Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу

Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу туралы қазақша реферат

Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы, ал қосымша не-гізгі обьект адамдардың өмірі.

Обьективтік жағынан ҚК-тің 266-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс- қызметтің таңдап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы сипатталады.

Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық, протездік-орто-педикалық, реабилитациялық қызмет көрсетулер жатады. Толығырақ »

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру туралы қазақша реферат

Қылмыс обьективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабында толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қажетті шараларды асыра қолданудың шарттары Қылмыстық Кодекстің 23, сондай-ақ 100 баптарында көрсетілген. Толығырақ »

Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру

Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру туралы қазақша реферат

Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағ-дайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе моральға жат әрекеттеріне байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр және орташа ауырлық-тағы зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.

Екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейін-гі мерзімге қамауға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Толығырақ »

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері туралы қазақша реферат 

Мақсатымыздың бірі — денсаулыққа қарсы қылмыстардың түрлері.Оларға  ұрып-соғу, азаптау, денсау-лыққа жан күйзелісі жағдайында (аффект) зиян келтіру, қажетті қорғаныс шегі-нен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, Толығырақ »

Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру

Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 111-бабының 1-тармағын-да денсаулыққа ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.

Осы Қылмыстық кодекстің 111-баптың 1-тармағына сәйкес денсаулыққа абайсызда зиян келтіру,-

Жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады Толығырақ »

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы қазақша реферат

Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян  ден-саулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін

жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады. Толығырақ »

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы қазақша реферат

 Қылмыстық кодекстің 104 – бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынын; 2) Кодекстің 103 – бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынын; 3) денсаулықтын ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күнен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалату денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп таңылады. Толығырақ »

Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар

Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы қазақша реферат

Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолы-мен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қан-дай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру ». Толығырақ »

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру туралы қазақша реферат

Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.

Қылмыстың обьективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады. Оның бірінші нысаны – басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар-ды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттар-ды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады. Толығырақ »

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу туралы қазақша реферат

Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Олар-дың сипаттамасы Қылмыстық Кодекстің 259-бабында көзделген қылмыс құра-мын талдағанда толық берілді.

Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ете-тін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей обьектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы немесе меншігі болады. Толығырақ »