Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Си минорлы месса

Бахтың ұлы шығармаларының бірі си минорлы месса тек «Страсти по Матфею» — мен салыстырарлық. Бұл екі туындыны философиялық лириканың діни мәтін арқылы жеткізілген тамсандырырлық тереңдігі, масштабтардың монументалдылығы, құдыретті эмоцианалдық күші жақындатады. Толығырақ »

Ре – мажорлық №104 симфония

Ре- мажорлық симфония, ми- бемол ьмажорық сияқты, көңілді, жанрлық- тұрмыстық және ұлттық –билік негізбен байланысты.

Симфония кіріспеден басталады. Пунктирді ритмдегі фанфарды тема шақыру мінезіне ие. Осы кіріспеге қарама- қарсы Allegro басталады. Осы қарама- қарсылық оның негізгі мен қосымша партиялардың арасында болмауының орнын толтырады: екі партия да бір темаға негізделген, әртүрлі тональносттарда жазылған. Толығырақ »

Нұрғиса Тілендиев

Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері — Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Толығырақ »

«Неоконченная» симфониясы

Симфонияның мазмұны вокалдық шығармалардан белгілі образдарды қорытындылаудан туады. Сиифонияда Шуберт пен оның заманына сай – адам мен оның тағдыры, махаббат пен өлім, идеал мен ақиқат – образдар түпкілікті және аса маңызды мәселеге айналады.

Симфония екі- ақ бөлімнен тұрады. Шуберттің бұл симфониясынан дейін Бетховен аяқталған екі бөлімді сонаталар жазды. XIX ғ. романтиктеріне бұндай «еркіндік» тән. Толығырақ »

Мусин Қапан Әубәкірұлы

1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. Толығырақ »

Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері

Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге, мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналып өткізілген «Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі айтарлықтай болды. Толығырақ »

Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету

 Ән домбыра, жан домбыра,

Бүлкілдесін бүйірің.

Жез таңдайым, бозторғайым,

Енді саған не дейін?!

Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пәндерді кездестіруге болады. 1.Домбыра – тартып үйрену еңбек пәні. 2.Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні. 3.Домбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту логика пәні. 4. Домбыра – екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пәні. Толығырақ »

Людвиг Ван Бетховен (1770-1827)

 Бетховен- бұл әлем мәдениетінің ең ірі құбылыстардың бірі. Философиялық тереңдіктен, демократиялық бағыттаудан, жаңашылдықтың батылдығынан өткен ғасырларда Еуропаның музыкалық өнерінде Бетховенге келетін ешкім жоқ.

Революционерлік заманның ерлігі мен драматизмі, ұлттардың ұлы жандануы

Бетховеннің шығармашылығында сақталып қалған.Алдыңғы қатарлы адамдарға үнделген оның музыкасы феодалдық аристократияның эстетикасына батыл шақыру болды. Толығырақ »

Қылқобыздың қос қыраны

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті-мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Толығырақ »

Қорқыт атаның күйлері

Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы 

Қорқыт есімі де, XIII ғасыр бойы халықтың мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын, үміті мен арманын баяндап, үні мен сарынын  сақтап келген қобыз да, оның әуені  де  киелі. Сондықтан,  Қорқыт десек қобызды, қобыз десек Қорқытты көз алдымызға елестетеміз. Бұл екі есім мен ұғымды   бөліп алуға болмайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың дені «Қорқыт ата кітабында» сақталған. Түркі халықтарына ортақ «Қорқыт ата кітабы» көне оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірін баяндайды. Оғыз, қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған.  Толығырақ »