Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау туралы қазақша реферат

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі — салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында баға-ланады.

Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталогтарын пайдаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердің тұтыну шығындары деңгейін обьективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы мүмкін болғанша азайтылуы тиіс.

Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден-бір құралы, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, пайданы барынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өріс-теген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді багалау аса маңызды мәнге ие болады.

Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатқызылады:

— экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны;

— ғылымның, техниканың даму деңгейі;

— халықаралық енбек бөлінісіне қатысу;

— ішкі нарықтың серпінділігі мен сыйымдылығы;- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдай;

— қаржы жүйесінің икемділігі;

— экойомиканы мемлекеттік реттеу;

— еңбек және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және ре-сурстарды жіктеу деңгейі.

Бәсекеге қабілетті тауарлар шығара отырып, өндіруші нарықта өзіне бекем орын алады. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте баға белгілеу әдістерімен қатар бағадан тыс әдістері де пайдаланыл ад ы.

Талданатын тауарлар коньюнктурасының нарықтық өзгерістерін ай-қындау негізінде тұтынушьшардың сұранымына неғұрлым сай келетін тауарлар тобы іріктеп алынады.

Одан әрі жаңа бәсекелес тауарлардың пайда болу болжамдары зертте-леді. Бұл ретте сатылу мүмкіңдігі айқын және бәсекелестер арасында күшті тайталас туғызатын жаңа тауарлар бөліп көрсетіледі. Одан соң тауарлардың параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар қалып-тастырылады. Қорытындысында бірнеше қызығушылық туғызатын жаңа тауар шығару мүмкін болмайтын технологиялардың параметрле-рінің сәйкестігін бағалау кестесі жасалады.

Ақырғы нәтижесінде нұсқаны таңдау аталған өнеркәсіптік фирмасы үшін технология, материалдық қамтамасыз ету саласында бар шектеу-лерді анықтайды. Тауардың бәсекелестік қабілетін арттырудың дұрыс таңдап алынған нұсқасы мәнсіз шығындардан барынша аулақ болуға және тауарлардың алуан түрін талдау бойынша қорытындьглар алуға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік фирманың нарықтағы бәсекелестік күрестегі позицияларын бәсеңдету үшін оның өндірістік қаржы-экономикалық және өткізу жұмысындағы мақсатты өзгерістер бағдарламасын қалыптастыруға жағдай туғызады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің және ғылыми — техникалық прогрестің ықпалымен бәсекелестіктің кеңінен өрістеуі өндірушілерді бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар шығарудың жолдарын және жаңадан өткізу нарықтарын белсенді іздестіруге итермелейді.

Параметрлік қатарлары мен ассортименті жиынтығы неғұрлым кеңірек болса, тұтынушының өзіне оңтайлы сатып алу нұсқасын табу мүмкіндігі солғұрлым жоғары болады. Мысалы, бірдей тұрпаттағы автотиегіштер шығарылады, бірақ олардың бір-бірінен жүк көтеруі, жылдамдығы, бұрылу радиусы жағынан және басқадай айырмашылықтары бар. Әрбір тұтынушыға оның жұмысының нақты жағдайын ескергенде сатып алынатын автотиегіштердің белгілі бір пайдалану параметрлері қажет. Егер сатушы оларды қамтамасыз ете алса — сауда оңғарылады, ал егер қамтамасыз ете алмаса сатып алушы басқа сатушыны іздейтін болады.

Көптеген бәсекелестерге қатысты алғанда нарықтағы позицияларды жеңіп алудағы маңызды сәт шығарылатын тауарларды дер кезінде жаң-арту, жаңа өнім түрлерін шығаруды әзірлеу мен ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде жаңа тауарлар жасап шығару мен өндірудің кәсіпорынның өркендеуі үшін шешуші маңызы бар. Статистикалық деректерге қарағанда өңдірістің негізін кұрайтын жаңа өнім шығаруды игергеннен кейін оны өткізудің өсу қарқыны бәсекелестермен салыстыр-ғанда шамамен екі есе артық болады. Жаңа өнім шығарып және ұсыны-латын тауарлардың түрін кенейте отырып, фирмалар нарықтағы болжап білуге болмайтын өзгерістерді ескергенде кез-келген уакытта банкротқа әкеп соғуы мүмкін бір ғана тауарға тәуелділікті азайтуға ұмтылады. Бүгінде біздің еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен фирмалар өндірісті айтарлықтай қайта құрылымдауға кірісіп отыр және бейіндік өнімдерді жаңалаумен бірге халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолга қоюда.

