Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Маркетинг, Менеджмент, Лизинг’ бөлімінің мұрағаты

Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі

Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі туралы қазақша реферат

Дамыған елдерде жергілікті басқару түрлері және үлгілері. Аймақтық экономика облысындағы мамандар дамыған елдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың үш үлгісін белгілейді — англосаксон, француз және араласқан . АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия үшін бірінші мінездеме, екінші — Франция, Италия, Испания, Бельгия, сонымен қатар латын Америкасы елдерінің қатары үшін, үшінші — Германия және Жапония үшін. Толығырақ »

Франция мемлекетінің аймақтық құрамы

Франция мемлекетінің аймақтық құрамы туралы қазақша реферат

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Толығырақ »

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы

 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы туралы қазақша реферат

Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың  қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан.  Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы. Толығырақ »

Маркетингтік жоспарлар

Маркетингтік жоспарлар туралы қазақша реферат

Маркетингтік жоспарларды дайындамастан бұрын, нарықтағы жағдайларды анықтау қажет. Тұтыныс нарығында адам өзі тұтынатын тауарларды және қызметтерді сатып алады. Бұл нарық мұсылман-тұтынушылар субнарығы, кәмелетке жеткен жас тұтынушылар субнарығы, не кексе адамдар субнарығы сияқты көптеген субнарықтардан құралады.

Сатып алушының мінез-құлқына төрт негізгі факторлар топтары ықпалдарын тигізеді: мәдениет деңгейлі факторлар, әлеуметтік тәртіптегі факторлар, жеке адамдық тәртіптегі факторлар және психологиялық тәртіптегі факторлар. Олардың бәрі сатып алушыны қалай қамту және оған қалай қызмет атқару туралы түсінік береді. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы

Қазақстан Республикасында тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы туралы қазақша реферат

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайларында тауарлар мен қызметтерді таңдау жағынан психологиялық және жеке тұлғалық өзгерістер пайда болды. Қоғам табыс деңгейіне қарай жіктеле бастады, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы мен стилі өзгерді. Егемендік тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық санасын көтерді, адамдардың ділі(менталитеті), дінге, тарихқа және мәдениетке көңіл қоюы өзгерді. Қазақстанның Еуропа мен Азияның тоғысында орналасуы оның территориясында тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің өмір сүру қалпына және тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысына әсер етеді. Маркетологтар осы жағдайларды өздерінің маркетингтік бағдарламаларын жасау кезінде ескеру қажет. Толығырақ »

Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі

Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі туралы қазақша реферат

Тауарды ұтымды сату үшін сатып алушының сатып алу туралы шешім қабылдау механизмін зерттеп игеру қажет.

Сатып алу үдерісі дегеніміз тауарға қажеттілік қалыптасып, тауардың тұтынушыға қарай қозғалысы. Сатып алу үдерісі тауар бағасын төлеуден бұрын басталып, тауарды сатып алғаннан кейін де ұзақ уақыт жалғасады. Толығырақ »

Сатып алушы сипаттамасы

Сатып алушы сипаттамасы туралы қазақша реферат

Тұтынушылар өз шешімдерін өздерін қоршаған ортаға байланысты қабылдайды. Олардың бірдеңені сатып алуына, мәдениет, әлеумет, жеке психологиялық факторлар үлкен етеді. Бұл факторлар көбіне нарық қайраткерлерінің бақылауынан тыс жатады. Бірақ оларды міндетті түрде есепке алу керек. Міне сондықтан біздер сатып алушы (тұтынушы) туралы ұғымымызды кеңейте түсіп оған сипаттама бере алуымыз тиіс.

Мәдени деңгейдегі факторлар. Тұтынушы мінез-құлқына ең үлкен және терең әсер ететін факторға мәдениет деңгейі жатады. Сатып алушы үшін мәдениеттің, субмәдениеттің және әлеуметтік жағдайдың қандай рольдер атқаратынын қаралық. Толығырақ »

Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері

Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері туралы қазақша реферат

Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі рынокта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:

• әлуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады,

• олардың қажеттерін болжауға көмектеседі,

• сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді,

• тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады,

• тиісті маркетинг стратегиясын тауып, жүргізуге көмектеседі. Толығырақ »

Тауарды өткізудегіжарнаманы жоспарлау

Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау туралы қазақша реферат

Жарнаманы жоспарлау тауарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады. Толығырақ »

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау туралы қазақша реферат

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі — салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында баға-ланады.

Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталогтарын пайдаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердің тұтыну шығындары деңгейін обьективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы мүмкін болғанша азайтылуы тиіс. Толығырақ »