мұндай бұйрықтар мен өкімдерді орындаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ендігі жерде мұндай орындаушылардың тиісінше берілген міндетті бұйрықты орындаудан орын алған зиянды зардаптар үшін жауапқа тартылудан қаймығатын түгі жоқ. Толығырақ »
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу туралы қазақша реферат
Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істеген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Міне, осында келтірілген мысалдағы жүргізушінің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені ол іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз ерігінен тыс, іс-әрекетін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр. Толығырақ »
Орынды тәуекел
Орынды тәуекел туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа, тәуекелге байланыссыз, әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады. Толығырақ »
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру туралы қазақша реферат
Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін, ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. Толығырақ »
Аса (мәжбүрлі) қажеттілік
Аса (мәжбүрлі) қажеттілік туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап, 1-бөлігі). Толығырақ »
Жалған қорғану
Жалған қорғану туралы қазақша реферат
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп – қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Толығырақ »
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды. Сондықтан да мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылығы және жазасы заңға сәйкес нақты келтірілген зиянға байланысты шешіледі. Қиянат келтірушіге қажетті қорғану шегінде, қол сұғылған қиянатты зиян келтірместен тойтаруға мүмкіндік болмаса, қоғамдық немесе жеке мүддені қорғау мақсатымен келтірілген зиян әр уақытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер қиянат келтірушіге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне сөзсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде, қажетті қорғанудың шегінен шығып кеткені үшін, жауаптылық мәселесі туындайды. Толығырақ »
Қажетті қорғану
Қажетті қорғану туралы қазақша реферат
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.(32-бап, 2-бөлік). Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскісін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде,егер бұл орайда қажетті қоғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып танылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі). Толығырақ »