Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы озады.

Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.

Білімді бесіктен тесікке (көрге) дейін ізден.

Өзі білмегеннің аузына қарама.

Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Ғылым — теңіз, білім — қайық.

Алтын алма, білім ал.

Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

Өз білмегеніңді кісілен сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Ұстаздан шәкірт озар.

Күш білімде, білім кітапта.

Әліппенің ар жағы — білім бағы.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Кітап пен ғылым —тілсіз мұғалім.

Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл.

Кісінің көркі киім емес — білім.

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.

Білім арзан, білу қымбат.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Сөз бен тіл туралы мақал-мәтелдер

Cөз атасы — құлақ,
Су атасы — бұлақ.

Құран сөзi — Құдай сөзi.

Cөз — түпсiз, өмip — шексiз.

Тiл — қылыштан өткiр.

Тәрбие тiлден басталады.

Атаның ұлы атасына тартып туады.

Мал шөпке тоқтайды,
Адам сөзге тоқтайды.

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Тағы рефераттар