‘Маркетинг, Менеджмент, Лизинг’ бөлімінің мұрағаты
Сапа көрсеткіштері
Сапа көрсеткіштері туралы қазақша реферат
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
— әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
— нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері. Толығырақ »
Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы
Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы туралы қазақша реферат
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу-сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды. Толығырақ »
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі туралы қазақша реферат
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. Толығырақ »
Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары туралы қазақша реферат
Қазақстан егемендiк алғаннан кейiн экономикадағы нарықтық қатынастарының қалыптасуы еңбек нарығы құрылымының өзгеруiмен бiрге жүрдi. Жұмыс күшiнiң әрекет етуiнiң жаңа шарттары анықталды, жұмыс күшiне сұраныстың сандық және сапалық сипаты өзгердi. Еңбек нарығын реформалау мемлекетпен басқарылатын жұмысбастылық және жалақы төлеу жүйесiн, осы факторлардағы сұраныс пен ұсыныстардың нарықтық күштерiн анықтайтын алмастыруды көздейдi. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы туралы қазақша реферат
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен кызметіде өзгереді.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Толығырақ »
Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері туралы қазақша реферат
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі. Толығырақ »
Жарнама
Жарнама туралы қазақша реферат
Жарнама – маркетинг комплексінің басқа элементтерімен әрекет ететін, нарыққа және маркетинг комплексінің басқа да элементтеріне (тауар, баға, өтім және өткізу) белсене әсер ететін коммуникация құралдарының жалғыз құрамы. Табысты тауар саясатының көптеген сұрақтары жарнама қызметінің тиімді ұйымдастырумен тікелей байланысты. Жарнама шығындары баға анықтау кезінде ескеріледі. Жарнама өтім қызметі барысында нарықты тауар және сату орындары жөніндегі тиісті ақпаратпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол нарықпен кері байланысты орнатады. Толығырақ »
Жарнама нарығының қарқынды даму бағыттары
Жарнама нарығының қарқынды даму бағыттары туралы қазақша реферат
Жарнама нарығына кеткен шығындар бойынша көрсеткіштерді 1 кестеде көруге болады.
Жарнама нарығының даму бағыттарын Қазақстан мен Ресейді салыстыру негізінде қарастыруға болады. Толығырақ »
Жарнамадағы басты мәселелер және оларды шешу жолдары
Жарнамадағы басты мәселелер және оларды шешу жолдары туралы қазақша реферат
Талдау нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасындағы жарнама қызметінің даму жолында және оның жетілдіру бағыттарын реттеуде белгілі мәселелер қалыптасқан.
Қазақстандық жарнама нарығының басты мәселелерінің бірі – кадр мәселесі. Бүгінгі таңда жарнамалық агенттіктеріне жарнама бойынша квалификацияланған менеджерлер жетіспеуде. Олардың қазіргі қызметі тек жарнама берушілерді іздеумен ғана шектеледі және олар келісім сомасынан белгілі бір комиссиондық пайыз алады. Сондай-ақ олар жарнамалық материалдарды БАҚ-нда орналастырумен де айналысады. Бұл мәселені шешу үшін жарнама нарығына мамандандырылған кадрларды дайындауды қолға алу керек, яғни «Маркетинг» және «Менеджмент» мамандығында мамандарды даярлау кезінде «Маркетинг жарнамасы» және «Менеджмент жарнамасы» мамандықтарын енгізуге болады. Қазақстандық жарнама агенттіктерінің ассоциацияларына ресейлік және батыс ұйымдарымен қосылып, білім беру тренингтерін, семинарларын өткізу қажет. Қазақстандық жарнама нарығының дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарғы оқу орындарында жарнама қызметі бойынша оқу құралдарын даярлау қажет. Толығырақ »
Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы
Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы туралы қазақша реферат
Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады. Толығырақ »