Симфонияның мазмұны вокалдық шығармалардан белгілі образдарды қорытындылаудан туады. Сиифонияда Шуберт пен оның заманына сай – адам мен оның тағдыры, махаббат пен өлім, идеал мен ақиқат – образдар түпкілікті және аса маңызды мәселеге айналады.

Симфония екі- ақ бөлімнен тұрады. Шуберттің бұл симфониясынан дейін Бетховен аяқталған екі бөлімді сонаталар жазды. XIX ғ. романтиктеріне бұндай «еркіндік» тән.

Романтикалық музыкада лирикалық баяндау поэтикалық программамен үйлеседі, осыдан циклдардың құрылымдарын жекелеу бастау алады. Бұл жерде екі тенденция қатар жүреді. Біреуі циклдың қысылуына, біреуі қысылуына әкеліп соқтырады. Сөйтіп, Листжаңа жанр – бір бөлімді симфониялық поэма – жасайды. Ал Берлиозға көлемді циклдар тән. Сондықтан, «Неоконченная» симфониясы — әбден аяқталған, өйткені өзінің екі бөлімінде оған салынған лирикалық образдар шеңберін толығымен ашады.

Симфония бөлімдерінің арасында қарама- қарсылық жоқ. Екі бөлімі де лирикалық, бірақ лирика әр түрлі ажарланған. Бірінші бөлімде лирикалық әсерленушілік қайғылы өткірлікпен берілсе, екінші бөлімде лирика сабырлы, жарқын қиялшылдыққа толы.

Бірінші бөлім жабырқаңқы кіріспеден басталады. Кішігірім, ықшам тема романтикалық образдар комплексінің қорытындысы.

Кіріспе темасында симфонияның негізгі идеясы бар және ол симфонияның өзегі болып табылады. Ол симфонияның маңызды тараударын меңгеріп, бірінші бөлімнің түгелінен өтеді. Өзгерусіз ол өңдеуші бөлім мен кодаға кіріспе ретінде өтеді. Кіріспе материалында өңдеуші бөлім өріс алады және кіріспе бөлімінің интонацияларында кода құралады.

Кіріспеде бұл тема лирикалық- философиялық толғану ретінде өтіп, өңдеуші бөлімде трагедиялық пафосқа дейін көтеріліп, кодада мұңды мінезге ие болады.

Кіріспеге экспозицияның екі темасы қарама- қарсы келеді: элегиялық негігі партия және ән- билік қосымша партия.

Екі теманың әндік мәні мелодия табиғатында және фактура, оркестрдің дыбыстауында, құрылымында көрінеді.

Негізгі партияны баяндудағы әндік әдістер өзіне көңіл аударады. Тема екі копмоненттен құралады: мелодия және аккомпанемент.

Музыкалық- поэзиялық кейпі бойынша негізгі партия ноктюрн  мен элегияға жақын. Негізгі партия дербес тұйық құрылым ретінде жазылған.

Қосымша партияда Шуберт белсенді образдар сферасына бет бұрады. Қосымша партияның іккі драмалық олқылыққа қарамастан, жарқын колорит әрі қарай дамып, қорытынды партияда баянды етіледі.

Қосымша партия драмалық қарама- қарсылық енгізбейді. Екі әндік тема қақтығысуда емемс, салыстыруда берілген. Сол себепті жалғаушы партияның функциясы қысқа модуляциялық жүріспен алмасады.

Динамикалық факторлардың орнына жаңа элемент пайда болады – лад- тональдық функциялардың колористикалық тұрғыдан ұғыну.

Өңдеуші бөлімде негізгі мен қосымша партиялар толығымен ығыстырылады.

Өңдеуші бөлім тек қана кіріспе материалында дамиды.

Реприза көп жаңалық енгізбейді. Кодада қайта қайғылы кіріспе темасы дыбысталады.

Екінші бөлім – Andante con moto.

Оның мұңды түңілгендігінің поэзиясы таң қалдырады.

Andante’ нің құрылымы өзгеше. Онда бірінші мен екінші темалардың тұйықтығы мен сонаталық форманың кейбір белгілері, музыкалық негіздің аққыштығы мен вариациялық даму еркін араласады. Екінші бөлімде әртүрлі формалардың ерекшеліктерін синтездейтін аспапты музыканың жаңа романтикалық формаларын жасау тенденциясы байқалады.

«Неоконченная» симфониясында Шуберт адам сезімінің өмірін басты етіп алады. Көркемдік жалпылаудың жоғарғы деңгейі оның шығармашылығын өз заманының рухын көрсетуші етті.
Тағы рефераттар