‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты
Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз — әңгімелер Қорқыт “Башпай”
Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз — әңгімелер
Қорқыт “Башпай”
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Толығырақ »
Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері
Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қобыз жайлы берілген мәліметтер.
Қазақтың музыкалық мәдениеті ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан өзіндік айшықты белгілермен, ерекшеліктерімен сипатталатын төл мәдениет. Белгілі археологтар мен ұлттық мәдениетті зерттеуші ғалымдар, Орта Азия мен Қазақстанда көптеген музыкалық аспаптардың шыққан жері, өрбіген мекені деп пайымдайды. Белгілі зерттеуші А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты еңбегінде былай деп тұжырымдайды: — «Белгілі археолог — ғалымдар С.И.Руденко (1885-1969) және М. П. Грязнов бірге 1947-1949 жылдары қазба жұмыстар жүргізіп, ғасырлар бойы өмір сүрген көшпелі тайпалардың мәдениетіне қатысты ғылым үшін бағалы заттық айғақтар тапқан. Толығырақ »
Қазанғап күйші
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Толығырақ »
Қазақтың күйшілік өнері
Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі – Сыр бойында қалыптасқан. Сарыны бөлек , тартысы ерекше Сыр бойының күйлерінде ұлттық саз өнерінің інжу – маржаны түзілген. Бастауы әрілен келе жатқан бұл күйшілік дәстүрдің бүгінгі ұрпаққа жеткен үлгілерінде мазмұндық тереңдік, орындаушылық шеберлік, рухани даралық, көркемдік құндылықтар айқын байқалады. Бұл күйшілік дәстүр көрнекті күйшілер Үсен Төре, Шал Мырза, Жалдыбай Елеукеұлы және Қазанғаптар өнерімен даму кезеңін өткізіп, Әлшекей, Құрақтаң Досжаны, Жаңабарген, Теңізбай, Нартай, Көнек тағы басқа өнер саңлақтары арқалы қазіргі ұрпаққа жетіп отыр. Толығырақ »
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Камералық-аспаптық музыка -өмірдің әр саласын қамтып, тыңдарманға қуаныш сыйлай алатын тамаша құбылыс. Маңыздылығы жағынан алғанда, Қазақстанның камералық-аспаптық музыкасы күрделі жанрлармен иық теңестіретін дәрежеге жетті деуге әбден болады. Қазақстандағы ХХғасырдың 30-жылдарында басталған әлеуметтік жаңару әсерлері ұлттық мәдениетімізге елеулі өзгерістер әкелгені белгілі. Осы жылдары байырғы дәстүрлі өнерді дамытумен қатар европалық үлгімен дамуға бет алған композиторлық шығармашылықтың да іргетасы қалана бастады. Толығырақ »
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Толығырақ »
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді инновациялық технологиялық өркендету арқылы дамыту
Мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да түпкілікті мақсаты оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар, олардың бойындағы азаматтық, өміртанымдық, интернационалдық қасиеттерін де кеңейте түсу. Эстетикалық көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы музыка пәні мен оның сыныптан тыс үйірмелері бұл аталған талаптарды орындауда ерекше роль атқарады. Осы саладағы оқу-тәрбие жұмыстары нәтижелі болуда, сан жылдар бойы қалыптасқан заңдылықтар мен теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйеніп, ғылыми педагогикалық негізде өткізілуге тиіс. Сонда ғана бұл жұмыс өз нәтижесін бермек. Толығырақ »
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Қамыс сырнай мен қос сырнайдың дыбыс қатары ойықтарының орналасуына байланысты. Көне аспаптың үлгісінде 3-6 ойық болған. Дыбыс қатары мен бұрауын музыканттың өзі анықтаған. Егер ансамбльде қолдану керек болса оның бұрауы мен дыбыс қатарын өзгерткен. Ол сыбызғының бұрауына байланысты келтірілген. Бұл екі аспаптың да көлемі кішкентай, бірақ дыбыстары күшті. Толығырақ »
Қазақ халқының әншілік-өнері. ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Толығырақ »
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Кіріспе
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл-Фараби (870-950жж.), Махмұд Қашқари (1029-1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), сияқты ұлы ғалымдар, А.Левшин (1799-1879), Ш. Уалиханов (1835-1865), Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844-1909), А.Затаевич(1869-1936) және басқа көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар көп жазды. Толығырақ »