Алайда, жаңа тауар жасап шығару — аса күрделі процесс, өйткені конструкторлық-технологиялық шешімдермен және ендірістік базаны жаңартумен қоса, бұл арада түптеп келгенде соңында нарықтың талапта-рына толық жауап беретін тауар массасын жасау турасында болып отыр. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың едәуір бөлігі коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: мысалы, шамамен оннан сегізі дайын-даушылардың оларға деген үмітін ақтамайды. Мұның негізгі себептері: нақ осы тауарға сұраныстың қандай екендігін жеткілікті білмеу, тауар-дың техникалық және пайдаланудағы ақаулары, тиімділігі шамалы жар-нама, көтеріңкі баға, бәсекелестердін күтпеген қарсы әрекеттері, нарық-ка шығатын уақытты дұрыс тандамау, күтпеген өндірістік проблемалар, жалпы алғанда бәсекелестік саясаты дұрыс болжанбауы болып табы-лады. Тауардың бәсекеге кабілеттілігін арттыру жолдарын тандауда жа-ңа тауар шығару жөнінде емес, тауарды түрлендіру жөнінде өте дер кезін-де шешім қабылданатын сәттер жиі болады. Тауарды түрлендіру туралы шешім көбірек пайда алу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру мақсаттарында қабылданады.

Кәсіпорынның бәсекелестік күрестегі позицияларын және оның жеке-леген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргі-зудегі мақсаты — бәсекелестік стратегиясын тандау үшін қажетті ақпарат-тар жинау мен талдау болып табылады. Соңғыларды таңдау проблема-лардың мынадай екі тобын зерттеу нәтижесінде анықталады. Біріншіден, осы саланың ұзақ мерзімді болашақтағы тартымдылығын орнықтыру қажет. Екіншіден, кәсіпорынның және оның өнімдерінің осы саладагы басқа кәсіпорындармен салыстырғандағы бәсекелестік позицияларын анықтау қажет.

1-суретте саланың және нақты фирманың осы саладағы бәсекелестік күрестегі тартымдылыгын айқындайтын бес бәсекелестік күш бейнеленген, атап айтқанда:

1. Жана бәсекелестердің пайда болуы.

2. Осы өнімді жаңаөнімдермен ауыстыру қаупі.

3. Жеткізушілер позициясының күші.

4. Сатып алушылар позициясының күші.

5. Саланың өзіндегі өндірушілер арасындағы бәсеке.

Осы бәсекелестік күштерді қысқаша карастырып көрейік.

Жаңа бәсекелестер пайда болу қаупін бағалаған кезде «салаға кіру кедергісі» ұғымын басшылыққа алу қажет, оның биіктігін саланың ішін-дегі ұйымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым биік болса соғұрлым жақсы), сондай-ақ жаңа салаға шығуды жүзеге асыруды көздеп отырған ұй-ымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы) ескеруі қажет. Кедергінің биіктігі мынадай факторлармен анықталады:

1. Экономикалық ауқымы. Әдетте нарыққа алғаш шыққан ұйымдар жаңа өнімді сату жөніндегі қызметін ондай өнімді дәстүрлі өндірушілерге қараганда айтарлықтай аз ауқымда сатудан бастайды. Сондықтан олар-дың өндірістік-өткізу шығындары артығырақ болады, бұл нарықтық ба-ғаның шамамен тең болуы жағдайында азырақ пайда алуға, тіпті шы-ғынға әкеліп соқтыруы да мүмкін. Үйым жаңа бизнесті игеру жолында мұндай қадамға баруға әзір ме?

2. Тауар маркасының танымалдығы. Нақты тауарды тұтынушылар тауарлардың белгілі бір маркаларын сатып алуға бағдар ұстанған. Жаңа өндірушілер өз маркасын жаңа тұтынушылар арасында танымал етуі қажет. Көп жағдайларда бұл өте күрделі міндет. Айтар болсақ, мысалы, джинсы киімдер өндірісі саласындағы дүние жүзіне танымал әлемдік көшбасшы «Ливайс» фирмасы бұдан бірнеше жыл бұрын фирма үшін дәстүрлі емес өнім — ерлердің конымды «тройка» костюмін шығаруды игеруді қолға алды. Технологиялык және өндірістік тұрғыдан алғанда

«Ливайске» мұндай жаңа міңдетті шешу айтарлықтай қиындық келтір-мейтіні түсінікті. «Ливайстың» жаңа өнімді ілгері жьшжыту жөніндегі зор күш жігеріне қарамастан, тұтынушылар бұл фирманы тек қана джин-сы маталардан тігілген киімдермен байланыстыратын қалыптасқан көз-қарасты жеңудің сәті түспеді. Ол уақытта ерлерге арналған осындай кос-тюмдер шығаратын дәстүрлі өндірушілер болды. «Ливайс» өзінің жаңа жобасымен коммерциялық табысқа жете алмады.

3. Жаңа салаға шығумен байланысты тіркелген шығындар (жаңа стандарттарға, дизайн талаптарына ілесіп отыру және басқалар).

4. Жаңа негізгі қорларға арналған шыгындар, көптеген жағдайларда оларды жана өнім шығару үшін құруға тура келеді.

5. Тауар қозғалысы жүйесіне кіру. Осы саладағы дәстүрлі өндірушілер жаңа өндірушілер үшін олардың жұмыс істеп тұрған өткізу жүйесіне кіруі жолында кедергілер жасауы мүмкін. Бұл жағдайда жаңа тауар өндіруші-лерге тауар өткізудің өз арналарын құруга тура келеді, бұл жоғары шы-ғындарды талап етеді.

6. Жабдықтаудың салалық жүйесіне кіру. Бұл салада тауарды жыл-жыту жүйесіндегі сияқты кедергілер кезігеді.

