Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

17 ғасыр операсы.

Музыкалық мәдениет тарихында 17 ғасырды шекара ретінде қарастыруға болады : онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланды, және бұдан былай жаңа музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. 17 ғасырда шіркеу және сарай музыкасының ұзаққа созылған бөлінісі, салалануы аяқталып, опера жанрының тууы осымен тығыз байланысты. Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ, Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері

Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Толығырақ »

Әлеуметтанудың атқаратын қызметi

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді.

Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ. Білім әлеуметтік институт ретінде

МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

Білім әлеуметтік институт ретінде 

Адам қоғамы, әсіресе, қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді. Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Толығырақ »

Айтыс

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

• Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.  Толығырақ »

9 мамыр жеңіс күні

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Толығырақ »

8 наурыз әйелдердің мерекесі

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.
Толығырақ »

Байсерке күйші

Байсерке күйші туралы қазақша реферат

Байсерке  Ұлы  жүз  ішіндегі  Дулаттан  шыққан  әйгілі  ­Өтеген  батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.ол ертегі жырларды әсіресе ән-күйді ішкен асын жерге қойып тыңдайды екен.Жас Байсерке ауылга келген әнші,музыканттардан бір адым қалмай жүріп,естігендерін көкірегіне тоқи береді. Толығырақ »

Басқа халықтарды өрнектерімен байланысты ерекшеліктері

Басқа халықтарды өрнектерімен байланысты ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Әр халықтың өнерінде бояу түсі әрқалай байқалатыны өнер тарихында ертеден мәлім. Мәселен, бұған өнер саласында араб халқының сары немесе көк бояу түсін қолданыдатын, ал қазақ халқының ақ бояу түсін жақсы көретінін айтсақта жеткілікті.

Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы тегін емес, белгілі бір заңдылықтан, объективті шындықтан туған.. Ақ түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Толығырақ »