Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Шығыс Қазақстанның күйшілік мектебі туралы қазақша реферат

         Қазақ күйлерінің архаикалық (байырғы) түрлері Алтай-Тарбағатай  жерінде мейлінше мол сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе  жатқан дәстүр екендігін айғақтайды, шығыс сарындарын тыңдаған жан оның  барша түркі-мұңғұл (ғұндар деген ұғымда. Ж.Ж.) нәсіліне ортақ әуен  екендігін бағамдай алады. Күйлердің аттары тотемдік наным-сенімдерге  құрылған, мысалы, «Самұрық»,  «Ақсақ марал», «Боз інген», «Бұлғын мен  Сусар», «Ағаш ат», «Жорға аю», тағы басқалар. Алтай күйлерінің өзге  мектептерден ерекшелігінің бірден-бір белгісі — олардың әуелден домбыра,  шертер, сыбызғы, шаңқобыз, жетіген аспаптарына ортақ саз ретінде  туғандығы (музыкатанушы П.Шегебаевтың пікірі). Сондықтан, домбыра  күйлері осы аспаптардағы бояулар арқылы аса байытылғаны айдан анық  көрініп тұрады. Қыпшақ-Оғыз заманынан қалған көмекей ғырыл (бурдон)  дыбысты аспапта сақтай отырып күй толғау қазақ жерінде тек шығыста ғана  сақталған, (көмекеймен жыр айту үрдісі Сыр өңірінде жақсы дамыған десек  те, ол жердің аспаптық шығармаларында бурдондық тәсіл қолдану жоқ) ол  тек сыбызғыда емес, домбыра күйлерінде де кең қолданылады, әсіресе теріс  бұраудағы шертісте көп. Толығырақ »

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЯЛАРЫ

Шертпе күй туралы қазақша реферат

Қазақтың күйшілік өнерінің үлкен екі арнасы – төкпежәнешертпе болып бөлінетінін жоғарыда айтып кеттік. Біздің әңгімеміздің өзегі осы  арнаның бірегей түрі — шертпе күй туралы болмақ.

Шертпе  күй — аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй,  мұндағы сөздің түбірі  — «шерту» етістігі, музыкалық сөздікке кейіннен енген  атау (ертеде күйді бөле атау үрдісі жанрлық ерекшелігіне байланысты  болған, мысалы – жыр күйлер, би күйлер, ойын күйлер т.б.).Кейбір  зерттеулердегі «шер» сөзінен шыққан, іштегі шерді қозғайтын күй деген  анықтаманың көңілге қонуы қиын, төкпе болсын, шертпе болсын, қазақта  шер қозғамайтын күй бар ма?  Толығырақ »

Күйдің дамуы

Күйдің дамуы туралы қазақша реферат

      Қазақ күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа  бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілді тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау У.Бекенов кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері.). Толығырақ »

Домбыра аспабы

Домбыра туралы қазақша реферат

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.

Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет). Толығырақ »

Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары

Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары туралы қазақша реферат

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл  түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс — зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады,  ол зерттеу барысындағы  бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология — зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы. Толығырақ »

Ғылыми танымның әдістері

Ғылыми танымның әдістері туралы қазақша реферат

Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі — Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс — әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Толығырақ »

Ғылыми танымның құрылымы

Ғылыми танымның құрылымы туралы қазақша реферат

Ғылымды — эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.

А.А.Горелов, аңызға айналған Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңның ашылуың мысал ете отырып ғылыми танымның құрылымын оригиналды түрде талдап қарастырды. Осы аңыз бойынша Ньютонның басына кенеттен алма құлап, сол мезетте Ньютонның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапты деп саналады. Бұл жерде алманың Ньютонға дейін көптеген адамдардың бастарына қанша түссе де, олардың ойларына ешқандай ойдың кірмегендігі қарастырылмағандығын көрсеткен дұрыс.

Толығырақ »

Оқу, білім, ұстаз, кітап туралы мақал-мәтелдер

Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы озады. Толығырақ »

Теріден жасалатын киімдер

Теріден жасалатын киімдер туралы қазақша реферат

Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.

Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.

Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма. Толығырақ »

Синьхай революциясынан кейінгі Қытайдың қоғамдық құрылымы

Синьхай революциясынан кейінгі Қытайдың  қоғамдық құрылымы туралы қазақша реферат 

ХХ ғасырдың басына қарай  көптеген қозғалыстар сәтсіздікке ұшырағандықтан, революционерлер біріге бастайды. 1911 жылы Қытайда Учан көтерілісі басталады. Ол 1991-1913 жылдар аралығында болған, нәтижесінде маньчжур династиясы құлаған  Синьхай  төңкерісінің бастамасы болды. Цин империясы құлағаннан кейін Қытай Республикасы құрылады.  Бұл революцияның жеңіске ұшырауы  Қытай қоғамының рухани мәдениетінің дамуына әсер етті.  Қытай қоғамының рухани мәдениетіне әлеуметтік- экономикалық өзгерістер де байқалды. Капитализмнің өте тез қарқынмен дамуы қоғамның даму процесіне әсер етті. Толығырақ »