7. Өнімнің осытүрін өндіру тәжірибесінің жоқтығы, осының салдары-нан өнімнің өзіндік кұны осы саладағы дәстүрлі өндірушілердікіне қара-ғанда жоғары болады.

8. Саладағы кәсіпорындардың өздерінің мүдделерін қорғауға бағыт-талған мүмкін болатын жауап әрекеттері. Мысалы, қажетті патенттерді сатудан бас тарту, үкіметте және жергілікті билік кұрылымдарында өз мүдделерін қорғаштау, осылардың нәтижесінде дәстүрлі өңцірушілер са-лықтық және басқа да жеңілдіктерге ие болуы мүмкін, ал жаңа тауар өндірушілерге нарыққа кіру қиын болады.

Нақты бір өнімді жаңа өнімдермен ауыстыру қаупіне келетін болсақ, онда әңгіме белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа өнімдер өндіру, бірақта мүлдем жаңа принциптер негізінде жасалған өнімдер турасында болмақ. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында химия өнеркәсібі аса берік арзан пластмасса шығаруды бастады, олар машина жасауда, құрылыста және басқа жерлерде металды ығыстыра бастады. Ауыстыру қаупін бағалаған кезде ауыстырушы өнімнін дәстүр-лі өнімдерге қатысты алғандағы сипаттамасы мен жаңа өнімді пайдала-нуға ауысу бағасын ескеру қажет. Мұның соңғысы ауыстырушы өнімді тұтынушьшардың жабдықтарды алмастыруына, кадрларды қайта оқы-туына тура келетіндігіне және басқа жагдайларға байланысты едәуір қымбатқа түсуі мүмкін. Бұған қоса тұтынушы дәстүрлі сатып алынатын өнімдерді өзгертуге пейілді ме, жоқ па соны да есепке алу қажет.

Жеткізушілер позициясының күші. Ол көп ретте жеткізуші мен сала кәсіпорындары әрекет ететін нарықтың тұрпатымен аныкталады.

Егер бұл жеткізушілер нарығы болса, олар сала кәсіпорындарына өз шарттарын таңатын жағдайда, онда соңғылары өздері нарықта (тұтыну-шылар нарығы) үстем болатын жағдаймен салыстырғанда азырак тиімдіпозицияда болады. Жеткізушілер позициясыньщ күші мынадай фактор-лармен анықталады.

1. Жеткізілетін өнімдер мен үсыньшатын қызметтердің алуан түрлілігі мен жоғары сапасы.

2. Жеткізушілерді ауыстыру мүмкіңцігінің болуы.

3. Түтынушылардың баска жеткізушілердің өнімдерін пайдалануға көшу шығындарының мөлшері бұл жана технологиялар мен жабдықтар-ды пайдалану қажеттілігінен, ұйымдастырушьшық және басқа мәселе-лерді шешумен байланысты.

4. Жеткізушілерден сатып алынатын өнімдер көлемінің ауқымы. Ши-кізат, материалдар, жиынтықтырушы заттар, өндірісті жүргізу үшін бар-лық қажетті дүниелерді үлкен көлемде сатып алу жеткізушілерді ауқым-ды сатып алуларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға көбірек тәуелді етеді.

Сатып алушылар позициясының күші. Ол осының алдындағы жағ-дайдағыдай, көп ретті сала кәсіпорындары мен олардың өнімдерін сатып алушылар әрекет ететін нарықтың тұрпатымен анықталады. Әңгіме тиі-сінше өндірушілер мен сатып алушылар нарықтары турасында болып отыр. Сатып алушылар позициясының күші ең алдымен мынадай фак-торлармен анықталады:

1. Басқа өнімдерді пайдалануға ауысу мүмкіңдігі.

2. Осы ауысумен байланысты шығындар.

3. Сатып алынатын өнімдер көлемі.

Жоғарыда қаралған факторлардың төрт тобы саланың тартымдылығын және онда бизнес жүргізудің реті қалай болатындығын анықтайды. Өйткені бұл факторлар бағаға, шығындарға, инвестицияларға әсер етеді, осы саладағы ұйымның табыстылығы деңгейін анықтайды. Аталған ба-ғыттарда жүргізілген зерттеулер фирмага бәсекелестік «ахуалын», тай-таласу қарқынын және бәсекелесушілердің әрқайсысы ие болып отырған бәсекелестік басымдықтардың түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Саланың өзіндегі бәсекелестік күресті сипаттайтын факторлардың бесінші тобын қарастырайық.

Басым бәсекелестерді айқындау және олардың позицияларынын кү-шін анықтау. Әрбір тауар нарығы үшін неғұрлым қауіпті (басым) бәсеке-лестер сәйкестендірілген болуы тиіс. Басым бәсекелестерді аныктаудагы алғашқы кадам әдетте белгілі бір тұжырымдамаларға сүйеніп жасалады. Бәсекелік күрестегі өзінің рөліне қарай барлық ұйымдарды мынадай төрт топқа бөлуге болады: нарықтық көшбасшы, үміткер, ілесуші және на-рықтық тауашасын тапқан ұйым.


Тағы рефераттар