‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты
Сунь Ятсен
Сунь Ятсен туралы қазақша реферат (1866 ж 12 қараша- 1925ж 12 наурыз) – қытайлық революционер, Гоминьдан партиясының негізін қалаушы, құрметті қоғам қайраткері. 1940 жылы Сунь Ятсен «ұлт әкесі » титулын алды.
1866 жылы 12 қарашада ол Сяньшань уездінің Цуйхэн ауылында дүниеге келді. Оның басқа да Сунь Вэнь немесе Сунь Чжуньшань, яғни «Орталық тау» дегенді білдіретін есімі болған. Ең бірінші жергілікті мектепте оқиды, бірақ кейіннен Гавайя аралына оқуға кетеді. Гонолулу мидициналық колледжінде білім алады. 1883 жылда Қытайға қайта оралады. 1892 Гонконг дәрiгерлiк институтын бiтiрдi. 1894 жылы маньчжурияға қарсы «Қытай қайта туу одағын» төңкерiс ұйымының негiзін салды. Көтерiлiстер өткізудің сәтсiз талпыныстарынан кейiн Ятсен Еуропаға ,шетелге эмиграцияланып, төңкерiс күресіне ақша жинай отырып, АҚШ, Канада және Жапония елдерінде саяхаттады. 1905 жылы Токиода «Тунмэнхой» қытай революциялық ұйымды құрады. Толығырақ »
Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары
Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары туралы қазақша реферат. Бірінші және екінші апиын соғыстары нәтижесінде қытайлықтардың жеңілуі Қытай қоғамында елдің болашақ дамуы жөнінде бірнеше көзғарас- ойлар дамыды. Көп ойшылдар басты дилемалы сұрақ – шетелдік державалардың жартылай отарына айналу ма , әлде «варварлар» сияқты ұлы цивилизацияның мәнін жоғалту болды. Бұл сұраққа жауап қайтарған негізгі ұйымдарды көрсете кетсек, олар «консерватолар», «новаторлар», «моралдық таза топ» болды. Бірінші топтың басты идеясы өзге шетел азаматтарын Қытай жерінен шығарып, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік қатынастарды өзгеріссіз қалдыру. Олардың пікірі бойынша Қытай бұрынғы билікті қайтару үшін көне мемлекеттің билік еткен тұлғаларының өсиетіне жүгіну керек деді. Қоғамда олардың әрекеті бойынша антихристиандық және антишетелдік қозғалыстар өрледі. Тіптен олардың ұрандары «Жын-пері сеніміне өлім», « Ібілістерді жою» және тағы басқалары болды.
Осы ойшылдардың арасынан атақтысы болған Ханлинь Академиясының мүшесі Шэньши Чжоу Нань болды. «Реформа үшін қозғалыс» ликвидациясы нәтижесінде Цыси оны мемлекеттің жоғарғы орнына отырғызу туралы сұрақ қозғады.
Ал екінше топ болса, олар Қытайдағы ұлттық әдет- ғұрыптарды сақтай отырып, шетелдіктерден көптеген заттарға үйрену керек деді. Бірақ рухани жағынан емес, керісінше ,ғылыми және әскери жетістіктерін пайдалану деп айтты.
Соңғы ұйымның пікірі бойынша мемлекетік билік орындарында отырғандарды көне нормаларды жоққа шығаратын адамдардан тазартып, мемлекетке «алтын ғасыр» қажет екендігін айтты. Елде өзге де мықты Фэн Гуйфень (1809-1874), Ван Тао (1828-1897), Сюэ Фучэн (1838-1894) ойлаушылары болды.
1861 жылы Фэн Гуйфеннің «Цзяо Биньлу протесті» еңбегінде қытайлық ұлттық өнеркәсп ісін жүргізу, мемлекеттік билік жүйесіне реформа, батыс үлгісіне қарап мектептер салып, жұмыс жасау және т.б. Осының барлығы конфуцилік оқытудың рөлін көрсетті. Ал Сюэ Фучэн және Чжэн Гуанинь болса, олар консерватизмге қарсы шықты, сондықтан оппоненттік топтар оларға қысым көрсете отырып, олардың тума- туыстарына террорлық әрекеттерді жүргізді.
