‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты
Қазақ жеріндегі меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері
Қазақ жеріндегі меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері туралы қазақша реферат
Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жекелеген адамдар тарапынан жасалатын игі істердің де шешуші маңызы бар екенін көп жағдайда ескеруге тура келеді. Олай дейтініміз, тәуелсіздік алған жылдары елімізде тұралап қалған экономикалық жүйені қалыпқа келтіру бағытында Елбасының салиқалы саясатымен көптеген істер жүзеге асырылды. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігінің оңалып кетуіне жіті мән берген саяси жүйе бүгінде өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Сол себепті де бұл мәселеде қолға алынып жатқан істердің мән-маңызын талдап-талқылауға, тереңіне ой жіберуге, жаңа уақыт тұрғысынан өткенге зер салуға парасат-пайым қажет. Толығырақ »
Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары туралы қазақша реферат
Қазақстанның аймақтары бойынша кедейлік деңгейіндегі өткір дифференциация байқалады.
Кедейлік деңгейі бойынша ең дұрыс жағдай 2004 жылы Астана және Алматы қалаларында болды, осы қалаларда күнкөріс минимумының мөлшерінен төмен табысты халықтың үлесі сәйкестігіне қарай 1,1 және 2,8 %-ды құрады. Кедейліктің ең жоғары деңгейі – 29,1 % Атырау облысында тіркелді, бұл ретте осы облыста халықтың жан басына шаққандағы жалпы аймақтақ өнімнің (ЖАӨ) өндіріс көлемдері мен орташа жалақы мөлшері өте жоғары. Толығырақ »
Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы туралы қазақша реферат
Динамикалық және орнықты экономикалық даму елдегі халықтың әл-ауқатының арту мен кедейшілік деңгейін азайтудың аса маңызды шарты болып табылады. Кедейшілікті азайтудағы Қазақстандағы оң үдерістер соңғы жылдар аралығында 1999 жылы басталған экономикалық өрлеумен байланысты, осы жылдардағы әрекет халықтың жұмыспен қамтылуы мен табыстарының артуына жағдай жасап, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы орта қалыптастырды. Осыған орай кедейшілік себептерін талдау экономикалық өсу мен кедейшілік арасындағы өзара байланысты талдаудан басталады. Толығырақ »
Кедейлік пен теңсіздік
Кедейлік пен теңсіздік туралы қазақша реферат
Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды [27]. Толығырақ »
Кедейлік және оның өлшемі
Кедейлік және оның өлшемі туралы қазақша реферат
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық ж.т.б.) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан обсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Кедейшлік пен экономикалық теңсіздікке сан және сана жөнінен баға берудің мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар. Толығырақ »
Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
Кедейшілік туралы қазақша реферат
Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Толығырақ »
Ислам дінінің ерекшеліктері
Ислам дінінің ерекшеліктері
1. Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.
2. Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.
3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.
4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.
5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.
Ислам дінінің түркілер арасында дамуы
Ислам дінінің түркілер арасында дамуы туралы қазақша реферат
Дала түріктерінің исламды қабылдауы туралы бір дерек 1992 жылы Ташкентте басылып шыққан Юнус-Хожаның «Қараханнамэ» атты кітапшасында кездеседі. Мұнда хижра жыл санауының 152 жылға дейін исламды қабылдаған біраз түрік тайпаларының аты аталады.
Кейіннен ислам діні Үндістан,Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді. Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды. Толығырақ »
Адам құқығының халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы декларациясы
Адам құқығының халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы декларациясы туралы қазақша реферат
Америкалықтар алғашында «адам құқығы туралы» сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері жоғары бағалаған бостандық туралы айтты. Көптеген отаршылдар жаңа әлемге, дінге бостандық іздеу үшін аттанды. ХVІІ ғасырда Еуропада сөз бостандығы, өзін – өзі басқару болмады. Бірақ америкалық отаршылдар Ұлыбританиямен байланыстырып тұрған саяси байланысты үзу уақыты келгенде оларда дәстүр мен заңдылық жүйесінің құрылып, діни сенім бостандығын тану, сөз бостандығы, жиналыс бостандығы, сотқа қатысу құқығы қалыптасқанда жүзеге асады деп тұжырымдайды. Дәл осы бостандықты шектеу Америкада Ұлыбританиядан тәуелсіздікті алу үшін Америкада бой көтерген революциялық қозғалысқа әкеп соқты. Толығырақ »
Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы
Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы туралы қазақша реферат
Құқықтық мінез-қүлық әдебиеттерде өзінің жалпы түрінде заңдық мағынасы бар жағымды және жағымсыз сипаттағы заңдық салдарға әкеледі деп қарастырылады. Құқықтық мінез-қүлықтың белгілерін қарастырайық. Бірінші және негізгі белгісі болып оның әлеуметтік мағынасы ескеріледі. Құқықтық әрекет шеңберіне тек жағымды (пайдалы) немесе жағымсыз (зиянды) маңызды әлеуметтік мағынасы бар адамадардың мінез-қүлқы енгізілетіні белгілі. Құқықтық мінез-қүлықтың екінші белгісі — психологиялық. Ол әрқашан түлғаның саласы мен еркінің бақылауында болады. Толығырақ »