Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 111-бабының 1-тармағын-да денсаулыққа ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.

Осы Қылмыстық кодекстің 111-баптың 1-тармағына сәйкес денсаулыққа абайсызда зиян келтіру,-

Жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру,-

төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. / 1.2., 8б./

Осы баптың 3-тармағында денсаулыққа абайсызда орташа ауыртпалықтағы зиян келтіргені, ал 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық белгілен-ген.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-желтоқсандағы № 10-/// Заңымен 111-баптың 3-тармағы алып тасталды.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлық-тағы зиян келтіргені үшін,-

елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сағаттан  екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Денсаулыққа абайсызда жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауапты-лық белгіленбеген.

Көрсетілген қылмыс субьективтік жағынан абайсыздықпен ( менмендік неме-се немқұрайдылық ) істеледі.

Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған адам.
Тағы рефераттар