Реформаторладың ішінен Тань Сытун, Лян Цичао және өзіндік «Ұлы бірігу»теориясын ұсынған Кан Ювэйді айта кеткен жөн. Бұл теория Кан Ювэйдің 1887 жылы жарық көрген «Ұлы Бірігу кітабында» толық түсіндірілген. Бұл қағида бойынша адамдар мінсіз мемлекеттік құрылым құру үшін оған кері әсер ететін кедергілерден құтылу керек деді. Сол кедергілерді айта кетсек-мемлекеттің тайпаларға , бай мен кедейге, кеңпейілді мен арамқорға, ұлттарға бөлінуі, еркек пен әйелдің арасындағы теңсіздік, отбасы қатынастары, мамандарға бөліну, адамдар арасындағы теңсіздік нәтижесінде туындайтын қарсылықтар мен кейбірінің заңға қарсылығы, адам мен жануар арасындағы кедергі, кедейлікке тап беруде адамдардың иығына кеп түсетін кедергілер жатады. Оның ойы бойынша бұл кедергілерді жою мүмкіндігі бар және бұл соңғы 200-300 жыл ішінде жүзеге асуы мүмкін деп пайымдады. Бірінші қадам бұл қарулы күш демобилизациясы, Ұлттар Кеңесін құру, дүниежүзілік парламент пен үкімет құру жөнінде дүниежүзілік конференция өткізу ұсынысы болатын .
Кан Ювэйдің идеясын өзге де реформаторлар қолдады, соның бірі Лян Цичао болды. Бірақ «Жүз күндік реформа» жеңіліске ұшырағандықтан, ол революциялық сипаты бар деп реформаны үлкен сынға алды.
ХІХ ғасырдың соңына қарай қоғамдық ой реформаторларының ішінен Тань Сытунға (1863-1898) тоқтала кеткен жөн. Хубэй провинциясының губернаторының ұлы бола келе, ол 1885 жылы батыс ғылыми орталығынның негізін салды, Қытайдың көптеген қалаларында шенеунік болып жұмыс істеді. Манджурлердің бұйрығы бойынша Тань Сытун өлім жазасына кесілгеннен кейін , оның «Адамгершілік туралы оқу» трактаты жарық көрді.
Бұл реформатор елде болып жатқан қайшылықтардың барлығы Цин империясының кесірі деп көрсетті. Ол Қытайдың батыс державаларынан қысым көріп отырған Корея, Ауғаныстан, Иран, Осман империясымен кеңес құру идеясын ұсынды. Францияда болған революция нәтижесін үлгі ете отырып, мемлекеттің билігінде отырған монархтарды құлату керектігін көрсетті. 1898 жылы өз мақсаттарына қарсы тұрып, реформаның ұйымдастырушысының бірі болып ымыраластыққа баруға міндетті болды.
ХІХ ғасырдың соңында Сунь Ятсен өзін мықты ойшыл ретінде көрсеткен жоқ, бірақ оның кейбір жұмыстары ілтипатқа лайық болды. Ол Ван Тао мен Чжан Гунинге жақын болды. 1893 ж соңына қарай солардың көмегімен Хунь Чжанға елдің қайта құрылымының меншікті жоспарының мазмұндамасын бар арнайы меморандумын жазып жіберді. Ол Қытайдың экономикалық және әскери дәрменін күшейту үшін батыс елдерінің жақсы табыстарын алып пайдалануды ұсынды. Оның пікірі бойынша халыққа сауда мен егі, шаруашылығымен кедергісіз айналысу керек деді. Сол үшін Үкімет оларға саудагерлердің мүдделерін қорғап, көлік желісін кеңейтуге, ішкі кеден салықтарын азайтуға, пайда қазбаларын өндіретін шаруашылықтарын жүргізу үшін көмек көрсету керектігін жазды. Сонда Қытай Жапония дәрежесіне 20 жылда жетіп, батыс елдерін озамыз деп айтты. Бірақ Ли Хунчжан бұл ұсынысты қабылдамады. 1894-1895жж болған Жапониямен соғыста жеңілгеннен соң ол ең бірінші биліктен Цин империясын құлату керектігін білді. Сунь Ятсен Кан Ювэйге қарағанда осынысымен ерекшеленді, себебі Кан Ювэй циндіктермен қалай да болса келісімге келуге болады деп ойлады.
Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы азаттық күресі
Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы азаттық күресі туралы қазақша реферат. ХІХ ғасыр Қытай тарихында ең ауыр кезең болды. Себебі осы кезде Еуропа Қытай қоғамын күштеп цивилизацияға көшірді. Олар қоғамға билік, жеке меншік, саясат, діни қызмет деген жаңа қосымша әлеуметтік институттар енгізді. Бұл Батыс елдерінің алып келген діні- христиан , ортағасырларда-ақ толық қалыптасқан және бұл ілімнің негізі қытайлықтардың дінінен әлдеқайда өзгеше болды.
Қытайдың қоғамы батыс цивилизациясын, экономикалық не рухани жағынан болсын , қажет еткен жоқ. Ал Еуропа елдерінің мақсаты елден еңбек кіші мен байлықтарын, яғни негізгі капиталын тартып, ұрлау болатын. Толығырақ »
Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы
Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы туралы қазақша реферат. Қытай мемлекетінің әлеуметтік- экономикалық қатынастарында манчжур әскері басып кіргеннен кейін еш өзгерістер байқалған жоқ. Әдет- ғұрып бойынша жер екі катеогорияға бөлінді: ұлттық (минь) және мемлекеттік (гуань). Негізгі экономикалық не әлеуметтік өмірде де қытайлық ұжымдық қоғамдық бірлестіктер болды. Ұжым мүшелері жерге бірге билік етіп, бір бірімен туыстық қатынастарда болды. Олар жерді бірге өңдеп, өзге қауым мүшелеріне немесе көрші ауылдың адамдарына жалға беріп отырған. Жиналған ақша ауылдың коллективінің қорына түсті. Әдет- ғұрып бойынша ауылдық ұжымдық жерлер гуань болып саналды. Толығырақ »
Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдары
Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдары туралы қазақша реферат
ҚР мемлекеттік отбасы саясаты тұжырымдамасы отбасы жөнінде көптеген қаулы, бағдарлама және жобалар қабылданған болатын, бірақ бұл шешімдердің бас Отбасымен әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік саясаттың негізгі бағдарыты мазмұны мемлекет пен оның органдарын, құжаттарда айтылғандай, отбасы тіршілігінің материалдық жағдайын жақсарту, кедейліктің алдын алу және аз қамтамасыз етілген отбасын қолдаумен байланысты қысқа мерзімдік, коньюнктура міндеттерді шешуге арналған қызметтерге бағыттайды. Отбасы саясаты тұжырымдамасында бірінші орында алғашқы кезектегі шаралар қаралған, бірақ онда ұзақ мерзімдік міндеттер мен шаралар туралы сөз қозғалмаған. Толығырақ »
Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері
Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Қазақстандағы отбасының да басқа елдер сияқты проблемалары біркелкі болып келеді. Сол сияқты, Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әр елде әр түрлі жүргізіледі. Біздің Қазақстандағы жағдай анау айтарлықтай күшті дамымаған. Яғни, отбасына көмек көрсету қатты дамымаған. Барлық елдердің отбасылық проблемалары ұқсас болғанымен, кейбір ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасының проблемаларына не жатады? Толығырақ »
Кеңес беру — әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде
Кеңес беру — әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде туралы қазақша реферат
Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.
Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара. Толығырақ »
Отбасы күйін әлеуметтік-психологиялық анықтау және олардың себебі
Отбасы күйін әлеуметтік-психологиялық анықтау және олардың себебі туралы қазақша реферат
Басты ұран «Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғаның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қауіпі – кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады. Толығырақ »
Отбасының заман талабына сай мәселелері
Отбасының заман талабына сай мәселелері туралы қазақша реферат
Отбасының ішкі қатынастары өз күн көрісі мен толық жарамды азамат тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өз бетінше реттейді.
Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік иниститут ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселелермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады. Толығырақ »
Неке және отбасы: ұғымы, түрлері
Неке және отбасы: ұғымы, түрлері туралы қазақша реферат
Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – кез – келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
Отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады. Толығырақ »