Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады. Толығырақ »

Қытай философиясы

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі. Толығырақ »

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Толығырақ »

Ежелгі Грек философиясы

       Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Толығырақ »

Материяның өмір сүру тәсілдері

Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:

  1. механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;
  2. физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;
  3. химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;
  4. биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;
  5. әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой. Толығырақ »

Материя ұғымының философиялық мәні

Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде — бір философиялық мектеп немесе бірде — бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес. Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Толығырақ »

Болмыстың негізгі формалары

Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу. Толығырақ »

Болмыс ұғымының тарихи сипаттамалары

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне  тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. Толығырақ »

Болмыс ұғымы

Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік-әрекетке араласады. Толығырақ »

Жастардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру – философияның өзекті мәселесі

Дүниетанымның қалыптасуы-әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, үрдіс, сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар. Толығырақ »